Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет83/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
Өмірбекова Қ.Қ. Логопедия: Оқулық / Қ.Қ.Өмірбекова, Г.С.Оразаева, Г.Н.Төлебиева, 
Г.Б.Ибатова [Текст] / Қ. Қ. Өмірбекова. – Жаңа басылым. - Алматы: ҚР ЖОО 
Ассоциациясы, 2020. - 648 б. 
2.
Дүйсенбаев А.К., Балтымова М.Р. Логопедия негіздері [Мәтін]: оқу құралы /.- Алматы: 
Отан, 2017.- 192б. 
3.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. –Алматы, 2001ж. -200 бет. 
ӘОЖ
ҚАЗАҚ ТЕРМИНТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ 
Жолдасбек Д.Н.
– М1701-11 тобының магистранты 
Ғылыми жетекшісі: Оразбаева Э.Б.
– ф.ғ.к., доцент м.а.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент 
Резюме:
В статье рассказывается о становлении и изучении казахской терминологии 
Қоғам тілді әлеуметтік өмірдегі ең маңызды қатынас құралы ретінде жоғары 
бағалай отырып, оны жіті қадағалайды. Өзгеріс пен даму қоғамдық 
құбылыстардың бірі болғандықтан, әлеуметтік құбылыстарды айнадағыдай 
бейнелейді. Өткен құбылыстың бәрі қоғамда орын алады, тілде өз орнын 
табады, сондықтан сөздік арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігін елестетуге 
мүмкіндік туады, ал қоғамның дамуында тілдің дамуын көруге болады. 
Қоғамның дамуы арқылы тілдің дамуы да жүзеге асады. Алайда тілдің жеке 
сөздерінің даму деңгейі бірдей емес. Олардың кейбіреулері үлкен өзгерістерге 
ұшырамайды (мысалы, тілдің грамматикалық категориялары, дыбыс жүйесі). 
Тілге осы тұрғыдан қарайтын болсақ, тілдің әлеуметтік қызметінің кеңеюі мен 
дамуы тілдің дамуының бір көрсеткіші екенін аңғарамыз. Тілдің дамуындағы 
елеулі өзгерістер, оның ішінде оның терминдік қабаты халық өміріне түбегейлі 
өзгерістер енгізді, мысалы, сауатсыздықпен күресу, жаңа мекемелердің, 
бастауыш мектептердің ашылуы, басылым газет-журналдар, т.б. қазақ тіліндегі 
жаңа лексиканың дамуына серпін берді. Бұл кезеңде қазақ тілінің сөздік 
қорының өзінің нығаюы мен дамуы ғана емес, қазақ тіліндегі 
интернационалдық лексиканың да кеңеюі байқалды. 
«Термин дегеніміз - ғылымда, техникада, искуствада қандайда болмасын 
бір ұғымның нақты мағынасын білдіретін сөз не сөз тізбектері. Терминдер 
қашанда бір мағыналы болып келеді» [1, 26]. Қазақ әдеби тілі сөздік қорының 


164 
жаңадан жасалып, немесе қабылданып жатқан терминдік атаулар есебінен күн 
санап баюы, толассыз толыға түсуі, әрине, тікелей ғылыми-техникалық 
прогресске байланысты жаңа құбылыс. Жалпы сөз байлығымыздың бүгінде 
үштен 
екісі 
терминологиялық 
лексикадан 
тұратындығын 
ескерсек, 
терминология деп аталатын проблеманың ғылыми-практикалық зор мәніне 
ешкім де шек келтірмесе керек.
Қазақ тілінде термин жасаудың, оны іс жүзінде қалыптастырудың және 
жүйелі қолданудың нақтылы ғылыми-практикалық шаралары 20-шы 
жылдардан басталады. Қажеттіліктен өріс алған бұл іске оған тіл табиғатын 
терең түсінетін сауатты да саналы азаматтар, ғалымдар, жазушы, журналисттер, 
мәдениет қайраткерлері қатысады. Терминология мәселесі ресми түрде бірінші 
рет 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақстандық мәдениет және ғылым 
қайраткерлерінің І съезінің күн тәртібінде қаралған екен. 1926 жылы Баку 
қаласында өткен терминологтардың Бүкілодақтық І съезі де түркі тілдерінің 
терминология мәселелеріне ерекше мән берді. Қазақ тілі бойынша жасалған 5 
баяндаманың бесеуі де терминология, алфавит және орфография мәселелеріне 
арналған болатын. 1930 жылы Мәскеу қаласында халық ағарту ісін арнайы 
қараған Бүкілодақтық мәжілісте де КСРО халықтары тілінде термин жасаудың 
ғылыми принциптері қарастырылды. 1930 жылдан бастап ұлт тілдерінде 
термин жасау процесіне Жаңа алфавит комитеті, ал 1933 жылдан тақ бүгінге 
дейін КСРО Ғылым академиясы жанынан құрылған Ғылыми-техникалық 
терминология Комитеті бір ортадан басшылық етіп келеді. Ал Қазақстан 
жағдайында, қазақ тілінде термин жасау мәселесіне келсек, оған 1925-1933 
жылдар аралығында Қазақ ССР Оқу-ағарту Халық комиссариаты жанындағы 
методикалық бюро жетекшілік жасап келеді. Ол 1930 жылы орталықта 
құрылған Жаңа алфавит Комитетімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Ал 1933 
жылы Қазақ автономиялы республикасы Халық Комиссарлар Советінің 
қаулысы бойынша Мемлекеттік терминология комиссиясы (қысқаша 
Мемтерминком) құрылды. Оның тұңғыш председательдігіне профессор 
Құдайберген Жұбанов сайланды. Тарихи деректерге жүгінсек, қазақ тілі 
бойынша бірінші терминологиялық сөздік 1931 жылы «Атаулар сөздігі» деген 
атпен басылып шыққанын білеміз. Мемлекеттік терминология комиссиясының 
алғашқы еңбегі ретінде Қ.Жұбанов, К.Басымов сияқты ғалымдардың 
мақалалары мен математика, физика, ботаника т.б. ғылым салалары бойынша 
бекітілген терминдер тізімі жарияланған «Бюллетеньнің» 4 санын атауға 
болады.
Ұлт тілінде термин жасаудың тамаша үлгісін көрсеткен Ахмет 
Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастырудағы қосқан үлесі 
зор. Алғашқы сayaт ашу құралы ретінде жазған «Оқу құралында», сонымен 
қатар, «Әліп-би» мен «Тіл – құрал» еңбегінде қазақ тіл біліміндегі басты, негізгі 
терминдерді жасады. Ғалым тілді жұмсай білу, сөзден сөз жасап шығару екінің 
бірінің қолынан келе бермейтін іс екендігін атап өткен. Ғалымның аталмыш 
еңбектерінің өзінде қазіргі кезге дейін қолданылып келген зат есім, сын есім, 
сан есім, етістік, есімдік, шылау, жалғау, жұрнақ, т.б терминдерді жолықтыруға 


165 
болады. Ғалым тек қазақ тіл біліміне тән термин атауларын ғана емес, барлық 
ғылым салаларына тән терминдер жүйесін жасап шығарған. Ғалымның 
«Әдебиет танытқыш» еңбегі жөнінде әдебиетші ғалым Р.Нұрғали мынадай 
пікір айтады: «…қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, 
методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-
түгел осы кітапта қалыптастырылған» [2, 12]. Ахмет Байтұрсынұлы – тек қазақ 
тіл білімінің ғана емес, әдебиеттанудың да терминдерін ана тілімізге аударып, 
жасақтаған алғашқы ғалым болып табылмақ. 
А.Байтұрсынұлының еңбектеріндегі терминология мәселелерін зерттеген 
Қ.Ибраимов ғалымның термин жасау барысындағы негізгі ұстанған 
принциптері ретінде мыналарды көрсетеді: 

Терминнің түсініктілігі; 

Терминнің ана тілі негізінде жасалуы; 

Көпшілік түсінбейтін, бірақ қолданыста бар арабша, парсыша 
терминдерді қолданыстан тыс шығару; 

Қажеті мол жағдайда жат тілдің терминін де қолдану (Еуропа және 
араб, парсы тілдерінен) [3, 5]. 
Ғалымның бұл пікірінен аңғаратынымыз, А.Байтұрсынұлы тіл тазалығына 
басты назар аударған, қажетiне қарай басқа тілден терминдер алудың 
артықшылығына да тоқталған. 
Ал ғалым Ө.Айтбаев «Қазақ сөзі» атты зерттеуінде А.Байтұрсынұлының 
«Тіл – құрал» атты еңбегінің қажеттілігін бағалай отырып: «А.Байтұрсынұлы 
жасаған терминдер жүйесі, бір қарағанда оп-оңай болып көрінгенмен, ол – өте 
күрделі де терең ізденістер нәтижесінде пайда болған ғылыми туынды», – деп 
ғалымның қазақ терминтанымындағы ерек орнын атап көрсеткен болатын [3, 
7]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет