Топырақтың майда, бытыранды катиондар алмастыра алатын бӛлігін
топырақтың сіңіргіштік кешені деп атайды және минералдық (шаң, тозаң),
органикалық қарашірінді мен химиялық қосындылардан қҧралады. Сондықтан
оны кешенді (жинақты) деп атайды. Ал сіңіргіш деп коллоидті бӛлшектердің
сыртқы энергиясымен ерітіндіден иондарды сіңіре алатын қабілетін айтады.
Топырақтардың сіңіргіштігі әр мӛлшерлі: топырақ неғҧрлым балшықты,
қҧмбалшықты және онда қарашіріндісі кӛп болса, соғҧрлым
оның сіңіру
қабілеті жоғары, ал қарашіріндісі аз қҧм топырақтың сіңіру қабілеті тӛмен
болады. Топырақтың сіңіре алатын жалпы катиондар жиынтығын сіңіру сиымы
деп атайды. Оның мӛлшерін кальций катионының миллиэквивалеттімен
бейнелейді. Алмаспалы сіңірілген негіздерге Ca, Мg, Na, H, K және NH
4,
Fe, Al
катиондары жатады. Қҧрамында сіңірілген металл катиондары бар
топырақтарды
негіздерге қанық, ал қҧрамында Н және Al катиондары бар
топырақтарды негіздерге тапшы топырақтар деп атайды.
Сіңірілген катиондар топырақ қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Кальций
катионы қара топырақтарда жақсы су, ауа және қорек режимін
қалыптастырады, берік тҥйіртпектілік, бейтарап орта (РН-7) жасайды. Сіңіру
кешенінде Н катионы басым кҥлгін топырақтар тҥй-іртпексіз болады,
оларға
нашар су, ауа және қорек режимі мен қышқыл орта реакциясы тән. Ал
сіңірілген натрий катионы басым топырақтардың су, ауа және қорек режимі
ӛте нашар, олар тҥйіртпексіз болады, сондықтан су
тисе соңғысы батпаққа
айналады, кепсе тас болып қатады да, ӛңдеуге қарамайды, топырақ ерітіндісінің
ортасы ӛте сілтілі болады (РН-8,9).
Топырақтың физика – химиялық немесе алмаспалы сіңіру қабілетінің
маңызы зор. Сол арқылы топырақтарда ӛсімдіктердің қоректік заттары
(элементтер) берік ҧсталады. Екіншіден минералдық тыңайтқыштарды қолдану
топырақтың алмаспалы сіңіру
қабілетінен басқа механикалық, физикалық,
химиялық сіңіру қабілеттерін бӛлген.
Механикалық сіңіру
қабілеті деп
– топырақтың басқа қуысты денелер
сияқты, ӛзінен ӛткен лай, қҧм т.б. қатты заттарды ӛткізбей ҧстап қалатындығын
айтады. Бҧл қабілет топырақтың механикалық қҧрамына, тҥйіртпектілігіне
байланысты. Балшық, қҧм балшық, тҥйіртпекті
топырақтардың механикалық
сіңіру қабілеті қҧм, қҧмайт топырақтарға қарағанда жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: