Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет24/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

 

 Сөздік
өлең - поэзия 
сөздің патшасы - властитель языка 
тілге жеңіл - речь легке 
жүрекке жылы - теплеет сердце 
Бұл жұмыс түрін ары карай жалғастыра беруге болады. Айталық, Абайдың 
жылдың төрт мезгілі жайындағы өлеңдеріне тоқталып, ақынның табиғатты 
суреттеудегі шеберлігін көрсетуге болады. 
 
VІ. «
Абай мұрасы» тақырыбын қорытындылауда нәтиже сабақ өткізуге 
болады. 
Нәтиже сабақтың жоспары
1. Абайдың өмірі, еңбектері туралы мәліметтер беру. 
2. Абай өлеңдерін екі тілде мәнерлеп оқу конкурсын ұйымдастыру. 
3. Данышан ақын туралы ұлағатты адамдардың даналық сөздерін еске 
тусіру. 
Ахмет Байтұрсынов: 
«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан 
асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». 
Міржакып Дулатов:
«Әдебиетіміздің негізін қалаған бірінші кірпіш –
Абай сөзі, Абай аты балаларға керек …Ең жоғары, ардақты орын – Абайдікі». 
Шынғыс Айтматов: 
«Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны 
жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе біледі… Гете мен Толстой 
сынды көптеген занғар гуманист тұлғалардың даналык бауырласа екенін 
танытты». 
Мұхтар Әуезов: «
Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз дара шыққан 
тау ағашы сияқты».
Өзге ұлт өкілдері студенттері сабақтан тыс уақытта түрлі радио-теле 
бағдарламаларды көру арқылы біліміне білім қосады. Мамандар бұл ретте 
оларға «Абай», «Құнанбай» жаңа фильмдері «Абай ТВ» арнасын үзбей көріп, 


46 
білімін шыңдауға кеңес береді. Сонымен бірге қазақ тілін білеміз десек, 
Абайдың, Шәмшінің өлеңдерін көпшілікпен бірге айтып үйрену керек дейді. 
Қазіргі заманғы мәдениетаралық қатынастың, яғни коммуникацияның 
теориясы бойынша этностың мәдениетін білмей, оның тілін білу мүмкін емес. 
Өзге ұлт өкілдері екінші тілді меңгеру үшін ең алдымен сол тілді алып барушы 
этностың мәдениеттін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін, тарихын білуі 
керек [3]. 
Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, 
көсемдігін де сөзге сыйғыздырған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәрбиесі мен 
даналығы сол сөзде жатыр. Сондықтан сіздер алдымен қазақша сөйлеуді 
үйренуіңіз керек. Қазақстанда тұратын көптеген ұлт өкілдері осы тілде 
сөйлейді, өйткені қазақ тілі – мемлекеттік тіл. 
Қазақ тілі бай тіл. Бұл тілде данышпан ақын Абай сөйлеген. Абай мұрасы 
бізге қасиетті. Абай мұрасын бойымызға сіңіру арқылы тіліміздің байлығын, 
көркемдігін меңгереміз, – деп сабақты мамандар қорытындылайды. 
Әдебиеттер 
1. Құнанбаев Абай. Қалың елім қазағым. - Астана, 2006. 
2. Әуезов М.О. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 20-том. –Алматы: «Жазушы». 1983
110-136б. 
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. –Алматы, 2000 
 
 
УДК 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет