Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет104/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

جحلا كسانم
Екінші кезеңдегі меккелік сүрелер: 54, 37, 71, 76, 
44, 50, 20, 26, 15, 19, 38, 36, 43, 72, 67, 23, 21, 25, 17, 27, 
18;
Үшінші кезеңдегі меккелік сүрелер: 32, 41, 45, 16, 
30, 11, 14, 12, 40, 28, 39, 29, 31, 42, 10, 34, 35, 7, 46, 6, 13;
Мәдиналік сүрелер: 2, 98, 64, 62, 8, 47, 3, 61, 57, 4, 
65, 59, 33, 63, 24, 58, 22, 48, 66, 60, 110, 49, 9, 5.
Мұхаммед пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) тірі 
кезінде Алла тағаланың сөзі қағаз бетіне түспей, 
ауызша тараған. Алланың сөздерін жатқа білетін 
мұсылмандарды «қари» деп атаған. Алайда, Мұхаммед 
пайғамбар (
с.а.с.
) қайтыс болғаннан кейін қасиетті 
сөздердің жоғалып кету қаупі төнеді. Сондықтан Әбу 
Бәкір халифа Мұхаммед пайғамбардың (
с.а.с.
) хатшысы 
болған Зәид ибн Сәбитке Алла тағаланың сөзін жинап, 
кітап етіп құрастыруды аманаттайды. Үшінші халифа 
Осман тұсында Зәид ибн Сәбит көмекшілерімен бірге 
Құранды төрт дана кітап етіп, жазып шығады. Осман 
халифа төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап, 
Мәдина, Димашық, Куфа, Басра қалаларында сақтауға 
әмір етеді.
Құранды дауыстап оқуға жеңіл болу үшін 30 
бөлімге бөліп оқиды. Бөлімді арабтар «жүз» деп атай-
ды, ал қазақтар арасында бұл ұғым «сипәре» немесе 
«пара» деген сөзбен кең тараған. Сондай-ақ Құран 60 
хизбке (бөлікке) бөлінеді. Бір пара екі хизбтен тұрады. 
Мешітте хизбті оқитын адамды хәззәб деп атайды.
Сонымен, араб тілін білмейтін мұсылмандарға 
Құранды оқу мүмкін болу үшін араб сөздерін қазақ 
тіліндегі әріптерге бейнелеп, транскрипция арқылы 
бердік. Транскрипция арқылы Құранды оқығанда мына 
жайттарға назар аудару керек:


182
Қажылық
1) Негізінен, араб сөздерінің түбірі үш дауыссыз 
әріптерден тұрады. Дауысты дыбыстар созылыңқы және 
қысқа болып келеді. Сондықтан созылыңқы дауысты 
дыбысты оқығанда екпін соған түсу үшін, қосарланған 
әріппен көрсетіледі. Мысалы, «
ар-рахм


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет