Литература:
1.
Ю. Борев. О комическом. – М.: 1988.
2.
В.В.Виноградов. О теории художественной речи. – М., Высшая школа, 1971.
144
ӘӨЖ-94(574)
М.ӘУЕЗОВТЫҢ “АБАЙ ЖОЛЫ” РОМАН – ЭПОПЕЯСЫ – БІЛІМ
АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАРИХИ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗІ
РЕТІНДЕ.
Өтегенов Бақыт Дәуітбекұлы
Тарих ғылымдарының магистрі,
Оңтүстік Қазақстан медицина акдемиясы АО,
”Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер”
кафедрасының аға оқытушысы.
ОҚМА“Жалпы медицина” студенті ЖМҚ-А 206-20 Қоңырбай Санжар.
Резюме
В статье рассматриваются основные проблемы и значения социологических проблем
А.Кунанбаев в произведений М.Ауезова «Путь Абая»
Мұқтар Әуезов (1897-1961) – ұлы жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің
классигі, абайтанушы, әдибиетші ғалым. Оның ”Абай жолы” эпопеясы – бүкіл
әлем оқырмандарына танымал. Бұл шығармалары 1967-1969-жылдары 12 том,
1979-1986-жылдары 20 том болып басылып шыққан.
М.Әуезов осы танымал ‘’Абай жолы‘’ эпопеясы арқылы оның есімін бүкіл
әлемге танытып, ұлы ақын – Абайдың ақындық-азаматтық көркем бейнесін
жасаумен қаттар, Абай мұрасын жинау, оны зерттеу, саралау, таза күйінде
бүгінгі оқырмандарға жеткізу ісінде де айтарлықтай үлкен еңбек етті. Ол Абай
шығармаларын зерттеу де 1920-жылдары Ленинград университетінде оқып
жүрген кезінде-ақ қолға алып, 1922-1925-жылдары Ташкенттегі, Семейдегі
оқу орындарында Абай мұрасынан дәріс оқып, ақын шығармаларын “Таң”
журналында жарялап, Абайдың өмір баяны туралы деректерімен
шығармаларын толықтыру жолында толассыз еңбектенді. Абайдың
замандастарына естеліктер жаздырып, оның өмір баяны мен сол заманның
шындық көріністері туралы деректерді қағазға түсіруге кіріседі. Абайдың
мұрасын зерттеу саласындағы алғашқы белсенді жұмысы – Абайдың ғылыми
өмір баянын жазу үшін жаңа деректер жинап, ұлы ақынның шығармаларының
тұңғыш толық қанды жинағын құрастыру жолында қиын да күрделі
жұмыстарға бағыт ұстанды. Осы мақсатпен 1836-жылы Абайдың туған жеріне
барып, 1943-жылы осы үшін арнайы ұйымдастырған экспедицияны өзі
басқарады, 1945- жылы ұлы ақынның 100 жылдық мерекесінің алдында Семей
өңірі,
Ақмола,
Қарағанды,
Солтүстік
Қазақстан
аймақтарына
да
экспедициялар шығару мәселесін қояды.
1924-жыл М.Әуезовтың Абайдың өмірі мен шығармаларын зерттеп,
жинастырудаерекше орны бар тарихи кезең болып табылады. 1922-жылдан
бастап М. Әуезов Абай шығармаларының толық жинағын құрастыру,
Абайдың өмірбаянынанжаңа деректерді жинау, ұлы ақынның мұрасы туралы
ғылыми мақалалар жазып А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын
баспасөзде және дәріс оқу орны арқылы көпшілікке таныстырып, насихаттау
жұмыстарын бірге алып жүреді.
1933-жылы жарияланған А.Құнанбаевтың өмірбаяныныңтұңғыыш берілген
нұсқасында М.Әуезов ақынның шығармашылық, өнерпаздық жолының
145
басталуы мен оның бастан кешкен әртүрлі әлеуметтік оқиғаларға араласқан
өмір жолынан байланысты 13 өлеңіне сүйенеді. Осы өлең-үзінділер жайдан
жай алынып қоймастан, олардың солай аталуы себептері де Абайдың өзі
араласқан әр түрлі оқиғалардың желісінен ұштастырылып, кейбіреулерінің
жазылуының себептері де ашыла түседі.
1940-жылы Абай өмірбаяны мен оған қосымша ретінде берілген деректерінде
жалпы түрде 24 өлеңі қамтылады.
Бұл жылы алғашқы өмірбаянымен салыстырғанда 8 өлең атауы жаңадан
қосылып, “Құлақтан кіріп бойды алар...” өлеңі Абай Құнанбаевтің
композиторлық – сазгерлік өнерін таныстыруға байланысты беріледі.
Абайдың әндері негізінен өз тарапынан қазақ өлең құрылысына ендірген
жаңа түрлердің өлеңді тыңдаушыға тосырқаусыз жетуін ойластырудан
туындаған әркет екенін көрсетеді.
1949-жылы“Абай жолы” эпопеясының “Абай” аталған алғашқы екі кітабына
КСРО мемлекеттік сыйлығы беріледі.
1959-жылы “Абай жолының” тұтас төр томына Лениндік сыйлық беріледі.
“М.О.ӘуезовXIX-ғасырдың 40-50 жылдарын қазақ әдебиетінің дамуы
тарихында бұрын болып көрмеген ренесансқа айналдырды. Мұның заңды
болуы себебі-“Абай жолы” сияқты шығарма осы кезге дейін қазақ әдебиетінде
болған емес еді”. (1)Ғ. Мүсірепов " Суреткер парызы" А,1970. 163 б.
М.Әуезов төрт томдық “Абай жолы” эпопеясы арқылы бүкіл дүние жүзіне, өз
отандастарына, қазақ халқының өзіне қазақ дегеннің кім екенін таныта білді.
Нақтырақ айтсақ, қазақ халқының ұлылығын, оның өшпес өмір тарихын,
тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақтың мінезі қалыптасқан трагедиялық және
шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып,
жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, “Абай жолын”
оқыған Бенжамин Матин “қазақ неткен ғажайып халық”, - деп таңырқаса,
Константин Федин “өзінің қалай қазақ болып кеткенін білми қалған”.
Абайдың өз басы, ой- санасы, ұғым- нанымы, жалпы ішкі дүниесінде, әрине,
бір орнында тұрып қалған жоқ. Үздіксіз өзгеру, өрбу, жаңғыру, жаңару үстінде
болатын. Расында бұл үдерістің ішкі дәйектері, бөлшектері, психологиялық
талдау дегендер аттаған сайын кездесіп отырады, ру аралық жанжалдар, талас
тартыстар, олардың өршіп, асқынуы, қарулы қақтығыстар – Абайдың өзі өмір
сүріп, өсіп келе жатқан ортаға деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастырады.
Бара-бара жас азаматөз жөнін іздеп, бағытын баңдарлайды. Абай ақиқатты
ақын көзімен таниды. Түрліше өлу-тірілулер, өшу-жану, осы қалыптастырған
салт-сана, әдет-ғұрыптар... Осылардың бәрін абай сырттай бақылайды, бар
ақындық болмысы мен іштей толқына сезінеді, тебірене түйсінеді, жіне
осылардың бәріне бейтарап қарай алмайды, қалыс қалмайды, әр құбылысқа
өзінің қарым-қатынасын белгілейді, не құптайды, не қарсы болады, сол ретпен
белсенді қимылға көшеді.
Адамдардың ара қатынасын ғана емес, тіпті табиғат құбылыстарының өзін
Абай статикалық халде емес, динамикалық күйде анық ақындық түйсікпен
тура тірілтіптүсінеді.
146
Абайдың ақындық білімі, ішкі дүниесіосылайша нәзік және терең түрде
ашылады. Бұл шындыққа енді Абайдың көзқарасы да басқаша. Абай, сөйтіп,
өз өмірінің биік қиясына қарай адымдап, өрлеп келе жатады: “Қияға қадам
басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы таұыр құм мен шалшықты
жарып, әлсіз, нәзік шешек атып жас шынар пайда болған. Сондай бір өмір гүл
шашқан. Енді бір күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас
қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті жау дауылы да қатар болудан
қалған еді”.(3)М. Әуезов Абай жолы, А, 1961. 1т, 383 б.
1-ші кітапта Абай осылайша азамат ретінде қалыптасса, екінші кітаптан
былай қарай енді өнер адамы – ақын Абай, шын мәніндегі азамат – ақын
көрінеді. Ендігі жерде Абай ақындығының қайнар бұлағына айналды. Ендігі
жерде Абай өнерінің психологиясы көптеген өлеңдерінің туындау құпиясын
ашуға қызмет етеді. Абай ақындығының арға тамыры өзінің туған
топырағындағы төл әдебиетте – халық өнерінде – өзін сәби кезінен қиял
ғажацып ертегілер мен әлдилеген Зере әжеде, мұңшыл жырау – Барласта,
сыншыл жыршы – Шөжеде... жатса, бергі бұтағы мен жасыл жапырағы орыс
әдебиетінде Е.П.Михаэлис секілді орыс достары арқылы қолы жеткен
А.С.Пушкинде, М.Ю.Лермонтовта... жатыр. Романда осы сыр терең және жан-
жақты толғамын табады.
Таланты мен танымы, ұғымы мен білімі, жалпы ой-санасы, ақыл-парасаты
осындай қос арнадан қоретенген азамат ақынның рухани дамуы, қайраткер
ретінде өсуі одан әрі жалғасады.
“Абайдың” 2-ші кітабы мына сөздермен аяқталады: “Алда - өмір, тартыс. Сол
тартыста бұл жалғыз… бір қуаты, бір үлесімі бар… қуаты-ақындық, үміті-
халық”.(4)М. Әуезов Абай жолы, А 1961, 1т. 803 б.
Бұл - біріншіден, М. Әуезов құрғақ, сылдыр сөйлем құрмайды, ең әуелі өзі
тебірене толқын алады да, сол тілсіз сезім тілімен сөйлейді; екіншіден, Абай
емес ау, алдымен Әуезовтың өзі анық ақын; үшіншіден, Әуезов - суретші,
нағыз көркем суретші, қағазды, кітаптың парақтарын аспанға, жерге,
құбылысқа, дүние - тіршілігіне айналдырып жіберетін шебер; төртіншіден,
Әуезов - терең психолог, оқырманның жан дүниесін сілкіп - сілкіп жіберетін
күш! Демек, “Абай жолы” сияқты ғасырлық туындыны тек осындай қабілет
пен қасиеттің адамы ғана туғыза алады.
Классикалық эпопеяда жан тебірентер көркемдік күшпен жинақталған
өмірдің жиынтық шындығы ғылымның әр саласындағы маман адамдар үшін
осындай таным-тағылым қайнары болса, қалың оқырман үшін ақыл мен
сананың, арман мен ойдың сарқылмас кені секілді. Демек, шығармаға ауадай
керек нәрсе – парасат (интеллект) десек, "Абай жолын" оқыған адам өмірдің
өнерге айналған акадетиосынан өткендей болады. Шындығында, таланттар
тарихы мен тағдырын барлай қарасақ, басты жазушылардың бәрі ғұмыр бойы
өзінің бас кітабын жазу мақсатында әрекет еткен және солардың талайы
жазып үлгерге алмай өткен. Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық
туынды сыйлау- тек қана қадау қадау ұлылардың-ғана үлесіне тиген.
147
"Абай жолы" - ұлы жазушының ұлы туындысы бас кітабы, ол өзінің өлшеуні
ғана ғұмырында өлшеусіз шығармашылық ерлік жасап, өзінің осы нау
мәңгілік кітабын жазып үлгеріп кетті. Дананың өз ортасынан әрқашан озық,
оқшау тұратын даралығы да осы арада жатыр.
"Абай жолы" эпопеясы арқылы Абайдың дара тұлғасын көркем әдебиетте
әлемге танытқан М. Әуезовтың абайтану ғұмырының негізін қалап
қалыптастыру, ақын мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіндегі қызметі де аса
зор.
Достарыңызбен бөлісу: |