Литература:
1.
Толстой Л.Н. Полное собрание сочинений в 90 томах (Юбилейное издание). Т. 2. –
М.-Л.: 1928–1958.
2.
Белянин М.Ю. Художественная концепция человека в трилогии Л. Н.
Толстого «Детство. Отрочество. Юность» // Толстовский ежегодник. 2002. – Тула: 2003. С.
352-360.
155
ӘОЖ 894.367
ҚАЗАҚ ТІЛІН САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Кансеитова А.Б.
№42 Хамза атындағы ЖОМ, Шымкент, Қазақстан
Summary
This article discusses the features of differentiated teaching of the Kazakh language.
Жаңа технологияларды қолданғанда оның әрбір кезеңдерін мұғалім өзі
жақсы түсініп, оқушыларға жеткізе білуі қажет. Технологияның
деңгейлеп саралай оқыту, блокпен оқыту, бейімдей оқыту, ұжымдық оқыту,
М.М.Жанпейісованың модульдеп оқыту, Ш.А.Амонашвилидің білім беруді
ізгілендіру технологиясы, сондай-ақ В.Ф.Шаталов технологиясы деген тағы
басқа түрлері бар. Солардың бірі – саралап оқыту технологиясы.
Саралау түрлерін тиімді қолдану әр оқушының қажеттілігін ашу мен
қолдауға, оқыту процесін жетілдіруге, оқу бағдарламасының қойған мақсат,
міндеттеріне жетуге және кең ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді.
Саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі
ретінде жеке құрылымдарға бағдар беру; білім мазмұнының сипаты мен көлемі,
оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық
құрылымын атауға болады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір
оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді,
деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім
алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді, деңгейлеп оқыту әр түрлі
категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық) , бағдарламалық, күрделенген
деңгей. Оқытудағы саралау әдісінің әдістік негіздері - оқушының оқу
материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі, алынған нәтижені
өлшеуге болатындығы, оқу үдерісінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы,
бағалаудың жетелеушілік қасиеті, дамыта оқытудың әдісі.
Деңгейлеп-саралау негізіндегі педагогикалық технология әдістемесіне
келсек, жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей
талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – білім алушыларды «қабілетті»,
«қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау, оқытудың тиімділігін арттыра
отырып, сапалы білімге қол жеткізу. Саралай оқыту әрекеті – білім алуға
бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге
асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін
Б.Ананьев, Л.Выготский, А.Леонтьев, т.б. ғалымдар жасаған. Саралай оқытуды
ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік
ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу
әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсінуі керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру
арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті
емес нәтижеге жетеді.
Саралап оқытудың тереңдету принципін жүзеге асыру кезде бастапқы
теориялық мәліметтер қажеттілігі байқалады. Даму психологі және Гарвард
156
университеті жанындағы білім берудің Жоғары мектебінің білім беру
профессоры Говард Гарднер ойлауды лингвистикалық, логика-математикалық,
музыкалық, дене-кинестетикалық, кеңістік, тұлғаралық, тұлғаішілік және
табиғат зерттеуші деп сегізге жіктеген [2]. Бұл оқушыларды қабілетттері
бойынша бөлу үшін өте маңызды, яғни сәйкесінше оқушылардың оқуы,
ақпаратты есте сақтауы, тапсырмаларды орындауы мен түсінуі әртүрлі
деңгейде. Оның айтуынша, егер мұғалім оқыту мен бағалаудың түрлі әдіс-
тәсілдерін пайдаланса, оқушылардың білім сапасы жақсарады. Бұл көп
оқушыны қамтып, олардың мазмұнды игеруін жақсартады.
Мұғалімдер білім беру бағдарламасын тиімді саралау үшін келесі
өзгерістерді енгізе алады:
Жоғары деңгейлі ойлау дағдылары: Пайдаланылатын әдістер ақпаратты
алуға емес, оны пайдалануға айрықша баса назар аудару керек; оқушылар
мәліметтерді жаңа жағдайларда қолданып, оларды жаңа идеялар құру үшін
пайдалануы, орындылығын бағамдауы және оны жаңа өнім жасау үшін
пайдалануы керек.
Ашықтық: Жаттығулардың басым бөлігі ашық жаттығудан, яғни жалғыз
дұрыс жауабы болмайтын, одан әрі ойланып, зерттеуге жетелейтін
тапсырмалардан тұруы керек.
Жаңалық
ашу:
Жаттығулардың
басым
бөлігі
оқушылардың
заңдылықтарды, идеяларды және негізгі қағидаттарды аңғару үшін ойлау
үдерісін пайдалана алатын түрлі жағдаяттардан тұруы керек.
Ой-пайымдарының дәлелі: Оқушыларға өз қорытындыларын ғана емес,
осы қорытындыны жасауға негіз болған пайымдарын да айтуды ұсыну керек.
Таңдау еркіндігі: Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру
мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі берілуі керек.
Қарқын және әралуандылық: Жаңа материалды таныстыруда мүмкін
болса қарқынды жылдамдату және оқушының қызығушылығын қолдайтын
және әр түрлі оқу стильдерін қамтитын әдіс-тәсілдерді пайдаланған дұрыс.
Саралау үшін білім беру бағдарламасының мазмұнын түрлендірудің
көптеген тәсілдері бар.
Кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының
үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасаудың
бірден-бір жолы төменде берілген саралау түрлерін тиімді таңдай алу.
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:
Тапсырма: мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған
тапсырмалар кіреді, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде
күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен
тапсырмаларды жасау, күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын
тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.
Дереккөздер: кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда
анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады, дереккөздердің ауқымы
талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және
күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады, баспадан
157
шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін. Бұл материалды
пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.
Қарқын: кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді,
қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін
қолдануға болады,негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін
оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Қорытынды: барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың
нәтижелері әртүрлі болады, мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс»
жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және
әлсіз тұстарына қарай жауап береді, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау
бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне
көз жеткізу керек.
Диалог және қолдау көрсету: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау
барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады, мұғалім оқушыларды
ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған
сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау
көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
Бағалау: оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық
қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай
үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Педагогикалық қызмет табыстылықты,
жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс
болуы керек, сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи
аламыз.
Жіктеу: Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы
көптеген тәсілдер бар:мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі
немесе қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби
дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, гендерлік топ, аралас
гендерлік топ, ұйымшыл топ.
Сабақ тартымды болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білген
жөн, сонда ғана жұмыс нәтижелі шығады. Ол үшін жұмыс түрлерін дұрыс
таңдап алу керек. Бұл оқушыларды жалықтырып, шаршатып алмау мақсатында
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |