Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет78/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер 
1.
Сыздықова Р.Шешендік өнер.Алматы.1987ж 
2.
Негимов С.Шешендік өнер.Алматы 1997ж 
3.
Б. Адамбаев. « Шешендік сөздер» А., 1967 ж 
4.
 
https://allrefrs.ru/2-1112.html

https://kznews.kz/bilim
,  


150 
5.
 
https://stud.baribar.kz/

https://www.kaznu.kz/
 
ӘОЖ 896.340:94
5-7 СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ЖАҢА 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Абдираманова А.Т.
№42 Хамза атындағы ЖОМ, Шымкент, Қазақстан 
Summary
This article discusses ways to effectively use new teaching methods in a literature lesson. 
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің 
бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білуі,
шешен де ойлы сөйлей алуы. Рухани тәрбие көзі – әдебиетте. Соның бір жанры 
– айтыс. 7-сыныптың бағдарламасында берілген Сүйінбайдың Қатағанмен 
айтысын оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер тақырыпты жанрлық 
тұрғыдан түсіндіріп қана қоймай, оқушыларды шығармашылық сипатта 
дамытуға бағытталған.
Айтыс – ауыз әдебиетіндегі ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр. 
Көшпелі елдің өмірімен бірге жасасып келе жатқан бұл жанрдың халық 
мәдениеті мен өнеріндегі мәні зор. Айтыс қазақтың жиын-тойының сәнін 
келтірсе, екінші жағынан әлеуметтік мәселелердің талқыға салынып, ел мүддесі 
таразыланып жатады. Мұхтар Әуезов айтыс жанрының әлемдік сөз өнері 
тарихында қазақ әдебиетіне ғана тән екендігін атап көрсетеді де, оны әлемдік 
сөз өнері дамуымен сабақтастыра бағалайды: «Тегінде қазақтағы айтыс 
өлеңдері – өзге жұрттың әдебиетінде кез келмейтін, біздің әдебиеттің 
байлығына дәлел болған айрықша бір түр». Айтыс өнері мен айтыс атауының 
шығу тарихы жөнінде М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Р. 
Бердібаев, М. Жармұхамедов, Ә. Қоңыратбаев сынды әдебиетші ғалымдарымыз 
пікір айтып, оның түрлерін жан-жақты зерттегендігі баршамызға мәлім.
Сабақ жоспарын құрғанда Марал Жанпейісованың технологиясы 
бойынша топтық және жұптық жұмыс түрлерін әр сабаққа енгізуді жөн көрдім, 
өйткені бұл тәсілдер сабақтың ұтымды өтілуіне көп септігін тигізеді. Осы ретте 
топтық жұмыс түрін жүргізу өте қолайлы, бір ескеретін жайт сұрақтарды 
құрастыруда мұғалім оқушы нені анық білу қажеттігін іріктеп алуы қажет. 
Оқушылардың санына орай топтарға бөліп, тапсырмалар үлестіріледі. 
Ойын элементтері арқылы оқыту оқушылардың әдеби тіл нормасын 
меңгеруге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Оларға тоқталар 
болсақ: «Домино», «Кім жылдам», «Алтын балық», «Ойлан, тап», «Жұмбақ 
айтысы», «Мақал сайысы», «Сөзжұмбақтар», қызықты грамматикалық 
тапсырмалар , «Әрі ойын, әрі оқу»,«Тізбек», «Лото», «Брейнг- ринг», «XXI 
ғасыр –көшбасшысы» т.б. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, алуан 
мәліметтерді, дағды мен білімді меңгереді. 
Бұл 
жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары 
жеткіншекке ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі,


151 
жеткіншектің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Өз 
бетімен әрекеттену әдістерін меңгерте отырып, оның танымдылық және 
шығармашылық икемділігін дамыту, әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік 
деңгейіне орай оқыту, барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
негізгі мақсатты құрайды.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды 
өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды 
қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу 
әрекетіне жетелеп, олардың білімге деген ынтасын оятады. Қазіргі кезде 
педагогикалық технология ұғымы лексиконымызға берік еніп келеді. 
Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың 
жиынтығы деген ұғымды білдіреді. 
Оқушылардың 
рухани 
дүниесін 
байыта 
отырып 
эстетикалық, 
интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; 
оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби 
мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті 
білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша 
тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, 
қалыптастыру болып табылады: 
— көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту
жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру; 
— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз 
болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру; 
— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып 
сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін 
дәйекті, жүйелі айта білуге баулу. 
Әдебиет — өнер, әдебиет — ұлттық қазына, асыл мұра.Әдебиет – ұлттық 
танымның қайнар көзі.
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, 
талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу 
бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен 
жүзеге асса, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын 
ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, 
қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен 
мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі бар: 
-Образ бойынша; 
-Тақырыптық; 
-Тұтас; 
—Автор ізімен .
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың 
мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, 
жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.


152 
Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін 
дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім 
табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау. Ол көркем туынды 
негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін 
сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-
әрекеті т.б. негізінде туындайды. 
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қамтитын аймағы мектептегі 
әдебиет пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен 
тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігінен берілетін 
таңдау курстарында жүргізілетін әдебиет сабақтарында мұғалім мен 
оқушының оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз 
өнерін, көркем әдебиеттің өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында 
белгілі дәрежеде оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, 
ізгілік ,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру
заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі. 
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның 
адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- 
бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әрбір сабақта жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен 
жетістіктерге жетелейді. Шәкірттің тек кемшілігін көретін мұғалім оның 
ықыласын өшіреді. Сабақтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін 
аша білу. Ұстаз – адамды қалыптастырушы тұлға. Ал бiлiмдi, жан-жақты 
қабілетті ұрпақ ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. 
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы 
барысында мұғалімдер мемлекеттік стандартта берілген нәтижелерге жетуде 
кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде 
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті 
жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі білім берудің 
басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға 
қалыптастыру. 
«Адам мақсатына өзін — өзі жетілдіру арқылы жетеді», — деп Әбу 
Насыр Әл-Фараби айтқандай, ақпаратық технологияны игеру үшін ізденуге, 
білімденуге ұмтылу қажет.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім екені белгілі. Ізденімпаз 
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, 
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет