Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет115/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Литература
1. Ожегов С.И. Лексикология // Лексикография // Культура речи. М.: «Высшая школа», 
1974. 36 с. 
2. Колесникова С.М. Современный русский язык. Том 1. Фонетика. Орфография. 
Лексикология. Словообразование. – Москва: Юрайт, 2017. С. 188-192. 
3. Нарожная В.Д. Историческая грамматика русского языка // Курс лекций. Шымкент, 
2012.
ӘОЖ 821.512.122
«ОҒЫЗ ҚАҒАН» ЖЫРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МОТИВТЕР 
Знайдин А.Г.
– 117-38 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Алтынбеков Қ.С.
– ф.ғ.к., аға оқытушы, ОҚМПУ, 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме 
В 
данной
 статье рассматриваются 
связи эпической поэтической поэзии «Огуз каган» 
с фольклором и особенности использования в ней фольклорных мотивов и мифов. 
«Оғыз қаған» жыры, яғни «Оғызнама» – кітаби эпосынының фольклормен 
байланысы бір қыры фольклорлық мотивтердің, мифтердің қолданысынан 
айқын байқалады. «Оғыз-наме» эпосының фольклорлық арқауының негізін 
көне космогониялық мифтердің, тәңірлік сенім мен тотемдік, культтік 
ұғымдардың кеңінен көрінуімен дәлелдеуге болады. Бұл эпостың, әсіресе, 
«Оғыз қағанның тууы мен балалық шағы баяны» атты тарауда көрініс тапқан. 


224 
Халық өзінің эпикалық шығармаларында қаһармандарының образын 
әсірелей сомдайтындығы белгілі. Ол үшін әр түрлі мотивтерді пайдаланған. Бұл 
мотивтер халықтың көне мифологиялық наным-сенімдеріне негізделген. 
Әсіресе, Орта Азия елдері мен қазақ халқының эпикалық дәстүрінде ғажайып 
туу мотиві кеңінен орын алған. Бұл мотив эпостың сюжетін көркейте түсетін 
құралға айналған. 
Миф – қазақ фольклорында өзіндік орны бар көне жанр. Мифсіз халық 
жоқ. Миф көне дәуірлердегі адамдардың наным-сенімдерін білдіреді. 
Мифтік бастаулардың бірі – фольклорлық эпикалық туындыларда жиі 
қолданалатын ғажайып туу мотиві «Оғыз қаған» жырында да орын алады. 
Фольклорлық эпикалық жанрлар құрамындағы ерекше жағдайда жаратылу 
сюжетінің жасалу жолдары қоғам өміріндегі салт-дәстүрмен, әдет-ғұрыптармен 
біте қайнасып жатыр. Осы ерекшеліктер «Оғызнама» кітаби эпосына да тән. 
Ғажайып туу мотивінің түркі халықтарының феодалдық дәуірде пайда 
болған эпикалық шығармаларындағы типологиялық сипатын В.М.Жирмунский
«Тюркский геройческий эпос» атты еңбегінде қарастырған [1, 5-б.]. 
Ғажайып туу мотивінің мифтен бастап, кейінгі дәуірде туған фольклорлық
жанрларға дейінгі даму жолы біркелкі емес. Ғажайып туу мотиві адамзат 
тарихының әр кезеңдеріне сәйкес әрбір фольклорлық жанрдың ерекшелігі, 
дамуына орай, шығарма идеясына орай түрленіп, бұл мотивке әр кезеңде 
айтушылардың дүниетанымына сәйкес өзгерістер енгізіп отырған. 
Фольклортанушы белгілі ғалым өзінің В.Я.Пропп «Фольклор и 
действительность» атты еңбегінде бүкіл дүниежүзі фольклорының ең көне 
жанрларында пайда болған ғажайып туу мотивінің пайда болу принциптерін 
ертегі 
наным-сенімдермен, 
культтік, 
рәсімдік 
мәселелермен 
тығыз 
байланыстыра қарастырды. Бұл мотивтің фольклорлық шығармалар сюжетін 
толықтырушы көркемдік тәсілге айналғанға дейінгі даму тарихын қалпына 
келтірді [2, Б: 205-239]. 
Кейіпкердің ғажайып тууы мотиві әлем халықтары, оның ішінде қазақ 
фольклорында кеңінен таралған дәстүрлі мотивтердің бірі. Бұл сарын біз 
қарастырып отырған «Оғыз қаған» жырында да көрініс тапқан. Бұл аталған 
мотив көбінесе кейіпкердің ерекше тұлғасын өзгелерден айрықша даралай 
көрсету мақсатында пайдаланылатын көркемдік тәсіл қызметін атқарады.
Көне эпос пен батырлық жырдағы ғайыптан туу мотивінің сипаты 
ертегідегі қарағанда, басқашалау. Бұл жөнінде фольклортанушы ғалым
Ш.Ыбыраев: «Эпос поэтикасы батырдың керемет тууын қажет етеді. Әрі бұл 
мотив батырдың айрықша жаратылысын, өзгелерге ұқсамайтын дара бітімін 
куәландыратын шындық ретінде алынады. Көптің бірі атқара алмайтын істі 
туысынан тотем бабалар, аруақтар, пірлер назарында жүрген батырлар ғана 
атқара алады», - деп жазады [3, Б: 538-539]. 
Ежелдегі түркілердің шежіресіндегі ғажайып туу мотивінен түрлі тотемдік 
культтер мен көк аспан, көк бөрі бейнелері кездеседі. Осындай сюжет Оғыз 
батырдың тууы туралы аңыздарда бар. Онда жоғарыда аталған таным-
түсініктер айқын көрінген.


225 
Бұл көне таным кейінгі дәуірлердегі қазақ фольклорында да кең көрініс 
тапқан. Ол жөнінде фольклортанушы ғалымдар М.Ғабдуллин, Т.Сыдықовтар 
«Қазақ халқының батырлық жыры» атты еңбектерінде елді сыртқы және ішкі 
жаулардан қорғайтын, еңбекші бұқараны молшылыққа кенелтетін батырды 
аңсау «Қобыланды батыр» жыры дүниеге келуіне негіз болған идея екендігіне 
тоқталады. Жырдың экспозициясындағы батырды ғажайып туылған етіп 
көрсету халық арманын іске асырушы кейіпкердің тұлғасын сомдауда үлкен 
рөл атқаратындығана мән береді [4, 224-б.]. 
Эпос сюжеттерінде ғайыптан дүниеге келу мотиві өзіне дейінгі 
эпизодтармен байланысып, оқиғалар тізбегінің белгілі бір тәртібін сақтап 
орналасады. Эпикалық жырларда ерекше жағдайда туу мотивінің бірнеше 
сарындары қатарынан қатысады. Әрбір мотивтің жырда баяндалу тәртібі мен 
мағынасына қарай аталуын ғалым Ш.Ыбыраев жоғарыда аталған еңбегінде 
экспозиция болашақ қаһарманның ел-жұртын, ата-анасын, дүние байлығын, 
бейбіт тіршілігін, қоныс еткен мекенін суреттеуден бастап, содан соң жыршы 
біртіндеп баласыз ата-ананың басына түскен ситуацияны баяндауға 
ауысатындығын көрсеткен. Ғалым жырдың кіріспе бөлігіндегі осы екі көріністі 
мотив-суреттеу және мотив-ситуация деп атайды. Мұндай ситуацияның тууын 
екі түрлі себептермен байланыстыра қарастырады. 
Ғажайып туу сарындарының тағы бір ерекшелігі – олар эпикалық әр түрлі 
жанрлардың табиғатына байланысты елеулі өзгешеліктерге ұшырай отырып 
қолданылады. Қазақ эпосынан батырдың ғажайып дүниеге келуі, таңғажайып 
жағдайда өсуі, ерлік көрсетулері айрықша сипатталады. Батырлардың халық 
қамын ойлайтын айрықша тұлға екені оның керемет жаратылысының 
инвариантын құрайтын тұрақты мотивтер, оларды ата-аналарының зарыға 
Құдайдан, әулие-әебиелерден сұрап алуынан алдын ала сезіледі. Ал, жарық 
дүниеге келгеннен кейінгі батырға лайық өсуі де – өзгеше құбылыс. 
Бұл құбылыс ежелгі дәуірлерде пайда болған мұралардан бастап қазақ 
фольклорында жалғастық тапқан. Мәселен, «Қорқыт ата кітабындағы» 
Дерсеханұлы Бұқаштың, «Оғыз қаған» жырындағы Оғыз батырдың, қазақ 
эпостарындағы Алпамыс, Қобыланды батырлардың дүниеге келулері, ер жетіп 
өсулері – соған айғақ. 
«Оғыз қаған» жырында тәңірлік дін мен космогониялық мифтердің көрінісі 
де едәуір орын алған. Жырдың идеологиялық негізін Тәңірлік дін құрайтынын 
байқау қиын емес. Оғыздың дүниеге келуі ғана емес, жар таңдап сүюінде де 
Тәңірлік сипат басым, ғашық болған жарлары да тылсыммен тығыз 
байланысты. Шығармада оның жарқын үлгісі екі эпизодта айқын көрініс береді. 
«Оғыз-наме» ескерткішінде Оғыз қағанның өзі ғана емес, оның үйленуі, 
Ай, Күн, Жұлдыз, Тау, Көк, Теңіз деген балаларының тууында космогониялық 
мифтердің көркемдік мәні зор. Түркі халықтарының ең көне дүниетанымында 
ай мен күн культі маңызды рөл атқарған, мысалы, кейіпкердің күн нұрынан туу 
мотиві. 
Фольклорлық шығармада кейіпкердің туу тарихына мән беріле 
бейнеленетіндігінің бір көрінісі – Тәңіріден, күн нұрынан жарату көне 


226 
жанрларда да, кейінгі қазақ фольклорында кездесіп отыратын мотив. Күннің 
нұрлы сәулесінен болашақ батырдың жаралу мотивін ежелгі эпикалық 
мұралардың бірі болып саналатын «Оғыз қаған» жырынан да көреміз.
Ежелдегі адамдар басында сәулесі болған, текті адамды нұрдан 
жаратылған етіп көрсету, ол құбылыс келе-келе мақсатты түрдегі 
қолданылатын фольклорлық әдіске айналған.
«Оғыз-наме» 
кітаби 
эпосында 
тотемдік 
көзқарастар 
сілемдері 
сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны 
оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда 
баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады. Қ 
Қорытындылай айтқанда, «Оғыз-наме» кітаби эпосында ежелгі түркілердің 
таным-түсініктерін бейнелейтін мифтер мен ежелгі мотивтер үлкен орын алған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет