93
Біздің жағдайымызда білім мазмұны болашақ дене шынықтыру
мұғалімдерін өз әрекеттерін, дара және тұлғалық сапаларын тұрақты өзі сыни
тұрғыда бағалап, өзіндік түзетулер жасап отыру тетіктерін меңгертуді
қарастырады. Тек сонда ғана онда кәсіби жетілу, қоғам талаптарына сай маман
болып шығу мүмкіндіктері жүзеге асады. Бұл
ЖОО оқу бағдарламаларының
жыл сайын белгілі бір бөлігін жаңартып отыру туралы құзырлы органдардың
шешімімен де сай келеді.
Н.Н.Нечаев кәсіби даярлаудың университеттік формасымен байланысты
үш деңгейді анықтады [178]. Оқытудың әр деңгейінде әр деңгейге тән кәсіби
міндеттерді шешу үшін қажет белгілі бір кәсіби сапа жиынтығы жасалады.
Біздің ойымызша, білім алудың әр деңгейі өзіне тән рефлексия түрінде жүреді.
Мысалы:
1. Пәндік деңгей:
бұл деңгейде оқыту мазмұнына кәсіби бағдарланған
көзқарас қалыптастыру және қабылдау мен көрсетуді категориялау жүзеге
асырылады. Ұсынылып отырған пәннің болашақ маманның кәсіби
дайындығында алатын орыны рефлексияланады. Осы тұста қазіргі тәжірибеде
мамандыққа жанама ғана қатысы бар пәндердің оқу бағдарламаларында жүруі
жиі кездесетін жайт екенін айта кетуіміз керек.
Мұны студенттердің оқыту
мазмұнын таңдауға қатыстырыла бермейтіндігімен түсіндіруге болады. Демек
пәнді таңдау үшін жасалатын рефлексиялық әрекеттің алар орыны ерекше
екендігі даусыз.
2. Теориялық деңгей:
ішкі іс-қимыл жоспарының негізгі кәсіби
сипаттамаларын, кәсіби ойлау түрі мен кәсіби қызметтің стандартты әдістерін
қалыптастыру нәтижелерін көрсетеді. Осы деңгейде болашақ мамандардың
оқытылатын пәннің теориялық мазмұнын рефлексиялау жүзеге асуы тиіс. Ол
оқу материалының мазмұнын білу сияқты факторды анықтауға көмектеседі.
Бұл жағдайда бар білімді жаңа талдаумен біріктіруге негізделген түрлі әдістер
қолданылады Студенттер пәнде қарастырылған тақырыптар мазмұнына сәйкес
олар
қандай жаңа мағлұматтар алды, нендей жаңа білімдерді иеленді деген
тұрғыдағы рефлексия жасау қарастырылады.
3. Практикалық деңгей:
осы деңгейде маманның интегралды тұлғасының
«өзегі» қалыптасады, кәсіби мәселелерді шешуге жеке-дара көзқарас
анықталады.Бүгінгі таңда студенттердің дәрістерге қатысуы, олар оқыған
ақпараттың жазбалары және тесттер мен емтихандардың
негізінде өтуі
жеткіліксіз. Студенттер үшін болашақ кәсіби жетістіктің кілті - таңдаған
мамандыққа, алған біліміне деген үнемі қызығушылық. Оқу іс-әрекеті үрдісінде
студент өзінің кәсіби қызметіне көшетін өзіндік оқу стратегиясын, білімін
дамытуы керек. Рефлексиялық жаттығулар барысында қалыптасатын дағдылар
оның болашақ кәсіби қызметіне бағытталған болуы керек. Болашақ педагогқа
қажетті қасиеттерін, оның ішінде біз зерттеп отырған сапаның қалыптасуын
тәжірибелік жолмен игеруде жүргізілетін рефлексиялық жаттығулар, олардың
тигізер
пайдасы бағаланады, өзінде нендей өзгеріс орын алғандығы
таразыланады.
94
Осыларға тоқтала келе, болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің
рефлексивтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған өзіміз даярлаған
элективті курс мазмұны мен жүргізілу әдістемесіне кеңірек тоқталамыз.
Қалыптастыру экспериментінің міндеттерін жүзеге асыру бағытында 2
кредитке (15 сағат – дәріс, 15 сағат – практикалық сабақ, 45 сағат – СӨЖ және
СОӨЖ)
«Спорт педагогының рефлексивті мәдениеті»
атты элективті курс
бағдарламасы әзірленді (Қосымша Ж). Пән Қазақ спорт және туризм
академиясы жылғы № шешімімен 5В010800-Дене шынықтыру
мамандығының жұмыс-оқу жоспарына ендіріліп, тәжірибеден өтті.
Элективті пәннің мақсаты -
болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің
рефлексивті мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін меңгеруге
жағдай жасап, әдістемелік қамтамасыз ету.
Пәннің міндеттері:
-
болашақ
дене
шынықтыру
мұғалімдерінің
«рефлексия»,
«педагогикалық рефлексия», «рефлексиялық мәдениет» ұғымдарының мәнін
ұғынуға көмектесу;
-
студенттердің рефлексивті мәдениетін қалыптастырудың тетіктерін
меңгеруге жағдай жасау;
-
студенттердің рефлексиялық жаттығулар негізінде интеллектуалдық
деңгейлерін,
тұлғалық қасиеттерін, кооперативтік бірлескен әрекеттерін,
эмоционалдық жағдайларын анықтау, оларды жетілдіру мен түзету амалдарын
қолдану алу біліктерінің қалыптасуына ықпал ету.
Төменде ұсынылып отырған элективті пәннің оқу –тақырыптық жоспары
келтіріледі (кесте 9).
Кесте 9 – «Спорт педагогының рефлексивті мәдениеті» пәнінің тақырыптық
жоспары
№
Тақырыбы
Оқу түрі, күндізгі
Б
арлы
ғы
Дә
ріс
Т
әж
іри
бе
С
ӨЖ
С
ОӨ
Ж
I МОДУЛЬ.Рефлексивті мәдениетті қалыптастырудың теориялық
-
әдіснамалық
негіздері
1
2
3
4
5
6
7
1.1 «Рефлексиялық мәдениетті қалыптастыру негіздері» пәні,
мазмұны және міндеттері
6
1
1
3
1
1.2 «Рефлексия» ұғымының пайда болуы
6
1
1
3
1
1.3 Рефлексияның философиялық мәні
6
1
1
3
1
1.4 Рефлексияның психологиялық мазмұны
6
1
1
3
1
1.5 Педагогтың кәсіби рефлексиясы
6
1
1
3
1
II МОДУЛЬ. Әрекетті рефлексиялау
2.1 Рефлексияның түрлері
6
1
1
3
1
2.2 Рефлексияның формалары
6
1
1
3
1
2.3 Рефлексияның қызметі
6
1
1
3
1
95
9 – кестенің
жалғасы
1
2
3
4
5
6
7
2.4 Тұлғаның рефлексиялық қабілеті
6
1
1
3
1
2.5 Педагогтың рефлексиялық мәдениеті
6
1
1
3
1
III МОДУЛЬ. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында дене шынықтыру пәні мұғалімінің
педагогикалық рефлексиясының орны мен ролі
3.1 Дене шынықтыру пәнін оқытудағы рефлексияның орны
мен ерекшеліктері, сабақ құрылымындағы орны мен ролі
6
1
1
3
1
3.2 Оқытудың
жаңа технологиялары және олардағы
рефлексиялық жаттығулар
6
1
1
3
1
3.3 Тренинг – рефлексивті мәдениетті дамыту құралы
6
1
1
3
1
3.4 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексиялық
мәдениетінің критерийлері
6
1
1
3
1
3.5 Пән бойынша рефлепрактикум түріндегі қорытынды
сабақ
6
1
1
3
1
Барлығы
90
15
15
45
15
Пәннің оқу тақырыптық жоспарында келтірілгендей мазмұн 2 модульден
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: