Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет101/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

جحلا كسانم
лады. Пітір зекетін кез келген мүсәпір, тақыр кедей 
мұсылманға береді.
Байлықтан алынатын зекеттің мөлшерін «нысаб» 
дейді. Алтын мен күмістен алынатын нысаб тек қана 
асыл тастарға қатысты емес, сол сияқты ол бағалы 
қағаздарға, ақшаға да қатысты. Алтын мен күміс 
құнының 2,5 пайызы зекет мөлшері - нысаб болып са-
налады.
Егін өнімдерінен алынатын зекет әр елде әртүрлі. 
Мысалы, Мағриб елінде жиырмаға жуық дәнді-
дақылдардан зекет алынады. Олар: бидай, арпа, 
сәлт (қабығы жоқ арпа), тары, темекі, күріш, бұршақ 
тұқымдастардың жеті түрі - (хуммус) түрік бұршағы, 
полба (Арабияда өсетін бір қауыздың ішінде екі дәні 
бар бидайдың түрі), ірі бұршақ, үрме бұршақ, қасқыр 
бұршақ, шабындықта өсетін ұсақ бұршақ, бәсила (жас 
бұршақ). Сонымен қатар төрт түрлі майлы өсімдік: 
зәйтүн, күнжіт, жабайы запыран, қызыл шалғам және 
жемістің екі түрі: құрма мен жүзім.
Мұхаммед пайғамбарымыз (
с.а.с.
) «егін өнімдері-
нен зекет алғанда әрбір дәнді, әрбір жемісті өлшеудің 
қажеті жоқ, олардың салмағы бес уасыққа жетсе бол-
ды» деген екен. Уасық – сусымалы денелердің салмақ 
өлшемі, ол алпыс сағадан тұрады. Бір сағада төрт мүдд 
бар, ал бір мүдд 18,7 литрге тең.
Сонда бес уасық дегеніміз 4500 литр (кг). Міне, 
егін өнімдерінің әрбір 4500 кг-нан зекет беру керек. 
Зекет мөлшері, яғни нысаб екі жағдайға байланысты 
болады: 
Егер егін өнімдері жауын, бұлақ, өзен суларымен 
қоректеніп өссе, онда бұл өнімнің оннан бір бөлігі зе-


176
Қажылық
кет мөлшері болып саналады. Сонда әрбір 4500 кг-ның 
450 кг-ын нысабқа береді. 
Ал егер егін өнімдері шелекпен, не су диірмені 
арқылы суландырылса, онда оның жиырмадан бір 
бөлігі нысабқа жатады.
Малдан алынатын зекет түйе, сиыр, қой, үй жан-
уарларына байланысты. Түйеден алынатын зекет 
мөлшері мынадай:
5 түйеге бір қозы, 10 түйеге екі қозы, 15 түйеге үш 
қозы, 20 түйеге төрт қозы, 24 түйеге де төрт қозы да, ал 
25 түйеге нар бота береді.
Екі жылда 36 түйеге сүт бота берсе, төрт жылда 
46 түйеге қарабайыр түйе береді. Бес жылда 61 түйеге 
тайлақ, екі жылда 76 түйеге екі сүт бота береді. 
Әрбір төрт жылда 91 түйеге екі қарабайыр түйе, 
121 түйеге екі қарабайыр түйе немесе үш сүт бота, 129 
түйеге де екі қарабайыр түйе немесе үш сүт бота, ал 130 
түйеге екі сүт бота мен бір қарабайыр түйе, 140 түйеге 
екі қарабайыр түйе мен бір сүт бота, 150 түйеге үш 
қарабайыр түйе, 160 түйеге төрт сүт бота, 200 түйеге 
төрт қарабайыр түйе немесе бес сүт ботаны береді.
Егер мұсылманның 29 сиыры бар болса, онда ол 
зекет бермейді. Ал 30 сиыры болса, онда ол екі жылда 
бір бұзау, төртінші жылдан бастап әрбір 40 сиырға бір 
сиыр, 60 сиырға екі бұзау, 70 сиырға сиыр мен бұзау, 80 
сиырға екі сиыр, 90 сиырға үш бұзау береді.
39 қойға дейін зекет алынбайды. Жыл сайын 40 
қойдан 120 қойға дейін бір қой, 121 қойдан 200 қойға 
дейін екі қой, 201 қойдан 399 қойға дейін үш қой, 400 
қойға төрт қой, 500 қойға бес қой зекет мөлшері алы-
нады.


177


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет