Төртінші бағытта,
ізгілендіре тәрбие беру-түрлі іс-әрекеттердің
адамзатқа жат жақтарынан жиренуге, жекебас-тұлғалық іс-әрекеттерін
қалыптастыруға, сол арқылы адами іс-әрекеттерді жасауға үйрету керек.
Бесінші бағытта
, эстетикалық талғамын тәрбиелеу – білім
алушыларға түрлі шығармаларды оқыту барысында, сөздік қорын байыту
арқылы-дұрыс сөйлеуін, сөйлеу нақыштары әуезді, ойы анық болуын
қалыптастыру қажет. Сөйлесімде фразеологизмдерді дұрыс, орынды пайдалану
үшін фразеологиялық сөздікпен жұмыс жасауға тапсырмалар беріледі.
Сонымен оқу үдерісінде тәрбиелеу дегеніміз – білім алушыларға қоғамда
қолданылатын ережелерге сай, қоғамдық қалыптасқан ортаға тән дағдыларды
үйрету. Әрбір халықтың өзіне тән қоғамдық рухани ерекшеліктері бар,
сондықтан оларды ұлттық тәрбие негіздерінде тәрбиелеген дұрыс.
Оқу үдерісінде баланың дамуы мен тәрбиеленуіне ықпал ететін
тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау керек . Қазақ тілін
оқыту барысында тіл байлығын дамыту, фразеологиялық сөздік арқылы
сөздік қорын дамыту барысында мынадай тәрбиелік мақсаттарды қамтуды
қажет етеді:
А. Оқыту мен тәрбиелеудің бірізділігі
. Қандай да оқыту
болмасын, оның тәрбиелік мәні болады. Себебі түрлі тапсырмалар,
жаттығулар, тіл дамыту, тіл заңдылықтарын үйрету сабақтарына тек білімділік
мазмұн жатпайды, сонымен қатар тәрбиелік мән де жатады. Берілген
тапсырмалардың, жаттығулардың т.б. тәрбиелік мәніне айрықша мән
беру керек. Бұл әрекет оқушыларды оқыту арқылы тәрбиелеуге болады деген
қағидаға бағындырылады.
Демек, оқытудың басты мақсаттарының бірі – шәкірттерге білімдік
мағлұматтар берумен қатар, осы білімдік мағлұматтар арқылы оларды тәрбие-
леу. Бірақ жүйесіз жасалған қандай да оқыту түрлері баланы тәрбиелей алмайды.
Оларды тәрбиелеуде тәрбиелік мәні бар материалдарды іріктеп алған
дұрыс. Сондықтан оқытушы білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды,
шәкірт ұғымына сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған мате-
риалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыруға міндетті.
Осындай пікірлерді ескере отырып, оқушылар немесе студенттердің сөздік
қорын байытуға ықпалы бар фразеологиялық тұлғаларды іріктеу
барысында әдеби тілге жататын фразеологизмдер сұрыпталды. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |