елш ісіне риза болып, көңілі толған Византия императоры 568 жылы бұл ілтипатқа ілтипатпен жауап қатып, киликилік Земархты түркілерге елшілікке жібереді. Византияның елшісін Істеми хан да өте жылы қабылдап, ыстық ықылас білдіріп, сенім артып, Иранға қарай қозғалған әскерді бірге бастап баруға шақырады. Хосроу соғысуды қаламайды, сондықтан да Талас өзенінің маңындағы жазық далада түркілердің қолын парсы елшілігі күтіп түрады. Сарбаздар сол жерде аялдап, тыныс алады. Думан құрып, сауық- сайран салады. Осы думанда Істеми хан Византия елшісі Земархты парсы шахтарынан жоғары қойып, әдейі торге отырғызады. Ж әне оларды көпе- көрінеу сынап-мінеп, өзінің артықшылығын сездірген-ді. Қадірсіз қонак болған парсы елшілері Иранға соғыстың жақын қалғандығы туралы хабар әкеледі. Парсылар өздерінің өткен тарихын мақтаныш тұтатынын Істеми жақсы білетін. Ахманидтер дәуірінде аға Кирдің, содан соң, әсіресе Вави лон мен Мидияның күлінен Парсы империясын түрғызған кіші К ирдің атағы жер жарған болатын. Оны Істеми қаған жақсы түсінді. Бірақ бұл да ұлы даланың төсінде салтанат құрған батыр бабаларын мақтаныш түта ала- тын. Бір кездері екі өзен аралығында бой көтеріп тұрған Мидия мемлекетін парсылар да әлі ұмыта қойған жоқ-ты. Ол кезде Персия дегеніңіз соның бір ғана провинциясы болатын. Мидияның даңқын аспанға көтеріп, патшасы- ның абырой-атағын арттырған сақтың үланы М әді мен оның сарбаздары еді. Бірақ қызғаншақ патша М әдінің абыройының артқанын көре алмай, оны жат жүртта қалдырды. Сөйтіп, қайран дарынды қолбасшы іштарлықтың Ұлы Тұранның Ү лдары 15
құрбанына айналды. Содан соң оның ұлы Спаргапис сақтардың көсемі бол-