329
Еңбек нарығына бәсекелестік заманында әрбір тұлғаның білім сапасын
арттыру, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білу қабілетін дамыту
заманауи мектеп алдыда тұрған өзекті мәселе болып отырғаны сөзсіз. Ғылым
мен техниканың дамыған уақытында адамның білімі
мен біліктілігі еліміздің
бәсекеге қабілеттілігінің ең басты көрсеткішіне айналып отыр. Қай заманда
болса да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің
негізінде іске асатыны белгілі. Мектеп оқушыларының интеллектуалдық
шығармашылық қабілеттерінің дамуы және шыңдалуы үшін
пәндік
олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, пікірталастар (дебат), семинарлар,
конференциялар және жобалық жұмыстар жүргізу тұлғаны дамытудың
заманауи құралдары болып табылады. Ғылыми
жаратылыстану пәндері
сабақтарында жобалық тапсырмаларды қолдану бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастырудың құралдарының бірі болып саналады.
Жоба – пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген бағдарлы жұмыс
түрі. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген жобалау әдісі
пәндік білімнің мақсат,
міндеттеріне сәйкес табиғаттың, қоршаған ортаның,
өмірдің заңдылықтарын зерделеуде мәселені өзінше жоба ретінде жоспарлап
шешімін табу жолдарын іздестіреді. Бұл әдістің оқу үдерісі барысындағы
ерекшелігі оқушының өз жобасын құрып, шығармашылықпен айналысуында.
Жобалау әдісі ең алғаш ХХ
ғасырдың басында АҚШ-ының
ауылшаруашылық мектептерінде жүзеге асырыла бастаған. Бұл әдістің негізі
американдық ғалымдар Д. Дьюи, У. Килпатрик, Э. Торндайк идеяларынан
алынған. Кейіннен әлемнің түрлі елдерінде кеңінен танымал болып, қолданысқа
ие болды
Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың
оқу-танымдық әрекетінің
нәтижеге бағытталу идеясы жатыр, практикалық немесе теориялық маңызы бар
проблемелерды шешу барысында нәтиже пайда болады.
Жобалық тапсырмаларды орындау алты бөлімнен тұрады:
1) зерттеуді жоспарлау;
2) дереккөздермен жұмыс;
3) экспериментті өткізу;
4) мәліметтерді өңдеп талдау;
5) нәтижелерді ұсыну;
6) жобаны басқару.
Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда
айтылғандай, оны алдын ала жоспарлай білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: