Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет219/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1
Қалиeв С. Абайдың пeдагогикалық көзқарастары / Қазақ халқының тәлім – тәрбиe 
тағылымынан. – Алматы, 2002. 
2
Ғаббасов С. Халықтың пeдагогиканың нeгіздeрі. – Алматы, 2004. 
3
Ұзақбаeва С. Тамыры тeрeң тәрбиe. – Алматы, 2005 
 
ӘОЖ 371.4 
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН 
ИМАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ 
ҮЛГІСІ 
Шақтыбек Ербол Мұхтарұлы – 
123-18 тобының студенті
 
Ғылыми жетекші: Ортаева А.С. 

 
PhD, аға оқытушы
 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме.
В статье подчеркивается, что систематизация учебно-методических материалов 
дисциплины «самопознание» к содержанию среднего образования и эффективная 


463 
организация учебно-воспитательного процесса в данном направлении является главной 
задачей.
 
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат 
еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде 
саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары 
өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші 
ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны 
ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда. 
Осы уақытқа дейiнгі тәрбие мәселесімен байланысты зерттелген 
еңбектерді төмендегiдей сараптама бойынша жіктедік: 
- тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Қоянбаев Ж.Б., Болдырев Н.И., 
Бержанов Қ., Мусин Ж., Мұхамбаева А.Х., Подласый И.П., Сейталиев К); 
- қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев 
Қ.Б., Қалиев С.Қ., Әбiлова З.Ә., Сарыбеков Н.Қ., Ұзақбаева С.А., Наурызбай 
Ж.Ж., Қожахметова К.Ж., Жұматаева Е.Ө., Дүйсембiнова Р.Қ., Қабдыразақұлы 
Қ., Мұхамбетова С.К., Сәдуақасов Ә., Қоңыратбаева Т.Ә); 
- ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ., 
Беркімбаева Ш.К., Оразбекова К.А);
- оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротов В.М, Сабитова 
Г.В, Ходоровская З.А); 
- ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Көпжасарова М.Д., 
Байназаров Р., Галузинский В.М., Падалко Т.В); 
- оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева 
К.Қ., Омаров Е.О., Садықова М.К); 
- оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары
(Иржанова Р.Д., Лебединский В.В., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Қасенов Е.Р); 

балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының тарихи-
педагогикалық аспектілері (Алиева Л.В., Волохов А.В., Литвак Р.А., 
Искандирова Т.Н); 
- халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-
тәрбие беру (Төлеубекова Р.К., Қаплиева А.Қ., Садықова М.К., Сайдахметов 
Б.С., Байсарина С.С) [1]. 
Мектептегi оқушылар ұжымының негiзгi қалыптастырушы күшi – оқушы 
балалардың қоғамдық қарым-қатынасы. Балалар арасындағы қарым-қатынас, 
мектеп 
оқушылар 
қауымының 
қоғамдық 
пiкiрiн 
қалыптастырады. 
Оқушылардың өмiрге және мектептегi педагогикалық ықпалдарға деген 
көзқарастары олардың жас ерекшелiктерiне қарай әр түрлi сипатта дамиды. 
Ғұлама бабамыз Әл Фараби жас ұрпаққа тәрбиесіз білім беруге 
болмайтынын ескертті. Я.А. Коменскийдiң ойынша ұйымдық тәрбиенiң негiзгi 
ошағы отбасы дәстүрi мен тәрбиеленушi оқушылар қауымдастықтары – ата-
баба тағылымдарынан бастау алғанда ғана, оларға бiлiм берудiң тиiмдiлiгi мен 
сапалылығы және қоғам үшiн қажеттiлiгi арта түседi деп санаған [2]. 
К.Д. Ушинский тәрбие мәселесін ауқымды ғылым саласы ретінде 
қарастырады. Оның ойынша, жас ұрпақтың санасына адами қасиеттер мен 


464 
ізгілік тағылымдарын қалыптастыру біріншіден – ғылыми зерттеу 
жетістіктеріне 
негізделсе, 
екіншіден 
– 
халықтың 
тәлім-тәрбиелік 
құндылықтарына сүйенуі керек деп, тәрбиенің “халықтық принципін” ерекше 
атауына мән беруді қуаттады [3].
Сурет 1 – ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасы арқылы жүргізілетін 
мектептердегі тәрбие жұмысының үлгісі (мысал) 
Осы орайда, оқушыларға ұлттық тәлім тәрбие бағдарламасын 
қалыптастырған жөн. Мұндай бағдарламаның атқарылатын жұмыс түрлері 
келесілер болуы мүмкін: кездесу кештері; тарихи жерлерге жорық, саяхаттарға 
шығу; еңбек, соғыс ардагерлеріне қамқорлық көрсету; қоғамдық, мемлекеттік 
ұйымдармен жұмыс істеу; түрлі тақырыптар бойынша пікірталас, дебат өткізу; 
конференциялар, оқушылар жиынын өткізу; өнер, спорт, танымдық іс-шаралар 
өткізу. 
Бұндай бағдарламалар арқылы оқушылардың ақыл-ойын, еріктік-сезімдік 
ұлттық адами қасиеттерін өркениеттік және ұлттық адами қасиеттерін 
өркениеттік және халықтық тәрбие түрлерін жас ұрпақтың бойына сіңірілу 
көзделеді. 
Жоғары сынып оқушыларын өзін өзі тану сабағында имандылыққа 
тәрбиелеу , адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, сондай-ақ,
адамилыққа 
жатпайтын 
құбылыстардың 
алдын-алу 
мақсатында 
профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, патриотизмді қалыптастыру, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет