С. В. Кожанова Жалпы иммунология


МНС I КЛАСС АНТИГЕНДЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет17/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

МНС I КЛАСС АНТИГЕНДЕРІНІҢ 
ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
МНС I класс гендері
трансплантациялык антигендердін синтезін 
кодтаушы А, В және С локустарына бөлінеді. МНС I класс антигендері 
барлык ядролы жасушаларда экспрессияланған, соның ішінде, Т-лим- 
фоциттерде және олар «өзінікін» тануда ең маңызды кызмет аткарады, 
өйткені Т-киллер антигендік детерминанталарды тек МНС I класс 
антигендерімен косып таниды.
МНС жүйесінің I класс антигендері — екі ковалентсіз байланыскан 
полипептидті тізбектен тұратын полипептидтер болып келеді; олардын 
бір тізбегі — ауыр, полиморфты, молекулалық деңгейі 45 кД МНС 
жүйенін гендерімен кодталған трансмембраналык гликопротеидке жа- 
тады; екінші тізбегі — хромосоманың 15 жүбының жалғыз локусымен 
кодталған, молекулалык деңгейі 12 кД тұрақты 3-микроглобулин деп 
аталатын жеңіл тізбекке жатады.
Ауыр тізбектің жасуша сыртқы домендері антигендік пептидті байла- 
ныстыратын антиген байланыстырушы саңылау құрады. Нәтижесінде 
С 08+ цитотоксикалык Т-лимфоциттер танитын иммуногенді кешен 
құрылады. МНС I класс нәруыздары 8-10 амин кышкылдарының


44
I Бөлім. Иммундық жүйе. Жалпы сипаттамасы
калдығынан тұратын пептидтердін екі ұшын байланыстырады. Егер 
пептидтін калдыктар саны айтылғаннан асатын болса, ол саңылаудан 
арка кұрып, түсіп орналасады.
МНС II ЖӘНЕ III КЛАСС АНТИГЕНДЕРІНІҢ 
ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
МНС II класс гендеріне
0 0 , ОР. ІЖ-локустарының гендері кіреді. 
Ол гендердің арасында иммундык жауаптын гендері (иммунды 
жауаптык және иммунды супрессиялык — 1г және І8-гендер), онын 
күшін реттейтін гендер жатады. МНС II класс антигендері көбірек 
В-лимфоциттерде, макрофагтарда, дендритті және Лангерганс жа- 
сушаларында, тағы баска белсендірілген Т-лимфоциттерде, телімді 
эпителиоциттерде, т.б. жасушаларда орналаскан. Иммунды хабарлы 
жасушалардын жасушааралык байланыстағы маңызды рөлінен баска, 
МНС II класс антигендері антигенді таныстыруда және иммунды жау- 
ап туындауында маңызды рөл аткарады, бұл кезде МНС II класс моле- 
кулаларымен бірге таныстырылатын бөгде антиген тек Т-хелпер субпо- 
пуляциясымен танылады.
НЬА II класс антигендері ковалентсіз байланыскан молекулалык 
денгейлері 34 және 28 кД трансмембраналык гликопротеидтен кұралған 
(а және Р-тізбектер) полипептидтерге жатады. Олар жасушаішілік 
молекулалык деңгейі 30 кД тұратын трансмембраналык гликопротеид- 
пен байланыскан.
Антитеннің пептидтерін байланыстыратын екі ұшы ашык антиген 
байланыстырушы саңылауларын полипептидті тізбектердін а және 
(3-домендері кұрады. МНС II класының нәруыздарының антигенбай-
Гаплотиптер
АЗ 
В8
і 
і 
Ш А - АЗ В8 
Генотип
Н1_А -А 2,3; В5,8
Н ІА -А 2 В5
3.3-сурет. НЕА-антигендердін тұкымкуалауынын кодоминанттылығы


З-Тарау. Негізгі гистосәйкестік кешен
45
ланыстырушы санылауларынын стереохимиялык кұрылысы ұзынырак 
12-25 амин кышкылды калдыктарын байланыстыруға мүмкіншілік 
береді; пептидтін ұштары саңылаудын шетінен шығып тұруы мүмкін.
I және II класс МНС-молекулалары кұрылысынын сызбасы 3.4-су- 
ретте көрсетілген (түрлі түсті жапсырманы караныз).
НЬА III класс
антигендерге комплемент жүйесінін нәруыздары 
(С2, С4 — комплементтін компоненттері), ВГ — пропердин жүйесінің 
В-факторы, т.б. жатады.
С2 мен пропердиндік фактор — молекулалык денгейі 100 және 90 кД 
тұратын протеиндердін бірлікті пептидтік тізбектері болып келеді.
С4 — дисульфидтік көпірмен байланыскан үш тізбектен тұрады: 
95 кД-к а тізбек, 75 кД-к |3-тізбек және 30 кД-к ү-тізбек. Толык моле- 
куланын денгейі 200 кД-ға тен.
XX ғасырдың 60-жылдарында иммунды жауаптың гистосәйкестік 
антигендерімен байланыскан генетикалык рестрикция феномені 
ашылған. Оның негізі бойынша, Т-хелперлер бөгде антигенді тек өз 
организмінің НЬА II класс антигендерімен кешен түрінде ғана тануына 
кабілеті бар екені аныкталған.
С 0 8 +-цитотоксикалыкТ-лимфоциттер субпопуляциялары антиген- 
дік пептидті тек сәйкесті НЬА I класс антигендерімен қосып таниды.
Қазіргі кезде процессинг пен МНС молекулаларымен антиген 
косьшуының әр түрлі механизмдері зерттелген: эндогенді пептидтер 
МНС I класс молекулалар кұрамына, ал экзогенді — МНС II класс 
молекулалар кұрамына тұрақтайды; эндогенді және экзогенді айкаса- 
әрекеттесетін антиген таныстыру; эндосомалардан тыс экзогенді 
нәруыздардың цитозольге өтуі т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет