Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет121/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Жаттығудың мақсаты:
оқушыларға сөз тіркестерін, сөйлемді дұрыс 
қолдана білуге үйрету.
Жаттығудың тиімділігі:
оқушылар хабарлы, сұраулы, лепті және 
бұйрықты сөйлемдер құрастыруға, тілдесуге үйренеді; сөйлемнің айтылу 
мақсатына қарай түрлері мен ерекшелігін меңгереді; сөйлемнің тыныс 
белгілерін дұрыс қоюға дағдыланады.
1-жаттығу. 
Кірме сөздерді пайдалана отырып сөз тіркесін жазыңыз.
Оқушылар кірме сөздерден мынадай сөз тіркестерін құрастырды: 
Американдық үндістер тайпалары; Қазақстан мемлекеті; кеңес өкіметі;
уәзірді тағайындау. 
2-жаттығу. 
Сөз тіркестерін пайдалана отырып сөйлем құрастырыңыз.
Мынадай сөйлемдер құрастырды: 


232 
1) Американдық үндістер тайпалары әрқайсысы дербес мемлекет ретінде 
өмір сүреді. 
2) Қазақстан мемлекеті өз егемендігін 1991 жылы алды. 
3) Кеңес өкіметі 1990 жылдан бастап күйрей бастады. 
4) Хан уәзірді өзі тағайындайды. 
3-жаттығу. 
Кірме сөздері пайдалана отырып диалог құрастырыңыз. 
Мынадай диалог құрастырды:
− Шыңғыс хан кім? 
− Шынғыс хан монғол ұлысының әміршісі. 
− Шыңғыс хан қай жерлерді жаулап алды? 
− Шыңғысхан Солтүстік Қытайды, Чжундуды (Пекинді), Шығыс Европа 
мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алды. 
− Шыңғыс хан қандай мемлекет құрды? 
− Алтын Орда – көп ұлтты мемлекет, ол түрлі халықтар мен 
тайпалардан құралған еді. 
− «Он қанат», «сол қанат» дегенді қалай түсіндіресің? 
− Алтын Ордада халықтарды басқарудың ұлыстық жүйесі құрылады. 
Батудың тұсында Жошы ұлысы оң қанат, сол қанат болып екі бөлінген. 
Кейіннен бұлар екі мемлекет болған. Алтын Ордада көшпенділердің рулық-
тайпалық ұйымы сақталып қалады. 
− «Уәзір» сөзінің мағынасын түсіндіріп беріңіз? 
− «Уәзір» сөзі араб тілінен біздің тілімізге енген. Кейбір шығыс елдерін 
билеуші ханның немесе патшаның ақылшысы, жәрдемшісі, жоғары мәртебелі 
ұлығы деген сөз. т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет