Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет173/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Қорытынды 
Бұл тақырыпта негізі 7-сыныпта физика курсында қаланған зат 
құрылысының молекула-кинетикалық теориясы оқытылады. 7-8 сыныптарда 
физика курсын оқуда оқушылар, заттардың ішкі құрылымы тұрғысынан 
физикалық құбылыстардың бір қатарын және зат қасиеттерін (сұйықтар мен 
газдардың қасиеттерін, қысым, жылу құбылыстары т.б.) түсіндіруді үйренеді. 
Осыған байланысты, 10-сынып физика курсын оқуда оқушылардың бар 
білімдерін өзектендіру, кеңейту және дамытуы, оларды ұғым деңгейіне жеткізу 
керек. Бұл тарауда оқытудағы мақсат – оқушылардың 7-8 сыныбының физика 
курсынан және 8сыныптың химия курсынан алған заттың құрылысы мен 
қасиеттері және жылулық құбылыстар туралы білімдерін кеңейту (олардың 
қозғалысы мен ерекшеліктері); газдардың молекула – кинетикалық теориясын 
тереңдетіп оқыту; газдар теориясын осы теория негізінде түсіндіру, 
конденсациялық жүйе қасиетін (қатты, сұйық және газ тәрізді күйдегі заттар) 
оқыту; осы қасиеттерді заттың бір агрегаттық күйден екінші күйге ауысуы 
жайлы білім негізінде түсіндіреді. 
Әдебиеттер 
1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424 
2.Физика: жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-
сыныбына арналған оқулық. Н.А.Закирова, Р.Р.Аширов – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 
2019. – 336 б. 
3. https://okulyk.kz/wp-content/books/531/531.pdf
 
 
ӘОЖ 377.1 
LIVEWORKSHEETS
 
ПЛАТФОРМАСЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ 
Мухаммадалиева Ш.Б. 
– 111-18а тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Сулейменова Л.А. 
– т.ғ.к. 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме 
 
Во время онлайн обучения использование интерактивных заданий стали очень 
актуальны. В данной статье рассматривается вопросы разработки интерактивной
рабочей тетради через платформу Liveworksheets. Задания разработаны для закрепления и 
оценивания знаний по программированию на Python, которая рассматривается в 6-м классе 
общеобразовательной школы.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 16-наурызында «Жаңа 
Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында «Адал еңбек, озық 
білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады» деп айтқан болатын 
[1]. Сондықтан да болашақ мұғалім жастар жаңа Қазақстанды қалыптастыруда 
озық біліммен үлкен үлесімізді қоса аламыз. Жан-жақты дамыған, білімді 
жастарды тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі өте зор. Өйткені мектеп – білім мен 


344 
ғылымның бастауы. Ал XXI-ғасырда онлайн оқыту – әрбір мұғалімде болуы 
тиіс дағды. Онлайн оқытуда Интернет желісі алуан түрлі білім беру мен 
интербелсенді тапсырмалар құру платформаларын ұсынады. Мұндай 
платформалар сабақта білім алушылардың қызығушылықтарын арттырары 
сөзсіз.
Жалпы орта мектептерінде Python программалау тілі 6-9 сынып арасында 
оқытылады [2]. Сынып жоғарылаған сайын, өтілетін тақырыптар да күрделене 
түскен. 6-сыныпта «Python тілінде программалау» бөлімі 3-тоқсанда өтіледі. 1-
кестеден көрініп тұрғандай төрт оқу мақсаты алты тақырыпты қамтиды.
1-кесте. 6-сыныпта «Python тілінде программалау» бөлімінің мазмұны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет