584
қойылған мақсаттың нақтылығынан, оны оқушылардың жете түсінуіне
байланысты [2].
Жаңартылған білім мазмұны мақсатына сай үлкен модульдарды оқыту
соңында дәстүрлі тест, бақылау жұмыстарынан басқа оқушыларды кіші жоба
жұмыстарын әзірлеп қорғату тәжірибеде қолданылуда. Әрине, жоба жұмысы
оқушылардың зерттеу әрекетіне байланысты жүргізіледі. Зерттеу жұмысының
бірінші кезеңінде оқытушы оқушылардың алдына мәселе қойып, оны шешу
әдістерін белгілейді. Шешу жолдарын оқушылар өз бетінше іздестіреді. Екінші
кезеңде оқытушы тек мәселе қояды, ал оны шешу жолдарын оқушы өз бетінше
қарастырады. Үшінші кезеңде мәселе қою, оны шешу жолдарын қарастыру
және мәселені шешуді оқушы өздігінше атқарады. Өзіндік зерттеу жұмыстары
негізінде оқушылардың қосымша оқу құралдарымен, ғылыми әдебиеттермен,
анықтамалықтармен,
көрсеткіштермен
жұмыс
істеу
еп-дағдылары
қалыптасады.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың ой-өрісін дамыта оқыту
технологиясын жетілдіріп отыру қажет. Солардың бірі, зерттеушілік әрекеттер
арқылы білім беруді дамыту. Яғни, мәселе ұсынып, тәжірибелер нәтижесін
көрсете отырып шешу жолына әкелу . Бұл жерде мұғалім бағыттаушы рөл
атқаруы тиіс. Оқушы қиналған жағдайда мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы
көмектесіп отырады. Жаратылыстану-география пәніндегі зерттеу жұмысы оны
тәрбие беру үрдісімен байланыстыру тіні экскурсия (топсеруен) арқылы да
дамытылады.
Топтық ізденіс оқушыларға қолданбалық бағытта сапалы білім алуға
көмектеседі. Топсеруен кезінде алдын-ала берілген тақырыптарға байланысты
тапсырмаларға сәйкес жасалған суреттерді, пікірлерді, сызбаларды, кестелерді
әзірлеу, қосымша ақпараттар жинау, өңдеу оқушылардың функционалдық
сауаттылықтарының дамуына көмектеседі. Тұлғаның зерттеу іс-әрекетін
дамытуда мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық проблемаларды көтеру оған
оқушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана-сезімін ояту
барысында жер-су атауларының шығу тегі туралы пікірталас, ой-талқы,
тренингтер өткізу маңызды орын алады. Жергілікті жердің фаунасы мен
флорасының проблемасын шешуде сирек аң мен құстарды анықтау, ағаш
отырғызу, бүлінген жерлерді қорғау мәселелері тақырыбында бейнежазба,
экобайқаулар, эссе, таныстырылымдар оқушылардың өздігінен білім алуларына
жағдай жасайды [3].
Достарыңызбен бөлісу: