А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет96/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   153
Байланысты:
S4

 
11.7 Қышқылдық катализ 
 
Қышқылдардың катализі мұнай өңдеу өндірістерінде кең қолданылады. 
Қышқылдардың катализдік әсері, олардың көмірсутектермен әрекеттесіп 


157 
карбоний-ион
немесе 
карбкатион
деп аталатын катион түзуіне негізделген. 
Карбкатионның түзілуі протонның қышқылдан қанықпаған көмірсутегіге
ауысуына байланысты: 
Льюис қышқылдары да электрон жұбының акцепторы бола алады, 
сондықтан карбоний ионы қатысында жүретін реакцияны қоздыруы мүмкін. 
Карбкатиондар – реакцияға өте қабілетті қосылыстар. Ионды
реакциялардың жылдамдық тұрақтылары сәйкес радикалды реакциялардан 
бірнеше ретке жоғары болады. Карбкатиондардың салыстырмалы 
тұрақтылығын олардың түзілу жылуына қарап білуге болады (кДж/моль): 
1097 
883 
955 
812 
917 
737 
833 
812 
Осы берілген мәндерге сүйеніп карбкатиондардың тұрақтылығын мына 
қатардан көруге болады: біріншілік < екіншілік < үшіншілік. 
Карбкатиондардың 
негізгі реакцияларына – β-ереже бойынша 
мономолекулалы ыдырау және бимолекулалы орынбасу мен қосылу жатады. 
Карбкатиондардың радикалдардан ерекшелігі – олардың изомерленуге 
қабілеттілігі. 
11.7.1. Карбкатиондардың реакциясы 
 
Изомерлену
. Карбкатиондардың изомерленуі гидрид-ионның және 
метиланионның ығысуы нәтижесінде жүреді: 
 
 
Мұндай орын алмастырулар біріншілік карбоний ионынан екіншілікке, 
әрі қарай үшіншілікке өткен сайын тез жүреді. 
β – Ереже бойынша ыдырау
. Карбкатиондардың ыдырауы ең әлсіз
β-С–С байланыс бойында жүреді. Реакция эндотермиялық: 


158 
 
Иондардың 
ыдырауға 
бейімділігі 
біріншіліктен 
екіншілікке, 
екіншіліктен үшіншілікке өткенде төмендейді. Мысалы, біріншілік 
октилкатионның ыдырауы үшін 92 кДж/моль, ал екіншілік октилкатионның 
ыдырауына 176 кДж/моль энергия қажет болады. 
Нәтижесінде екіншілік ион түзілетін болса ыдырауға бейімділік
жоғарылайды, ал үшіншілік ионның түзілуі, одан әрі тиімді: 
Карбкатиондардың ыдырауы мен изомерленуінің энергетикасын 
салыстыра келіп, көп жағдайда изомерлену ыдыраудан бұрын болуы тиіс 
екендігі көрінеді. Үшіншілік карбкатиондардың түзілуге бейімділігі және 
олардың тұрақтылығы көміртегі атомдары көп тармақталмаған алкилді 
карбкатиондардың ыдырауы барысында изоқұрылымдардың жинақталуына 
әкеледі. 
 
Карбкатиондардың алкенге және арендерге қосылуы.
Бұл реакция 
карбкатиондардың ыдырауына кері реакция. 
Сондықтан жылу эффектілерінің өзгеріс сипаты ыдырау реакцияларына 
қарама-қарсы болады.
Көршілес көміртегі атомының протоннан айырылуы және протонды 
алкен молекуласына беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет