Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет177/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
Casella G, Berger RL. Statistical inference. Second edition. Delhi: :Cengage 
Learning 2017. 
2.
Abu-Mostafa YS, Magdon-Ismail M, Lin H-T. Learning from data: a short course. 
[United States]: : AMLBook.com 2012. 
3.
Grimmett G, Stirzaker D. Probability and random processes. Third edition. Oxford: : 
Oxford University Press 2001. 
ӘОЖ 378.146 
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
ТИІМДІЛІГІ НЕГІЗІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКАНЫ 
ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ
Алым Камала Қадыржанқызы – 126-38а оқу тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Рахашев Бақытғали Құрманәліұлы

ф.м.ғ.к.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті , Шымкент 
Резюме 
Бұл мақалада физика сабақтарында интербелсенді әдістерді қолданудың рөлі 
қарастырылады. Интербелсенді оқыту – бұл ең алдымен интерактивті оқыту, оның 
барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекеті жүзеге асырылады. 
«Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме 
жасатса-үйренемін!» көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) 
Бүгінгі таңда елімізде инновациялық және ғылыми әлеуетті дамыту 
жұмыстары қарқынды дамып жатқан кезеңде өскелең ұрпақтың білімділік, 
рухани-адамгершілік, инновациялық, ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін 
арттыру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, технологиялар мен инновацияларды 
енгізу-біздің басты міндетіміз. 
Мен өз тәжрибеме сүйеніп, ойыма түйгенім белсенді оқыту әдістері ойлау 
және практикалық іс-әрекетке жетелейтін әдіс түрі,яғни тек оқуда емес 
өмірде,күнделікті тұрмыста да керек болатын оқушылардың ойлау қабілеттерін 
дамытып,қызығушылығын ояту. 
Интербелсенді оқыту мынадай жұмыс түрлері арқылы жүзеге асады: 
Жұптық, топтық жұмыс; 
Жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары; 
Рольдік ойындар; 
Пікірталастар; 
Ақпарат көздерімен жұмыс; 
Тренингтер; 


353 
Кез келген оқу әрекеттерін кері байланыспен аяқтау; т.б. 
Мектепте педагогикалық педагогикалық практика кезінде өзімнің 
сабақтарымда көбінесе топтық,жұптық жұмыстарды ұйымдастырдым.Өткен 
сабақты қайталау,жаңа сабақты түсіндіру,сабақты бекіту кезеңдерінде әр бір 
топқа дайындық деңгейі төмен ,жоғары және орташа оқушылар топтасады. 
Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ 
мағынасына және қорытынды нәтежесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің 
білгенімен, идеяларымен, ойламен алмасады, тиімді нәтижеге қандай бірлескен 
үйрену әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды. 
Педагогикалық технологияларды жүзеге асырудың маңызды құралы 
болып табылатын интерактивті әдістер әртүрлі пәндерде, әртүрлі топтарда 
қайталанып, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетеді. «Кластер», «Когнитивтік 
карта», «Венн диаграммасы», «Блиц сауалнамасы», «Тұжырымдама талдауы»,
«Адамдық», «Зиг-Заг» сияқты интерактивті әдістер. Физика сабағында көп 
қолданылатыны «броундық қозғалыс», «Температура өлшеу әдісі», «Джигсо» 
«Конверт сұрақ әдісі», «Миға шабуыл», «Буриме әдісі», «Эстафета», 
«Ассоциация құру», «Пазл» т.б 
Практика барысында 7 «а» сыныбына ашық сабақ өттім. Сабақтың 
тақырыбы: «Кері итеруші күш. Архимед күші деп аталады». Ынтымақтастық 
атмосферасын шаттық шеңбері арқылы құрып, сағат тілімен бір-біріне жылы 
лебіздерін білдіру арқылы «Манометр», «Барометр», «Сорғы» топтарына 
пазлды құрастыру арқылы бөлуді ұйымдастырдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет