Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет103/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

جحلا كسانم
қалармын» деп қорыққан адамның оразасы да харам 
оразаға жатады.
Сонымен ораза ұстаған мұсылман күн шыққанға 
дейін (сахур мезгілінде) соңғы рет ауқаттанып, ауыз 
бекітеді. Ауыз бекіткен адам күні бойы тамақтан 
бас тартады, бос әңгіме құрмайды, дауыс көтеріп 
айғайламайды, балағат сөз айтпайды, ашу шақырмайды. 
Ораза кезінде мұсылман мейірімді болып, қайырымды 
істермен айналысады, садақа береді, Құран кәрімді 
оқып, Алла тағаланың сауабына ие болады. Ораза 
түндері мұсылман елмен бірге мешітке барып, тарауых 
намазын оқиды. 
Қажылық кезінде мешіттің ішінде отырып, Құран 
оқу сауапты іс болып саналады. Алайда, араб әліппесін 
танымайтын мұсылман Алла тағаланың сөзі жазылған 
Құран кәрімді оқи алмайтынын сезініп, қынжылады. 
Сондай мұсылманға көмек болу үшін келесі тарауды 
арнадық. 
 
ҚұрАН оҚу
Құран – мұсылмандардың қасиетті кітабы. 
«Құран» сөзі арабтың «оқу» деген сөзінен шыққан. 
Алла тағаланың сөзі жазылған бұл қасиетті кітапты 
мұсылмандар «Құран кәрим» («Шарапатты Құран»), 
«Китәб кәрим» («Жомарт Кітап»), «Китәб шәриф» 
(«Атақты Кітап»), «Китәбуллаһ» («Алланың Кітабы»), 
«Китәб ғазиз» («Құдіретті Кітап»), «Зикр хәким» 
(«Даналықты еске алу»), «Кәләм шәриф» («Адал сөз»), 
«Мусхәф шәриф» («Қасиетті Қолжазба») деп атайды.
Құран 114 сүреден тұрады. Кітапта сүрелер 
көлеміне қарай орналасқан. Құран жеті аяттан тұратын 
«Фатиха» («Кітапты ашушы») сүресінен басталады. Бұл 


180
Қажылық
сүрені «Уммул-китәб» («Кітаптың анасы») деп те атай-
ды. «Фатиха» сүресінде Исламның негізгі қағидалары 
айтылған. «Фатиханы» оқып болған соң «әмин» деп 
қайырады. 
Барлық 
сүрелер 
«
бисмиллаһир-рахманир-
рахиим
» деп басталады. Алайда, бұл дәстүр 9-сүреде 
сақталмаған, өйткені ол алғашқысында 8-сүренің 
жалғасы болған.
Сүрелер аяттардан тұрады. Құрандағы ең ұзақ сүре 
- 2-сүре, онда 286 аят бар. Ал ең қысқа сүрелерге 103-
ші, 108-ші, 110-шы сүрелер жатады, оларда не бәрі үш 
аяттан бар. Аят - бұл сөз, не сөз тіркесі немесе сөйлем. 
Аятта 1-ден 68-ге дейін сөз бар. Әртүрлі жолмен есеп-
теуге байланысты Құранда 6204-тен 6236-ға дейін аят 
бар. Бұл қасиетті кітапта Алла тағаланың 77 мың 934 
сөзі жазылған.
Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) алғаш рет Алланың 
сөзін Рамазан айында естіген, сондықтан мұсылмандар 
осы мүбәрак айында ораза ұстауды парыз санайды.
Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға (
с.а.с.
) қасиетті 
сөздерді біртіндеп жіберіп отырған. Пайғамбарымыз 
Алланың сөзін алдымен Меккеде, одан кейін Мәдинада 
Жәбірейіл періште арқылы естіп, өз қауымына 
жариялаған. Осыған байланысты Құранның сүрелері 
меккелік және мәдиналық болып екіге бөлінеді. 
Меккелік сүрелердің саны - 90, ал мәдиналық сүрелердің 
саны - 24. Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) Алла тағаладан 
Құрандағы 114 сүрені мына тәртіппен қабыл алған: 
Бірінші кезеңдегі меккелік сүрелер: 96, 74, 111, 106, 
108, 104, 107, 102, 105, 92, 90, 94 93, 97, 86, 91, 80, 68, 87, 
95, 103, 85, 73, 101, 99, 82 81, 53, 84, 100, 79, 77, 78, 88, 89, 
75, 83, 69, 51, 52 56, 70, 55, 112, 109, 113, 114, 1;


181


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет