Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет175/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

 
 
 
 
 


347 
ӘОЖ 378.146 
АТОМДЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Абулова Азиза Ғафурқызы – 126-38а оқу тобының студенті
Ғылыми жетекші: Бердалиева Тилла Досыбековна - п.ғ.к., доцент
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент. 
Summary
 
This article discusses the role of the use of methods of organizing the teaching of atomic and 
nuclear physics in physics lessons. 
Қазіргі физикада атом ядросы мен элементар бөлшектерді зерттейтін 
сала – ядролық физика. Ядролық физика – атом өнеркәсібінің ғылыми 
негізі.
 
«2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы 
болады. Әлемдік тәжірибе одан шығудың ең оңтайлы жолын ұсынады – 
бұл бейбіт атом. Мәселе оңай емес, оған алыпсатарлық пен эмоциясыз 
ұтымды қарау керек», - деп айтқан ҚР президенті Қ.К.Тоқаев халыққа 
жолдауында (01.09.2021). Президенттің айтуынша, Қазақстанда қауіпсіз 
және экологиялық таза ядролық энергетиканы дамыту мүмкіндігін зерттеу 
керек. Бұл мәселені біздің елімізде білікті
 
атом инженерлерінің жаңа 
буынын қалыптастыру қажет болады. [1] 
Атомдық және ядролық физика бойынша оқытылатын оқу 
материалының көлемі жыл сайын көбейіп, артып келеді. Бұл жағдай оқу 
материалын қандай дидактикалық принциптер: оңайдан қиын материалға 
кӛшіп отыру, теориялық талдау негізінде, ӛмірмен байланыстыру, 
эксперименттік дәлелдеу және т.с.с. негізінде баяндауды таңдап алу ісін 
қиындатуда. Қазіргі мектеп оқулықтарында бұл тараудың материалдарын 
тарихи принцип тұрғысынан түсіндіру дұрыс деп қабылданып отыр,-деп 
көрсеткен белгілі әдіскер М.А.Құдайқұлов [2. 26 б]. 
Атом ядросының физикасын оқытқанда келесі тақырыптарға ерекше 
назар аудару қажет: атом ядросының ашылу тарихы, оның құрылысы, 
өлшемі, массасы, заряды, атом ядросының қабықша және тамшы үлгісі, 
ядролық күштер, ядроның байланыс энергиясы, ядролық реакциялар.
Атомдық және ядролық физика тарауын оқытудың бір қиыншылығы аз 
уақыт аралығында біршама күрделі құбылыстар мен процестерді баяндау 
екендігі сөзсіз. Бұл қиыншылықтан шығудың бір жолы атомдық және 
ядролық физика құбылыстарының басты мәселелерін түсіндіру барысында 
анимациялық-компьютерлік технологияның мүмкіндігіне жүгіну. Себебі, 
атомдық және ядролық құбылыстар мен процестердің мән мағынасын 
эксперименттің кӛмегінсіз білім алушыларға түсіндіру мүмкін емес. 
Сонымен бірге атомдық және ядролық физиканы оқытуда пәнаралық 
байланысты жүзеге асырудың маңызы зор.[3. 47 б ].
Ядродағы физикалық құбылыстарды білім алушыларға түсіндірудің бір 
қиыншылығы – олар көзге көрінбейтін, қолмен сезінуге болмайтын 
құбылыстар. Оларды эксперименттік тұрғыда сабақта түсіндіруге де 
қажетті демонстрациялық немесе лабораториялық приборлар жоқтың қасы 


348 
әрі жасау да оңай емес. Сондықтан ядролық физика туралы бірқатар 
кинофильмдерді, электронды зертханаларды, бейне материалдарды сабақта 
тиімді пайдалану өте қажет. Атом және атом ядросы жайлы негізгі 
мәселелер жүйесін түсіндіруде ең алдымен, атом құрылысының күрделі 
екендігіне білім алушылардың көзін жеткізу керек. Ол үшін 
радиоактивтілік құбылысын қарастыруға болады. [4. 81 б].
Сабақты тиімді ұйымдастырудың ұтымды жолдарының бірі – 
аудиовизуалды техникалық
оқыту құралдарды қолдану. Аудиовизуалды 
техникалық оқыту құралдарын пайдалану білім алушылардың белсенді 
ісәрекетін ұйымдастырып, кӛлемді әрі тиянақты білім алуына, логикалық 
ойӛрісін дамытуға, қабілет-дарынын ашуға жағдай жасайды. Білім 
алушының жеке басының кейбір мінез ерекшеліктерінің дамуына да 
аудиовизуалды техникалық оқыту құралдарының үлкен маңызы бар. Ол 
білім алушының алдына өз ұйғарымын айтып, болжам құруға, өз 
интуициясын дамытып ашуға итермелейді. Сонымен бірге, аудиовизуалды 
техникалық оқыту құралдары жаңа материалды оқушының кӛрнекі 
қабылдауына кӛмектеседі. Тӛмендегі кесте «Атом және ядролық физика» 
курсы бойынша жасалған аудиовизуалды оқу құрал жұмыстарының тізімі 
келтірілген
«Атомдық 
және 
ядролық 
физика» 
курсының 
тақырыптары 
Визуалды техникалық оқыту құралдардың 
қолданылуы 


Атомның 
ядролық 
моделі. 
Атомның моделі, Томсон моделі және 
Резерфорд тәжірибесі атты анимациялар 
келтірілді. 
Бордың 
кванттық 
теориясы. 
Атомның Бор ұсынған моделінің 
Анимациясы және практикалық тапсырмалар 
берілді. 
Корпускалалық-
толқындық дуализм 
Практикалық тапсырмалар, бейне сабақ 
Кванттық сандар. 
Дәрістік материалдар 
Қатты 
дененің 
кванттық физикасы. 
Дәрістік материалдар 
Атом 
ядросының 
физикасы 
Ядроның байланыс энергиясына қатысты 
есептер берілген 
Табиғи және жасанды 
радиоактивтілік. 
Радиоактивті 
ыдырау 
тты 
тақырыпқа 
Анимация және семинарлық тапсырмалар 
келтірілген. 
Ядролық 
реакциялардың 
физикасы. 
Ядролық 
түрленулер 
тақырыбына анимациялар жасалды. Оның 
ішінде: α- ыдырау, β-ыдырау, γ-ыдырау. 
Ядролық 
реакцияларға есептер келтірілді. 
Атом 
ядроларының 
Гелий 
синтезі, 
атом 
ядроларының 


349 
бӛлінуі және синтезі. 
бөлінуі және синтезіне 
анимациялар келтірілді. 
Атомдардың 
рентгендік спектрі. 
Дәрістік материалдар 
[5. 65-68 б].
Жаңа материалды түсіндіру сабағында анимациялық-компьютерлік 
технологияны қолдану оқытушы мен білім алушыларға талассыз 
артықшылық береді. Өйткені аудиовизуалды техникалық оқыту құралы 
оқытылатын физикалық процестердің көрнекі түрде есте сақталуына, 
сондай-ақ тікелей бақылау кезінде кӛзге көрінбейтін немесе көрсету жалпы 
мүмкін емес құбылыстың нәзік жерлерін елестетуге мүмкіндік бере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет