Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет77/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиетттер
1. Ғ. Мүсірепов " Суреткер парызы" А,1970. 163 б. 
2. Ғ Мүсірепов " Суреткер парызы" А 1970, 163 б. 
3. М. Әуезов Абай жолы, А, 1961. 1т, 383 б. 
4. М. Әуезов Абай жолы, А 1961, 1т. 803 б. 
ӘОЖ 94(575) 
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕ 
АЛАТЫН ОРНЫ 
Ханазар И.А
– 1601-19 тобының студенті 
Әбілда Ырысдаулет
- Ө.Жәнібеков атындағы № 19 жалпы білім беретін
мектептің 8 сынып оқушысы 
Ғылыми жетекшісі: 
Алдабергенова М.К. доцент м.а. PhD 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
 
Түйін 
Мақалада шешендік өнердің тарихы және қазақ мәдениетінде қандай орын 
алатындығы жайлы мәліметтер беріледі. Майқы би, Аяз би, Асан қайғы секілді шешендердің 
жыр – толғаулары туралы зерттеуші – ғалымдардың пайымдары мен тұжырымдары 
баяндалады.
Шешендік өнердің тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен, адам 
қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіне лайықты 
қарым – қатынасы болатыны сияқты оның өзіне лайық ойлау, сөйлеу мәдениеті, 
жүйелі ойлау, шебер сөйлеу сөз өнері ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан 
көп жыл бұрын шығып қалыптасқан. Шешендік өнер туралы ғылымды – халық 
арасында риторика деп атайды. Риторика ғылымының негізін салған грек, 
софист абдерлік Протагор (б.з.д.444 жылы туған) болып есептеледі. Протагор 
көптеген қоғамдық ғылымның негізін салушы Сократпен (469-399), Платонмен 
(427-347) замандас, бірінші софистер арасында сөз жарыстыру, сөзбен айтысуды 
бастаған, өзі де замандастарымен сөз сайысына түскен белгілі шешен. 
Софистердің анықтамасы бойынша, шешендік өнер, яғни риторика дегеніміз – 
сендіре білу, яғни тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал 
жасау деген сөз. Риторика ғылымы психология, философия, логика 
ғылымдарымен тікелей байланысты болып келеді. Осы ғылымдардың қай – 
қайсысын алсақ та, риториканың бар екенін байқаймыз. Шешендік сөздер 
негізінде үш түрлі болып келеді: кеңес сөз, билік сөз, салтанатты сөз.
Қазақ шешендік өнерінің қалыптасып, дамуында, өркен жаюына зор ықпал 
еткен бірнеше факторлар болды. Олардың бастылары мыналар: 


148 

Халықтың әдет-ғұрыптар жүйесі 

Халықтық сот билігі

Халықтың тұрмыс – салты 

Халықтың ақындық, жыраулық өнері 

Халықтың айтыс өнері 

Халықтың тарихи тағдыры мен дүниетанымы 
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-
XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты 
калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, 
Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің 
кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, 
қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау 
жолындағы күрес жылдары еді.
Майқы би (ХІІ – ХІІІғғ.) – халықтың ауызша тарихының айтуында, 
Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр 
шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Майқы би 
қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, 
қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ 
білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар» деп өсиет 
қалдырған. Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында 
ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-
ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бидің орнының 
ерекше болғаны көрінеді. Майқы биді өзбек, татар, башқұрт халықтары да өз 
биіміз деп есептейді. 
Аяз Би Жаманұлы (XII-XIII ғасырлар) ежелгі заманнан бері аты аңызға 
айналған қазақ халқының данагөйі, шешен, судья. Аяз бидің өмірбаяны туралы 
әртүрлі мәліметтер бар. Манның ұлы Майқы бидің шежіресін сипаттаған 
Шапырашты Қазыбек Тауасарұлы өзінің "менен кейінгі бүкіл Шежіре" атты 
кітабында Аяз би мен оның серігі құмыр батыр туралы былай деп жазады: "олар 
Майқы дәуірінде өмір сүріп, оның сенімді төрешілері болған кезінде Майқы 
Мануланың оң жағында отырған".
Аяз бидің қай судья болғаны, оның адами қасиеттері туралы Қазақ 
энциклопедиясында былай деп жазылған: "бұрында бақташы, кедей Аяз өзінің 
ақыл-парасаты мен даналығының арқасында Вазир болған. Ол Хан Маданның 
бірнеше сынақтарына төтеп берді. Аяз ханға шөптердің ішіндегі ең жаманы — 
рогоз, құстардың ең жаманы-қырық екенін дәлелдеді. 
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – 
мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы 
болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда 
облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі – Асан 
Қайғы мазары делінеді. Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ 
халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында 
негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен 
философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып 


149 
табылады. Асан қайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, 
Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. 
Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан 
Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек 
хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих 
сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым – қиғаш талас – тартысты 
аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. 
Қазақ ауыз әдебиетін алғаш зерттеушілердің бірі - М.Әуезов «Әдебиет 
тарихы» атты еңбегінде шешендік сөздерге «Билер айтысы» терминдік атау 
беріп, оның билер сөзі екенін айтқан еді. Әйтсе де әдебиет зерттеушілері күні 
бүгінге дейін шешендік сөздерді фольклор қатарына қосып келеді. Бұл орайда, 
ұлы М.Әуезов пікіріне сүйенсек, билер сөзінің авторы қазақтың даңқты би-
шешендері болмай ма? Расында шешендік сөз белгілі бір би-шешеннің атынан 
айтылатыны мәлім. Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, 
ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик 
В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, 
кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі 
сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі 
соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе 
қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге 
тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Шешендік тек тарихи құбылыс қана емес, қоғамдық та құбылыс 
болғандықтан, қай кезде де ол қоғамға қызмет етеді. Г.З.Апресян қазіргі 
шешендікті былайша топтайды: 
1) Әлеуметтік-саяси мәндегі шешендік, 
2) Академиялық шешендік, 
3) Соттағы шешендік, 
4) Әлеуметтік тұрмыстағы шешендік, 
5) Діни қызметтегі шешендік. 
Риторика ғылымына еңбек сіңірген әдебиетші ғалым С.Негимов былайша 
бағалайды: “Олар риториканы – шешендік, эвристиканы – тартыс өнері, 
диалектиканы – дәлелдеу өнері дәрежесіне жеткізді” – дейді.
Қорыта айтқанда, қазақ шешендік өнері ежелден сөзге дәл осындай сипат 
беріп, оны саяси, әлеуметтік күш ретінде таныды. Біздің бұл еңбегімізде қазақ 
шешендік өнерінің негіздері етіп ежелгі сақ, ғұндардың шешендігі, көне түркі 
шешендігі, орта ғасыр түркі шешендігі алынып, қазақ шешендік өнерінің 
қалыптасу тарихы ақын-жыраулар шешендігі, билер шешендігі, қазіргі шешендік 
ретінде кезең-кезеңге бөлініп қарастырылады. Осы арқылы ежелгі грек-рим, 
қытай, үнді шешендігі тәрізді түркі шешендігі болғандығын, қазақ шешендік 
өнері сол түркі шешендігінің үзілмеген жалғасы екендігі дәлелденеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет