Жалпы сайып келгенде қойшы мамандығының жоғарыдағы ерекше
тұстарын қорытындылап, «адамгершілік тәрбиесінің басты діңгегі-еңбек»
576
-
деп аса қырағылықпен төрт түлік жануардың тілімен сөйлесе білген,
қойшы (шопан) мамандығына деген құрметімізді жас буыннан бастап, аға
буын біздер аямауымыз керек-ақ.
Адамгершіліксіз адамның рухани сұлулығы
да көрінбесі хақ.
Әдебиеттер:
1.
Жеті қазына» Сейіт Кенжеахметұлы Алматы-2022 жыл.
2.«Қазақтың көне тарихы» Алматы-1993 жыл
ӘӨЖ 371
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘЛЕМІ
Ғылыми жетекші: п.ғ.м., аға оқытушы Нурманова Ж.К.,
Ергеш Н. 1703-10 тобының студенті
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті, Шымкент
Қазақстан
Резюме
В данной статье рассматриваются инновационные технологии используемые
педагогами во время работы. Также внедрены информации о педагогических способах
проведения урока с использованием новых методов преподавания.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» - деп, баршамызға тиесілі білім беру
жүйесінің даму шарттарын айқындауды міндеттегені белгілі жайт. Осыған
орай, бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие маман даярлауда, үкімет басшылығы
педагогтар қауымына нақты тапсырмалар мен оның шешу жолдарын
қарастырып, нәтижелі еңбектену міндетін жүктеп отырғаны құптарлық дүние.
Оқу процесіне заманауи педагогикалық технологияларды кеңінен енгізу
жайында ғалым К. Бұзаубақова «Жаңа педагогикалық технологиялар» атты
еңбегінде:
«Білім
беру
саласында
оқытудың
жаңа
педагогикалық
технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу
мүмкін
емес.
Ал,
жаңа
технологияларды
меңгеру
оқытушының
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын
дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі», - деп атап
көрсетті. [1]
«Технология» - деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік
кәсіп және logos - ғылым білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырымен
бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды. Қазіргі
кезеңде «Педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі түсіндірілуде. Атап
айтқанда көп тараған анықтама В.П.Беспалько ұсынған: педагогикалық оқумен
тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған
577
құралдармен әдістер жиынтығы, олар білім мен тәрбие мақсатын тиімді жүзеге
асыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар қол жеткен жетістіктерді сатылы
өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті
дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми
жобалардың болуын қалайды және ұстаздың жоспарланған мақсаттары мен
оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі. [7,298,299,301 бб]
Инновация - жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. С.И.Ожегов
сөздігінде: «Инновация – бірінші рет шыққан, жаңадан жасалған, жуық арада
пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, жаңадан енгізілген
жаңалық», - делінген.Бұл түсінік ХІХ ғасырдағы зерттеулерде пайда болып,
белгілі бір мәдениеттің кейбір элементтерінің бірінен екіншісіне енгізу дегенді
білдірді. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы,
жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50-жылдары педагогикалық инноватика
қалыптасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап
қолданыла бастады. 90-жылдардың бас кезеңінде орыс ғалымдары
Т.П.Депрова,
В.И.Золвязинский,
С.И.Лазаревалардың
еңбектерінде
«инновация» ұғымы пайда болды. Олар «инновация» ұғымын білім беру
жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті
деп сипаттайды.[2]
Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалану соңғы он бес жылдың
жемісіне жатады. «Инновация» ұғымына алғаш рет қазақ тілінде анықтама
берген ғалым-профессор Н. Нұрахметов. Ол: «Инновация, инновациялық үрдіс
деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру,
қолдану және таратуға байланысты бір бөлік қызметі», - дейді.
Сонымен жоғарыда айтылған мәліметтерді саралай келе, инновация
дегеніміз – білім беру, тәрбиелеу процесіне жаңалық енгізу, яғни жаңа әдіс-
тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды оқыту
процесінде қолдану. Жалпы инновация модификациялық, комбинаторлық,
радикалдық деп үш түрге бөлінеді:
- Модификациялық инновация - бұл қолда барды дамытумен, түрін
өзгертумен айналысу.
- Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру.
- Радикалдық инновация білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу
жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді,
параметрлерді,
деңгейлік
және
сапалы
оқытудың
көрсеткіштерін
қалыптастырады.
Сабақта жаңа педагогикалық технологияларды қолданудағы мақсат --
оқушыны ғылыми ойлауға, болмысты тануға, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше
білім алуға, ізденуге дағдыландыру, шәкіртті оқу процесінде мұғаліммен бірдей
субъект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, қарым-қатынасын
жетілдіріп, оқушылардың танымдық құндылықтарын, тәжірибелік іс-
әрекеттерін дамыту, оқушының ақыл-ой әлеуетін қалыптастыруға белсене
қатысу, жеке тұлғаның рухани жаңаруына жағдай жасау, дарынды балалардың
578
қабілетін дамытуға қолайлы жағдай туғызу, шығармашылық жұмысқа
бағыттау. Инновациялық іс-әрекет - дәстүрлі іс-әрекеттен түбегейлі түрде
ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түбірлерінің бірі. Ол барлық
уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады. Жаңа мазмұнға
жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту
процесін технологияландыруды өзекті мәселелердің бірі болып отыр.[3]
Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді көптеген жыл бұрын
Я.А.Коменский айтқан болатын. Я.А.Коменскийдің пікірінше, оқыту
«технологиялық» болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да
оқу процесі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа
жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу
маңызды болады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік
деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз
Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы - білім
жүйесі. Орта мектеп - білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған
білім
негізі
оқушының
болашағына
жол
ашады.
Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде
болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі
ерекше.
Қазіргі заман шындығы жаңа ақпараттық технологияның жетістіктері
негізінде жасалып жатқан мықты компьютерлік құралдар мен компьютерлік
бағдарламаларды ұсынып, жаңа сапалы ақпараттық білім беру – қазақ тілді орта
жасаудың тамаша мүмкіндіктерін туғызуда. Сөйтіп білім беру саласының
инновациялануына, алға қарай дамуына мүмкіндіктер жасап қана қоймай,
онымен бірге ілесіп, оқыту әдістемесін жаңартуды, жақсартуды талап етуде.
«Заманына қарай - адамы» дейтін қазақ халқының танымы бұл үдерістерді
толық сөзбен өрнектейді.
Білім беру жүйесіндегі инновация дегеніміз, ең алдымен, өз заманындағы
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қолданыста пайдалану. Жеке
тұлғаны, елінің патриот азаматын қалыптастыру жолында ең жаңа және дұрыс
білімді беріп, білікке, шеберлік пен іскерлікке, дағды мен икемге үйретіп,
машықтандыру.[5]
Күн сайын өзгеріп, дамып жатқан технология уақытында жастарды соған
сәйкес біліп беріп, тәрбиелеп шығару және сол технология арқылы сапалы
оқыту - өзгермелі заманның алдымызға қойып отырған талабы да, сыны да. Әрі
жеке тұлғаны тек жаңарған білім жүйесімен ғана емес, дәстүрлі жүйеде
қалыптасқан білім деңгейімен де сусындату қажет. Сондықтан оқытудың
инновациялық әдістері үйренушінің танымдық қызығуын арттырып, алған
білімін жүйелеп алуды, кең ауқымда ойлап, жеті рет өлшеп, бір рет кесуді,
үйрене отырып, үйренгенін күнделікті тәжірибеде қолдана алуды талап етеді.
Қазіргі уақытта жеке тұлғаға қойылып отырған басты талап үш тілді -
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, бәсекеге қабілетті болу. Бұл
579
талап тек үйренушінің алдына жаңа мақсаттар қойып қана қоймайды, сонымен
бірге үйретушінің де өз қызметін жаңғыртуына, инновациялық әдістемелерді
пайдалана отырып, жаңаша оқыту тәсілдерін пайдалану қажеттілігін алға
тартады. Сондай-ақ оқытудың жаңа инновациялық концепциясы гуманистік
бағытқа құрылатындықтан, үйренушіге жеке тұлға ретінде қарай отырып, оған
жекелей көзқараспен қарау, оқыту барысында өзіндік жұмыстар жүргізу-
оқытушының өз ісіне шығармашылықпен қарауын талап етеді. Педагогикалық
әдебиеттер
оқыту
технологиясы,
дәстүрлі
технология,
білім
беру
технологиялары, программалық оқыту, проблемалық оқыту технологиясы,
авторлық, ақпараттық - компьютерлік технологиялар және т.б. педагогикалық
технологияларға анықтама берген.
Оқыту технологиясы мынадай шараларды қамтиды:
-Білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында
қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде
тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру
үдерісі;
- Оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау үдерістерін керек етіп,
соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін
әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы;
-Оқыту технологиясында мына категориядағы белгілер болады:
педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік жүйелер және ол дидактикалық
және әдістемелік жүйелердің негізгі құрама бөлігі болып табылады. Оқу
құралында қазіргі заманғы жаңа педагогикалық құралдардың түрлері,
мақсаттар, міндеттері жан-жақты ашылып, оқу-тәрбие процесінде оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Қорыта айтқанда, жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың
дидактикалық теориясы, практикалық жүйесі қазіргі жас буын өкілдеріне жан-
жақты даму үшін қажетті дүние. Психологиялық-педагогикалық мақсаттары
жаңа
педагогикалық
технологияларды
тарау-тарауға
бөліп
берерде
технологиялардың ерекшелігі, атқаратын қызметтерінің маңыздылығы орасан
зор.
Достарыңызбен бөлісу: |