63
хлеба-соли откушать, заморских вин испробовать
» [96]
(
«Жар-птица и
Василиса- царевна» ертегісі
).
(«Синдбад теңізші» ертегісі)
ميسنلاوِروهزلاِةحئاربِةليمجلاِةقيدحلاِنمِذيذللاِبابكلاوِماعطلاِرشتني
[107]
Гүлдің жұпары аңқыған, самал жел соққан әдемі бақ ішінен дәмді тағамдар
мен кәуап иісі шығып тұрды.
Қиял-ғажайып ертегілерінде қолданылатын тілдік бірліктер халық қиялы
мен халық тұрмысының тұтас бір бейнесін құрайды. Көркем эпитеттер
батырлықты, батырдың керемет күшін, әділдікке деген сенімін, т.б. беру үшін
пайдаланылады. Қазақты да, орысты да, арабты да немесе әлемде өмір сүретін
кез келген ұлтты қоршаған табиғат біреу, біз бәріміз бір аспанның астында өмір
сүреміз, бір күн бәрімізге жарқырап шығып,
қызарып ұясына батады, түнде
аспанымызда бір жұлдыздар жымыңдайды, бірақ әр ұлт дүниені өзінше таниды,
өзінше бағалайды. Табиғаттағы ұқсастық пен ортақтық белгілер адам
санасында ассоциациялардың пайда болуына негіз болады, адам бір нәрсені
екінші бір заттың ұқсастығымен байланыстырып, есте сақтайды, одан әрі тілде
мағынаның ауысуы, метафоралар пайда болады. Бұл туралы Ж.А. Манкеева
былай деп тұжырымдайды: «Табиғат
көрінісіне, жағдайына икемделу –
адамның негізгі қасиеті. Жүздеген, иә, мыңдаған жылдар бойы жалғасатын бұл
икемделу тек материалдық өндіріспен ғана байланысты емес, ол адамдардың
ой-өрісіне де әсер етті. Этнос пен табиғатты біртұтас ұғым деп қарау әсіресе
көшпенділер мәдениетін, психологиясын түсіну үшін ерекше маңызды. Себебі,
олар көбінесе осы екі ұғымның (этнос пен табиғат) нәтижелік көрінісі»[108].
Батырды сипаттау үшін тілдік метафоралар, троптың түрлері («
Достарыңызбен бөлісу: