Әдебиеттер
1. Лаптева Т.В. Некоторые аспекты использования методики CLIL при обучении языкам
[Электрондық ресурс] / Т. Лаптева. - URL:
http://cyberleninka.ru/article/n/nekotoye-aspekty-
ispolzovaniya-metodiki-clil-pri-obuchenii-yazykam
2. Чусляева Е. А. Content and language integrated learning – Интегрирование преподавания
иностранного языка и других учебных дисциплин // Вопросы психологии. – 2001. – 46 б.
3. Marsh, D. 2002. Content and Language Integrated Learning: The European Dimension
Actions, Trends and Foresight Potential [Электрондық ресурс] / D. Marsh. - URL:
http://europa.eu.in/com/education/languages/index/html
4. Якаева Т.И. История возникновения и развития CLIL за рубежом // Актуальные
проблемы гуманитарных и естественных наук. 2016. № 7. – 113 б.
ӘӨЖ 371
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТЫ ДІҢГЕГІ – ЕҢБЕК
Ғылыми жетекші: п.ғ.м., аға оқытушы Нурманова Ж.К.,
Керімбай Д. 1703-20 тобының студенті
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті, Шымкент
Қазақстан
Резюме
В данной статье анализируется характер, деятельность пастуха, отличающегося
определенной для казахского общества деятельностью.
«Мен бәрімен тең дәрежеде сөйлесемін».
Альберт Эйнштейн
Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Өмір бойы
қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадыр-
қасиетін әбден білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын
Толыбай сияқты сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өздерінің тіршілік
құралы етіп оңтайлы пайдалануды шебер игерген. Діттеп келгенде мал өсіруге
аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал біздің еліміз
үшін бұдан былай да аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Олай
болса, кейінгі жастарымыз қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың
ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға міндетті. Рас олардың бәрі бірдей
573
малды бағар, бақпас, бірақ ата-бабаларымыз қадір тұтқан мұраларымыздың
ерекшеліктерін жадында сақтағаны жөн. Мал шаруашылығының қыр-сырын
жете меңгерген еңбекшіл де, епті халқымыз мал өнімдерін де тұрмыстық салаға
қолдана білді. Міне қасиетті төрт түлікке орай білім, тәрбие, тіл, өнеге, үлгілері
өз алдына бір төбе.
Осы орайда біздің мақалаға арқау болып отырған қой киесі - Шопан ата
болса, қойдың қыр-сырын меңгерген, малды мәпелеп күтетін қойшы (шопан)
туралы болмақ. Малды орынсыз жәбірлеп қинаса «мал төркініне жаман
болады» деген қасиетті ұғым да бар. Сондықтан біздің мақаладағы айтпағымыз
барлық мамандықтың ішінде қойшы мамандығын меңгерген және
мойынсұнған, шыдамдылыққа дес беріп, қызығынан шыжығы басым қиын
тұстары әңгіме етілмек. Адамның адамшылдығы кісілік танытпай қайсы бір
мамандықты болса да, қадірлеп, лауазымына қарамай құрмет көрсете білу болса
керек. Мұндай қасиет ана сүтінен даритынын біз атам қазақ кезінде айрықша
атап кеткені баршамызға мәлім. Алайда өкінішке орай қазіргі таңда адамзат
баласының адамгершілік қасиетінің кенжелеуі, атақ-даңққа құмар болғанымен
қоймай, адамдарды лауазымына, қызметіне қарай құрмет көрсететіні ащы болса
да шындық. Бұны адами қасиеттен ада болған қоғам дерті десек, асыра
сілтегендік емес.
Осы ретте айтпағымыз шопан мамандығының аса қиын тұстарын ескере келе,
бұл маман иесіне деген қошаметті арттыру болса, мақаланың туындаудағы
басты мақсатта да осы шопанның қоғам алдындағы мәртебесін көтеру болмақ.
Ғасырлар бойы мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ төрт түлік
малдың сыр-сипаты мен жай күйіне қанық еді. Қазақ малшылары қоралы қойды
түсінен айырады, бір көрген атын неше жылдан кейін жазбай таниды. Қазақ
мал дәрігерінің білімі «Қазақ халқы ұзақ тарихи даму барысында дәрігерлік
және саулық сақтау жөнінде мол тәжрибе, білімдер жинады. Олар мал
шаруашылығымен айналысып, қиыр қонып, шет жайлап, қалалармен қатынас
тораптарынан шалғай жерлерде өмір өткізгендіктен, алуан түрлі ауруларды
өздерінің өмірден жинаған білім тәжірибелеріне сүйеніп емдеді және аурудан
сақтанудың тәжірибелерін қорытып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды.
Деннің сау болуы үшін тазалық керек. Соның үшін қазақ:«Денсаулық-зор
байлық», «Денсаулық-шарты тазалық», «Мал саулығы-адам саулығы деген»
ұранды сөздермен өмір сүргені ақиқат.
Әр халық өзінің белгілі бір мамандығымен, қызметімен ерекшеленеді. Ал
біздегі ерекше мамандық-қойшы десек құлаққа жағымды да, қастерлі естілері
хақ. Жайлауда күн көретін, таң атқаннан күн батқанға дейін сол бір малдың
соңынан жүретін мамандық иесін көз алдымызға елестете отырып, қазақтын
кең даласының қиындығы мен қуанышын қатар көріп оған төзіп, өз абыройын
биік ұстап, жауапкершілікті қатаң сақтайтын ол-қойшы. Қазақ қай кезеңде
болсын малмен күн көрген халық. Жесең - азық, ішсең-сусын, кисең-киім. Бірақ
осы дүниелерді болдыру үшін өз жолында төзу қабілетіне ие қойшы маңызды
рөл ойнайды және
халықтың мінез-құлық нормаларын жасап, оны ғасырлар
бойы сақтаған бірден-бір тұлға.
574
Шопан-
жауынгер,
өйткені ол жайылымдарды басып кіру мен тонаудан
сақтайды. Ол әлемді бетпе-бет зерттейтін саяхатшы және географ. Емші,
әрі
ветеринар
.
Аңшы
, өйткені көкжал
бөрі,
әрдайым
отар
жанында.
Ол-
философ және ақын. Қойшы ұзақ уақыт бойы жұлдыздар мен шөп айналасында.
Ал бүгінгі күндері табиғатпен бірге өмір сүру бір түрлі болып көрінеді. Аттар,
иттер, қойлар... Қасқырдың қардағы іздері, біреудің горизонттағы көлеңкесі...
Табиғаттың қатал мінезінде демалыссыз жұмыс істеу... Сондықтан да, оның
мінезінде шыдамдылық, бойында төзімділік болуды қажет етеді. Міне, бұл
қасиеттердің бәрі де ғасырлар бойы бұл іспен айналысу барысында қазақтың
бойында шыңдалған қойшының бойындағы асыл да, қырағы қасиеттер.
Табиғаттың өзі бір ұстаз. Қазақ қоғамы ерте кезден мал төлін құрмет
тұтқан. Олардың қасиетін бағалап әр төлдің өзіне пір сайлаған. Жылқы пірі –
Қамбар ата, Сиыр пірі – Зеңгі баба, Түйе пірі - Ойсыл қара, Қой пірі -Шопан
ата. Салт-дәстүрімізде «Малды теппе» - оныңда киесі бар деген ұғымдар сол
бастан қалса керек. Қиын шақ келген кезде Шопан ата желеп жебейді деген
сөздерді де құлаққағыс етеміз. Сол жолда шопандар өздерінің ішкі қорқыныш
сезімімен, көкжалдармен, сонымен қатар, ең бастысы табиғатпен қарсыласуда
шопандар өздерінің бойына көптеген қасиеттерді жинақтаған. Халықта
қойшылардың қиын өмірі мен еңбегі туралы алуан түрлі әңгімелер бар.
Бір
ауылда бір жас шопан мектеп оқушысы болыпты. Өзімен қатарластары
күнделікті сабаққа барып, ауыл ішінен үйіне қайтатын көрінеді. Ал олардың
артында шопан жігіт қойларын алып жайлаудан келе жатқанды. Күндердің бір
күні баланы мектепке шақыртып сабақ оқуын сұрайды, шопан бала алдына
қойылған тапсырманың барлығын көз ілестірмес уақытта орындап шығады.
Оған таңырқаған мұғалима тапсырманы қиындатады. Бала еш мұңаймастан
тапсырманы жылдам орындап мұғалімнің үстеліне қойып қайтуын сұрайды.
Сынып оқушылары опыр-топыр шопан балаға түрлі сұрақтар қоя бастады.
Ішіндегі ең ізденімпаз бір қыз «Ол сабаққа келмесе мұның барлығын қайдан
біледі, мұнда бір шикілік бар» - деп жанталасады. Сынып күйкі тірліксіз қалып
кетеді, шопан бала аса бір шыдамдылықпен «Мен күн сайын жайлауға барарда
мектеп жанындағы кітапханаға соғамын, күні бойы сол кітапты зерттеп түп
тамырына жеткенше қайталап оқимын, кітапты күн батарда аяқтап сендердің
арттарыңнан жүре келе кітапханаға тастап кетемін» - деп сыныптан шығып
кетеді. Абай атамыз айтқандай «
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар,
мінез деген нәрселермен озады.» Бұл тұста
қойшы баланың табанды өзіндік
рухани адамгершілігін тайға таңба басқандай көрсетіп қойған.
Адамгершілік-
адамның рухани байлығы, келешек ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият.
Адамдық тәрбиенің нәтижесі адами тәлім боп табылады. Адамшылық
тақырыбы - бақилық. Ол ешқашан ескірмек емес.
Осы тарапта мақалаға тұздық ретінде тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар
дегендей, Түркістан облысы Төле би ауданының Көксәйек ауылының тұрғыны
қартаң, ардагер шопан Қыдырәлі Сатыбалдыұлымен сұхбат жүргізу айдарында
шопанның бастан өткен қиындықтары, атқарған игілікті жұмыстары туралы...
күнделікті бірнеше отар қойдың таңмен таласып азығын беріп, оларды бір
575
көшенің бойымен жайлауға апарып, аптап ыстықта күн астында бағуы, қара
суықта қыстың күндері қораны жылы ұстап, уақытылы тазалап, аязға қарсы
тұрып шыдамдылық көрсеткен ұшқыр табандылықтары сөз етіліп, қарт шопан
көзіне жас алса, сондай-ақ мезгілімен төлдеген қошақандарды да аяздан аман
сақтап қалуда үлкен қырағылықты, қажет болған жағдайда ауру малды емдеп
жазуда бір өнер екендігі туралы, көз алдынан өткен экрандай айтып өтті.
Сұхбат барысында шопан Қыдырәлі Сатыбалдыұлы халық аманатын көздің
қарашығындай сақтап, оны ұрылардың қолына оңай түспеу үшін түн ұйқысын
төрт бөліп қарайтынын сөз етті. Шопан ата: «Қазіргі таңда оңай азықты
жылдам көре қалатын ұрылардың тау-тасқа оңай өрмелеп бірнеше қойды
көлігіне айдап салып із түссіз жоқ болатынын айтып өтті. Төрт мезгілде де
қойдың азығын қамдап, шөпті өз ретімен өсіріп, оны жинап қораны от
жауламасын деген мақсатпен бүкіл аумақты да қоршап бір алай дүлейдің алдын
алып отырады. Өз еңбегімен тер төгіп, ұлы шыдамдылықпен, байқампаздықпен
еңбек ететін шопанның да еңбек ақысын бермей қоятын адамдарда жоқ емес.
Еңбек! «Еңбек-ер атандырады» - дейді халық даналығы. Рас... Бірақ
«Тамызығын тапса, тас та жанады» дегендей еңбектің де тамызығын табу керек.
Әйтпесе ер атану бұл қиял ғана. Еңбек! Зейнет! Бейнет! Мен, мәселен, «Еңбек
түбі-зейнет» демей, «Бейнет түбі-зейнет» дер едім-деп ағынан жарылып, еңбек
бейнетін шын тартқан адам ғана оның зейнетін көрмек»-деп ата өз әкесі ылғи
айтып жүретін бір оқиғаны сөз еттіде, сұхбатты аяқтауымызды сұрады. Көзіне
бір шама жас алып, даусы дірілдеп, бұл оқиғаның өміріне қаншалықты әсер
еткенін, оны өмір бойы, ұмытпайтынын сөз етті. «Мал өсірсең қой өсір, өрісі
оның көл-көсір»-деп атам қазақ айтқандай әкесінен қалған екі қойдан, бір отар
қой өрістегенін, балаларының қазір сол малды көздерінің қарасындай баптап
бағып отырғанын, ас бір ыждағаттылықпен баяндап берді. Және ұлдарының әке
алам десең малыңды қазір айдап апарайын, тұрсын десең қарасы көбейіп тұра
берер. Бірақ осы бір берген малыңыз өмірі бойы ұл-қыздарыма берген тәрбие
болды.» - деп қартаң шопан ата сөзін аяқтап, батасын беріп, телефон тұтқасын
қоя салды.
Қорыта келе, Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы айтқандай «
Еркін елде өскен
ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл
намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл
жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады»
Яғни,
адамгершілік - бұл өте жан-жақты ұғым және оған анықтама беру өте
қиын. Адамгершілік адамның ең жақсы моральдық қасиеттерінің көрінісін
білдіреді: әділеттілік, адамдарға құрмет, әдептілік, адалдық, жауапкершілік,
махаббат пен қамқорлық. Қиын уақытта адамдарға көмектесуге, қорғауға,
қолдауға дайын болу адамдардағы жақсылықты көре білу және негізгі
артықшылықтарды атап өту, мұның бәрі адамзаттың көрінісіне байланысты.
Адамгершілік қасиеті, ол адамдарға құрмет пен жанашырлықсыз, ізгілік пен
төзімділіксіз аяқталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |