Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет118/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

1. Іздену жаттығулары: 
а) кірме сөздерді табу; ә) кірме сөздердің 
мағынасын ажырату; б) этимологиясын анықтау.
Іздену жаттығулары 
мәтіннен немесе арнайы лексикалық тақырыпқа 
берілген материалдардан кірме сөздерді тауып, олардың мағынасын терең 
түсінуге, этимологиясын анықтауға арналады.
2. Дайындық жаттығулар: 
а) кірме сөздерден сөз тіркесін құрастыру; ә) 
кірме сөздерден сөйлем құрастыру; б) кірме сөздерді қатыстыра отырып диалог 
құрастыру.
Дайындық жаттығулары 
кірме сөздер арқылы сөз тіркесін, сөз 
тіркесінен сөйлем құрауға арналған. Бұл жаттығуларды орындау барысында 
сөйлем дұрыс құрауға немесе айтуға, ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыланады.
3. Негізгі жаттығулар: 
а) мәтін дайындау; ә) пікірталас өткізу.
Негізгі жатығуларды
орындау арқылы белгілі бір тақырып төңірегінде 
жан-жақты 
материалдар 
жинастыруға, 
қарым-қатынас 
жасауына, 
шығармашылық қабілетін дамыту, көрген білгендері бойынша өзіндік ой, 
тұжырым жасауға, пікір білдіруге үйренеді.
Кірме сөздерді кез келген тақырыпты өту барысында кездестіретініміз 
белгілі. Жалпы кірме сөздердің тілімізге енуі тікелей тарихпен байланысты 
және біздің байқағанымыз, тарих ғылымына байланысты қолданылып жүрген 
терминдердің көпшілігі араб, парсы кірме сөздері. Осыны ескере отырып 
келесідей мәтінді жұмысымызға арқау еттік.
Танымдық материал.
1. Алтын Орда дәуірі. Шыңғыс хан бейнесі. Алтын Орда – Шынғыс-хан 
әулетінің мемлекеті.
2. Тарих терминдері.
 
Тілдік материал. 
Термин сөздер. 
Тіл дамыту материалы. 
«Шыңғыс хан қандай тұлға?» тақырыбы бойынша 
пікірталас өткізіңіз (даттау, мақтау).
1. Мәтінмен танысу, мәтін мазмұнын ашу. 
1.1 Мәнерлеп оқу (Алтын Орда мәтіні ұсынылады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет