Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет94/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

Мағынасы:
Ассаламу ғаләйкум, Алланың нұры жауған Осман 
бин Ғаффан!
Елді адал билеген халифалардың үшіншісі! Саған 
тыныштық тілеймін. 
Әскерді өз қаражатымен, мал-мүлкімен жабдық-
таушы! Саған сәлем бердім. 
Сен Құранды жинақтап, түптедің. 
Алла сені Пайғамбарының үмбетімен марапатта-
ды. Бұл марапаттаудың ең жақсысы.
Я, Алла! Оған ризашылығыңды көрсет, дәрежесін 
өсір, мәртебесін биік қыл.
Жомарттығыңмен, мейіріміңмен оның сауабын 
көбейт. Әмин.
Одан кейін мұсылман Мәдина шаһарының тари-
хи жерлерімен танысып, ой-өрісін кеңейтеді. Әсіресе, 
Ислам тарихындағы алғашқы мешіт болып санала-


161
جحلا كسانم
тын Құбба мешітіне бару сауапты іс болып табылады, 
өйткені Құран кәрімде «Бірінші күннен құлшылық ету 
үшін салынған мешітте намаз оқу – абзал» деген аят 
бар. Оның үстіне Мұхаммед пайғамбарымыз «Кімде-
кім дәрет алып, Құбба мешітіне намаз оқуға келсе, 
онда оның сауабы ұмра жасағанмен бірдей болады» де-
ген екен.
Құран кәрімде айтылған тағы бір мешіт 
«Қиблатайни» («Қос құбыла») мешіт. Бұл жерде аспанға 
қарап намаз оқып отырған Мұхаммед пайғамбарымызға 
(
с.а.с.
) Алла тағала жүзін құбылаға бұруға әмір берген.
Қиблатайн мешіті
Құбба мешіті


162
Қажылық
ұмрА
Ұмра – кіші қажылық. Ұмра – жылдың кез кел-
ген уақытында Меккеге барып, сүбхана Алла тағалаға 
құлшылық етіп, қажылық жасау. Ұмра – қажылық 
секілді мұсылманның парызына жатпайды, бірақ ұмра 
жасаған мұсылман сауапқа ие болады, сондықтан 
ұмраны сүннетке жатқызады.
Ұмра – үш әркәннан (бөлімнен) тұрады: ихрам, 
тауаф, сағи.
Ихрам – қасиетті жерге аяқ басып, ақ киім киіп, 
сүбхана Алла тағалаға құлшылық ететін хал-күй 
екені баршамызға мәлім. Енді ихрамның үш түріне 
тоқталайық:
Ифрад – қажылық кезіндегі ихрам хал-күйіне 
түсу.
Қиран, оның екі жағдайы бар:
а) Ұмра мен қажылықты бірге жасауға ниет етіп, 
ихрам хал-күйіне түсу. 
ә) Алдымен ұмра жасау үшін ихрам хал-күйіне 
түседі, сосын оны қажылық жасауға ниет етіп 
жалғастырады.
3) Таматтұғ – қажылық айларына дейін ұмра жа-
сау үшін ихрам хал-күйіне түсу.


163


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет