Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет45/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Интерпретация
әдебиеттанудағы күрделі, әрі әлі де болса жан-жақты зерттей түсуді 
қажет ететін мәселелердің бірі. Көркем шығарманы оқығанда әр оқырман интерпретатор ретінде 
танылатындықтан интерпретация мен талдаудың ара-жігін ашып көрсеткен зерттеулер көп емес. 
Көркем шығармаға талдау жасай алу үшін де ол шығарманы қабылдап, түсіну керек. Ал, 
интерпретация дәл осы қабылдау, зердеге түйіп, түсіну деген ұғымдарды көздейді. Интерпретация 
латынның «Interpretatio – делдалдық (посредничество)» деген ұғымынан тарайды. Яғни, көркем 
шығарманы қабылдау, түсіну мен талқылау, ой қорыту, шығармашық өңдеуден өткізу. Ғылыми 
әдебиеттануда интерпретацияның орны ерекше. Ол ғылым мен көркем шығарманы табиғи 
қабылдаудың арақатынасынан жүйелеп, қарапайым оқырман мен кәсіби әдебиеттанушы маманның 
ойлауы мен қабылдауын салыстырады. Сол арқылы оқырманның көркем шығармаға деген 
көзқарасын ғылыми деңгейге жетелейді. 
Әдебиеттануда интерпретация көркем шығарманың тұтастай мағынасын, мазмұнын, оның 
идеясын, концепциясын тану, түсіну, зерделеу болып табылады. 
Оның бірнеше түрлері бар:
1. 
Алғашқы, оқырмандық интерпретация адамның шығарманы оқып шыққаннан кейінгі алғашқы 
әсеріне, көңіл-күйіне, сезіміне негізделеді. 2. Ғылыми интерпретация. Әдебиеттанушы оқырман 
ретіндегі алғашқы әсерін ғылыми негізде жинақтап, нақтылап, әдеби талдаумен тексереді. 3. 
Шығармашылық-образдық интерпретация әдеби шығарманы көркемөнердің басқа түріне көшіру 
(мысалы, әдеби шығарма негізінде көркем фильм түсіру, сахналық қойылым, опера немесе балет 
жасау т.т.), – дейді зерттеуші ғалым Қ.Т. Жанұзақова.Демек, ең алдымен шығарма оқырман 
тарапынан қабылданып, шығарманың шынайы мәнін, терең қабаттарын түсіну үшін интерпретация 
жасалады. Ғылыми интерпретация автордың айтар ойын, мәтіннің мағынасын, тереңде жатқан 
астарлы ойын зерделеуде зерттеушілердің сыни пікірлері мен пікірталастары арқылы туындайды. 
Осы интерпретациялардың шыңы – шығармашылық интерпретация. Автордың айтор ойын 
қабылдап, зерттеушілер пікірлерін зерделей отырып, шығарманың сырын ұғып, өз жүрегіңнен 
өткізіп өзге бір өнер туындысына айтналдыру. Мүлде бөлек тың дүние жасап шығару. В.В. Гетьман 
интерпретацияның «базалық құралымы» ретінде төмендегі негіздемелерді ұсынады:
 

«Интерпретация тілдің және сөйлеудің құралымына, контекстер мен жағдаяттарға, 
қарымқатынас ережесіне, тілдік қарым-қатынас шеңберінен тыс дәйектемелерге сүйеніп 
жасалады»;

«Интерпретация үшін мәтіннің немесе пікірдің мағынасы туралы болжамдарды ескеру және 
тексеріп отыру маңызды»; 

«Интерпретация үшін жеке тұлғалық және тұлғааралық қатынастар маңызды», яғни мәтін 
авторы мен интерпретатор арасындағы байланыс, мүмкін бола тіпті бір мәтіннің бірнеше 
интерпретаторлары арасындағы байланысты анықтап отырған жөн.

«Интерпретация ажырамас үш компоненттің басын біріктіріп жатуы тиіс: автор және оның ішкі 
әлемі – мәтін – оқырман-интерпретатор және оның өз ішкі әлемі туралы түсінігі. Осы үштік одақ 
адекватты интерпретацияның қалыптасуының кепілі бола алады. Осылайша мәтін 
интерпретациясы бір жағынан оқырманның өз ішкі әлемі мен екінші жағынан «автордың 
жиынтық әлемінен» түзілген «әлемнің менталды моделін» құрауы тиіс. 
Жалпы мағынада аргументация - бұл ақпаратты қабылдаушыны, қаралатын мәліметтердің 
дәйектілігі мен сәйкессіздігіне сендірудің интеллектуалды қызметінің түрі деп айта аламыз. 
Мәлімдемені түсінікті логикалық жағынан сенімді болу үшін - оның нені негізге алғанын, 
қалай алынғанын, яғни басқа мәлімдемелерден алынғанын көрсетеміз. Сондықтан біз оның 
логикалық ерекшеліктерін көрсететін дәлелдеудің екінші, тар анықтамасын бере аламыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет