168
Қажылық
ғамбарларды сайлаған.
Жаратқан Иеміз адамдарға
қанша пайғамбар жібергенін бір Алла тағаланың өзі
біледі. Кейбір деректерге қарағанда 124 мың
пайғамбар
болған көрінеді. Пайғамбар –
парсының сөзі, араб-
тар оны рәсүл не нәби деп айтады. Рәсүл – дегеніміз
Жәбірейіл періште арқылы
Алла тағаланың қасиетті
жазуын алған елші-пайғамбар, нәби дегеніміз – Алла
тағаланың сөзін естіген пайғамбар. Мұсылмандар
Адам ата, Нұх, Ибраһим, Исмайыл, Исхақ, Жақып,
Айуб, Жүніс, Сүлеймен, Дауд, Салық, Лұт, Һуд,
Шұғайыб, Ілияс,
Жүсіп, Идрис, Зәкәрия, Жақия,
Мұса, Иса, Мұхаммед (
ғаләйһим ас-салат уә сәлләм
)
пайғамбарлардың есімдерін қадір тұтады. Міне, осы
пайғамбарлардың болғанына иман келтіру керек.