345
1-сурет. Мәтіндік редакторда құрылған жұмыс парағы
Liveworksheets платформасында «Интерактивті жұмыс парағын құру -
Бастау» командасын таңдаймыз (2-сурет).
2-сурет. Интербелсенді жұмыс парағын құру командасы
Ашылған бетте алдын ала сақталған pdf файлды жүктейміз. Файлдың
көлемі 5МБ-тан аспауы керек. Осы кезде жұмыс парағы жүктеледі. Жүктелген
файлды интербелсенді тапсырмаларға айналдырамыз.
Бірінші тапсырма - сәйкестендіруге тапсырмасы.
Бұл тапсырмада CLIL
элементтері бар. Яғни білім алушы кілттік сөздерді ағылшын тілінде меңгереді.
Сәйкестендіру сөздеріне блоктар салып, оларды «
join
» кілттік сөзімен
толықтырамыз. Сәйкес сөздер бірдей ретпен болуы тиіс (3-сурет).
346
3-сурет. Join тапсырмасынан үзінді
Екінші тапсырма – таңдау тапсырмасы. Ол «
choose
»
кілттік сөзі арқылы
құрылады. Блоктың ішінде тізімде көрінуі тиіс мәтін «/» белгісі арқылы бөлініп
жазылады, ал дұрыс жауаптың алдына «*» белгісін қоямыз (4-сурет). Мысалы,
choose:
*Мәтіндік редактор/ Құрастыруды автоматтандыру құралдары/
Компилятор. Интерпретатор/ Түзету, Жөндеу.
4-сурет. Choose тапсырмасынан үзінді
Үшінші тапсырма – мәтінді егізу тапсырмасы. Бұл интерактивті
тапсырманы құрастыру үшін блок салып, ішінде дұрыс жауапты енгізіп қоямыз
(5-сурет). Ал таңдау тапсырмасын құру үшін салынған блоктың ішінде дұрыс
жауапқа
select:yes
, дұрыс емес жауапқа
select:no
деп енгізу жеткілікті.
5-сурет. Мәтін енгізу тапсырмасынан үзінді
Электронды жұмыс дәптерін құрастыруда Liveworksheets платформасын
қолдану өте ыңғайлы. Құрастырылған электронды жұмыс дәптерін жалпы орта
мектептің мұғалімдеріне қолдануға ұсынуға болады.
Әдебиеттер
1.
Электрондық
ресурс:
https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-
tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-1622340
2.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен
жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
3.
Программирование на языке Python для школьников:
Учебное пособие по изучению
языка программировани Python / Л. Самыкбаева, А. Беляев, А. Палитаев, И. Ташиев,
С.Маматов – Фонд Сорос-Кыргызстан, 2019 – 84 c.
Достарыңызбен бөлісу: