452
ЭОЖ 376-054.4
ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН
ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Төрекелді Д.С.-
105-28 тобының студенті
Ғылыми жетекші: Исманова Р.Ж.
п.ғ.к., аға оқытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
Резюме.
В статье отмечается, что развитие речи у детей с ограниченными
интеллектуальными возможностями характеризуется медленным ростом и тем, что она
состоит из наиболее специфических слов и наиболее часто встречающихся в его жизни
слов.
Сөйлеу адам қарым-қатынасының негізгі құралы болып табылады.
Онсыз
адам көп ақпаратты алуға және беруге мүмкіндігі жоқ. Тілсіз адамның өз
ойлары мен сезімдерін басқаларға жеткізу мүмкіндігі болмайды. Қарым-
қатынас құралы ретінде сөйлеудің арқасында адамның сана сезімі жеке
тәжірибесімен шектелмей, басқа адамдардың тәжірибесімен байытылады,
сонымен қатар сезімдер органдары арқылы жүзеге асырылатын байқалмайтын,
тікелей танудың басқа да процестерінің, мысалы қабылдау,
назар салу, қиял,
есте сақтау және ойлаудың дамуына әсер етеді.
Зияты зақымдалған балалардағы мидың органикалық зақымдануы
салдарынан қалыпты психикалық және таным процестерінің дамуының
тежелуіне әсер етеді.
Интелектісінде бұзылысы бар балалардың сандық – сапалық сөздік қоры
олардың сөздік қорын дамыту әдістемесіндегі парадигматикалық бағыт
бойынша анықталады, яғни сөзбен және оның семантикалық жағымен жұмыс
жүргізу. Ол сөзді қолдануда басқа сөзбен сәйкестенуі арқылы көрініс береді.
Зияты зақымдалған балалардың сөздік қорын молайтудың екінші мақсаты
олардың сөздік қорын дамыту әдістемесіндегі
синтаматикалық бағыты
бойынша анықталады, яғни сөздің контексті қолданылуы бойынша жұмыс
жүргізу – бұл құрылған мәтіннің стиліне, жағдайына, тақырыбына, мақсатына
тәуелді түрде сөздің қолданылуының нақтылығы мен мақсаттылығыЗияттың
бұзылуы балада жалпы психиканың өзгеруімен байланысты.
Бұл жағдайда
баланың тек интеллектуальды ғана емес физикалық дамуы және эмоциональды-
ерік аясы да тежеледі. Зияттың зақымдалуының күрделі патологиясы олардың
жоғары жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты
Мектеп жасына дейінгі зақымдалған балаларда танып білуге деген
ұмтылыстың, талаптың болмауына байланысты танымдық қабілеті төмен
дәрежеде болады. Сондықтан зияты зақымдалған балалар өздерін қоршаған
орта туралы көзқарасы нақты емес болады. Зияты зақымдалған балалардың
сөздік
қорының
ерекшеліктері
көптеген
ғалымдардың
еңбектерінде
қарастырылады. Белгілі болғандай зияты заымдалған балаларда сөйлеудің
өздігінен қалыптасу процесі сапалы түрде бұрмаланады [1]. Сонымен бірге
мектеп жасына дейінгі балаларда когнитивті дамудың
артта қалуы байқалады
453
бұл белсенділік сөздік қордың қалыптасуы белсенді және пассивті сөздердің
меңгеруіне әсер ететіндігіне ғалымдар назар аударады [2].
Зияты зақымдалған балалардағы алғашқы дыбыстар 12-ден 24 айға дейінгі
кезеңде пайда болады, алғашқы сөздер ерекше балаларда 2,5 жастан 5 жасқа
дейін, ал қалыпты дамуы10-18 ай бар балаларда айтылатыны ғалымдар
тұжырымдарында бар [3]. Әсерлі сөйлеу сөздердің саны мен қызметіне орай
белсенді сөйлеуді дамытудан алда келеді. Зияты зақымдалған мектеп жасына
дейінгі балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі баяу өсетіндігімен және
мағынасы бойынша ең нақты сөздерден және оның
өмірінде жиі кездесетін
сөздерден тұратынымен анықталады. Сонымен бірге көптеген сөздердің
мағыналары зияты зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларда дәл емес
және бір-бірінен ажыратылуы нақты еместігі бар. Сондықтан да белсенді
сөйлеу кезінде мұндай балалар бір сөздің орнына басқа сөзді қолданады,
көбінесе оны дыбыстық ұқсастыққа негіздеп ауыстырады. Негізгі ерекшелігіне
байланысты олар сөздерді меңгеру кезінде ерекше айтылатын сөздердің
мағыналарды, жалпы ұғымдарды білдіретін сөздерді жалпылай алмайды.
Мектепке дейінгі ұйымда зияты зақымдалған балаларға көкөністер, жемістер,
құс, үй және жабайы аңдар және олармен әрекет ету сияқты жалпылау сөздерді
үйретеді. Дегенмен мұндай сөздерді түсіну көбінесе номинативті түрде
болады. Зияты зақымдалған мектеп жасына дейінгі
балаларда жекеленген
заттарды қабылдаулары (түстерге байланысты) логикалық түсініктер (жалпы
түсініктер) белгілі бағыттағы сөздер (көкөніс, киім, құстар) жақсы
қабылданады. Зияты зақымдалған балалардың сөздік қорын толықтыру
бойынша жұмыстардың мазмұны ерекше. Мұнда анықталған сөздер (сөздікке
енгізілген сөздер тізбегін) тізімі айқындалады, мағынасы балаларға түсінікті
болуы керек және қолдана білуге үйрету қажет. Сөздік жұмыстар үшін сөздер
тізбегі әр түрлі мақсаттардан шыға отырып құрылған болатын. Кейбір жағдайда
әдіскерлер сөздің грамматикалық – орфографиялық қиындықтарды негізге алса,
ал кейбіреулері – балалардың сөздік қорын толықтырудың құнды
маңыздылығын негізге алады. Зияты зақымдалған балалардың белсенді сөздік
қорында етістіктер аз кездеседі және ол етістіктерді қолдану бойынша да
қиындықтар кездеседі. Мысалы, секіру, жорғалау,
ұшу етістіктерін қолдануда
зияты зақымдалған балалар «шегіртке секіреді», «өрмекші жорғалайды», «құс
ұшады» дегенді «шегіртке келе жатыр», «өрмекші келеді», «құс келеді» деп
айта алады.
Зияты зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сөздерді
толықтыру үшін жиі қолданылатын жетекші сұрақ қажет. Зияты зақымдалған
балалардың олардың бойындағы «ерекшелік» жалпы сөздік қорды дамытуда,
жаңартуда қиындық тудыратыны белгілі. Зияты зақымдалған балаларды
зерттеген А.Р.Лурия зияты зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларда
қалыптыға қарағанда парадигматикалық типтегі сөздік ассоциациялар аз
болатынын атайды [4]. Сонымен, зияты зақымдалған мектеп жасына дейінгі
балалардағы психикалық лексика-семантикалық
бұзылулар балалардың
көпшілігінің сөздер мағынасын білмеуінде және дыбыс жағынан ұқсас келетін
454
бір сөздің мағынасын басқа сөздің мағынасымен ауыстыру сияқты қателіктер
жібереді. Осыған байланысты зияты зақымдалған балалар сөздерді дұрыс
қолдана алмайды, көбіне сөздердің ұқсас дыбысталуына қарай қолданады.
Зияты зақымдалған балалар сөздердің мағынасына қарай жалпылауды да өте
қиын қабылдайды, етістіктер, сын есімдер мен үстеулерді қолдануы мүлдем
кездеспейтін жағдайлардың бары да осыған байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: