140
Ә. Даму мен тәрбиенің бірлігі.
Студенттердің немесе оқушылардың
түрлі психикалық қабілеттерінің дамуы барысында, олардың өзіне-өзі баға беру
және істеген іс-әрекеттерінің дұрыс-бұрыстығын бағалай алатындай тәрбиелік
мәндегі сараптау ой-талғамдары да дамиды. Оларды
дамыту және тәрбиелеу
істерін бірлікте қарастыру керек. Бұл жөнінде В.С.Гончаров былай жазған:
«Обучение и воспитание достигают развивающего эффекта при умелом
руководстве собственной деятельности ребенка» [6, 12].
Б. Оқу үдерісінде дұрыс ұйымдастырылған тіл материалдарында
отансүйгіштік, адамгершілік, экологиялық т.б. тәрбиелік міндеттерді
шешу
жүктемесі болуы керек. Мұндай жүктемелер тапсырмалардың өн бойынан
табылып тұруын қамтамасыз ету керек. Мысалы, қазақ тілі сабақтарында
фразеологизмдерді үйрету барысында фразеологиялық сөздіктен отансүй-
гіштік, адамгершілік тақырыптарына қатысты
фразеологизмдерді теріп
жазу тапсырылады. Олар мынадай фразеологизмдерді теріп жазады
:
Адам
санатына қосылу -
ер жету, жұрт қатарына қосылу, өз бетімен тіршілік
етуге жарау; а
т салысу
-көмектесу, жәрдемдесу, белсене қатысу;
қол ұшын
беру-
қолғабыс ету, көмек қөрсету, жәрдем беру.
Достарыңызбен бөлісу: