Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


Ғ. Фразеологизмдермен жұмыс жасау барысында білім алушы-



Pdf көрінісі
бет74/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Ғ. Фразеологизмдермен жұмыс жасау барысында білім алушы-
лардың білімдік, дүниетанымдық ой-пікірлерін қалыптастыру 
да 
тәрбиелік міндеттерге жатады. Себебі сөздік қорды байытуға ықпалы бар 
фразеологиялық тұлғалар тек қатысымдық емес, сонымен қатар танымдық, 
ақпараттық қызметтерді де атқарады. Осының негізінде жиналған ақпараттар 
арқылы білім алушылардың қоршаған ортаға деген өзіндік ой-пікірлері 
қалыптасады, Мысалы, 
Ердің құны, нардың пұлы 
деген фразеологизм

«
қымбат, салмағы ауыр талап» деген мағынаны беретіндігін фразеологиялық 
сөздік арқылы анықтайды.
 
Д. Сөздік қорды фразеологизмдер арқылы молайту барысында
шәкірттердің іс-әрекеттерін тежеуге немесе дамытуға арналған ережелер 
арқылы оларда өзін-өзі басқаратын дағдыларды қалыптастыру 
қажет. 
Білім алушылардың сөздік қорын молайту үшін іріктеліп алынған фразеология-
лық тұлғаларды ұгындыру барысында түрлі мақал-мәтелдер т.б. арқылы 
ненің бұрыс, ненің дұрыс екендігін көрсететін тапсырмалар беру керек. 
Жортқанда жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын
-
сапарға я соғысқа 
аттанған кісіге тілек. 
 
Жерге кіріп кете жаздау
 - 
бетінің оты шығу, қатты ұялу. 
Мұндай жағдайда білім алушылар тапсырмалардағы сөйлемдердің мағына-
ларын түсіне отырып, өз ісіне баға беру мүмкіндігін жетілдіреді. Сондай-ақ бұл 
шәкірттердің өзін-өзі тәрбиелеуіне де ықпал етеді. Бұл 

тәрбиелеудің дамыту-
шылық қызметі. 
Е. Фразеологизмдермен жұмыс жасау барысында түрлі көркем 
шығармаларды түсініп оқуы арқылы эстетикалық 
талғамдары 
қалыптастырылады. 
Сөздік қорын молайтуға ықпалы бар фразеологиялық 
тұлғалар оқулықтардағы мәтіндер ішінен іріктеліп алынғандықтан, осы
разеологизмдердің 
мағыналарын 
ұғынуы, 
білуі 
арқасында 
білім 
алушылардың бойында кітап оқуға деген қызығушылығы артады. Бұл
олардың бойында эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына ықпал етеді.
Мұның барлығы – белгілі бір жүйемен берілуі, қалыптасуы қажет тәрбиелік 
мақсаттар. Сөздік қорды молайту барысында жүргізілетін тапсырмалар т.б. 
аталған тәрбиелік мақсаттарды негіз ете отырып, жүйелілік ұстанымына 
бағынуы тиіс. 
Әдебиеттер 
1. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - Алматы: Ғылым, 1967.- 418 б. 
2. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасы//Егеменді Қазақстан, 7 тамыз, 
1996. 
3. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Рауан, 1993.– 160 б. 
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.Педагогика. Университеттер студентеріне арналған оқу 
құралы.-Астана, 1998.- Б.204-215. 
5. Әбиев Ж.Ә, Бабаев С.Б, Құдиярова А.М. Педагогика. Дарын-Алматы-2004, 188-190б. 
6. Гончаров В.С. Типы мышления и учебная деятельность.-Свердловск: СПИ, 1972.–С.12. 
7. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. –Алматы: Мектеп, 1989. – Б.8. 


142 
УДК 821.161.1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет