Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
315
рыс айтқан бұл ұсыныс бүгінгі күн талабына қатты
үндесіп жатқандықтан үзінді келтірелік:
«Газета, ж урналдары м ы зда көбінесе «ұғлы,
баласы, қызы» дегеннің орнына «ов, ова» жазы-
лады. Бұл қазақ тілінде болмаған себепті, құлаққа
тіпті, ерсі естіледі. «Ов, ев, ин, ова»-лар
жалғыз-
ақ орыс халқында бар деп айтуға болады, басқа
Еуропа халықтарында жоқ, бізден өзге патшалы
мұсылмандарда да жоқ. Бұларды орыстан көріп
еліктеуіміз орынсыз,
басқа жұрттың сөздерінің
құйрығын әкеліп өз сөзімізге тағудың қанша қажеті
бар?..» - деген сауал қойды. Осыған орай, газет
басқармасы атынан Ахмет Байтұрсынұлының пікірі
жарияланды: «...біз Ыдырыс мырзаның бұл пікірін
мақұл көреміз,
- деп бастайды Ахаң, - мұны елеусіз
тастамасқа ықтиһад етерміз. Бұл туралы айтарлық
бірер сөз бар. Біздің қазақ фамилия орнына өз әке-
сін атаса, «ов», «ин», «ова», «ина» орнына «ұғлы,
қызы» деп жазуда ыңғайсыздық жоқ, «Ыдырыс Ора-
залыұғлы» деген секілді. Ап жұрттың көбі фамилия
орнына үлкен әкесінің я бабасының атын жазады.
Мысалы, «Әлихан Нұрмұхамедұғлы Бөкейханов»
деген секілді. Мұндайда «Нұрмұхамедұғлы» деу
ыңғайлы болса да, «Бөкейханұғлы» деп атасының
ұлы қылып жазудың реті келмесе керек. «Әлихан
Бөкейхан» делінсе, ретке келіңкірер еді. «Бөкейхан»
деген руын атағандай болар еді, «Атығай, Қарауыл,
Айдабол, Қаракесек» деген секілді. Қазақтың руы-
ның өзі орыстың фамилиясына тура келеді ғой.
Енді бір әйел атын алайық: «Нәзифа Сағызбайқызы
Құлжанова» дегенде «Құлжан» деуіміз һәм «Нұрғали
Құлжанов» дегенде де «Құлжан» деуіміздің, яғни