97
Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметі
рефлексияға негізделуінің
қажеттілігі туралы жұмысымызда тоқталып келеміз. Педагогикалық
мәселелерді шешу барысында жедел әрекет етуді қажет ететін жағдайлар жиі
кездеседі. Мәселен, қозғалыс әрекеттерін, әсіресе үйлесімділік қабілеттерін
көрсету
тиісті болғанда, күрделі әрекеттерді үйрену кезінде қателік
жіберетіндер жиі кездеседі. Олар оқушының теориялық, техникалық,
физикалық, психикалық дайындығының деңгейіне, сыртқы жағдайларға, оқыту
әдістеріне, сәттілікке және жаттығудың жылдамдығына байланысты орын
алады. Оқушылар тарапынан жіберілген қателіктердің себебін анықтау, тағы да
қайталанбауы үшін бірлессе талдау мұғалімнің міндеті.
Қатенің себептерін
анықтау үшін мұғалім орындалған әрекетке критериалды талдау жасап, қатені
жою үшін түзету әдістерін қолдануы қажет. Осылайша, оқу процесінің тиімді
болуын қамтамасыз ету үшін студенттерде
рефлексивті мәдениетті
қалыптастыру қажет.
Ол үшін оқытушы (біздің жағдайымызда болашақ дене шынықтыру
мұғалімі) оқушының рефлексиялық әрекетін дәріс пен семинар сағаттарының
қай кезеңдерінде жүргізілу керектігін және оның қандай қызметтерді атқарауға
тиіс екендігін өте жақсы білуі тиіс деп санаймыз. Сондықтан төмендегі кестеде
осы мәселеге арнайы тоқталып отырмыз.
Кесте 10 - Рефлексияның оқу әрекетінің әртүрлі кезеңінде қолданылуы
Дәріс кезеңдері
Рефлексияның мақсаты
Мазмұны
Дәріс,
семинар
басындағы
рефлексиялық
жаттығулар
Студенттерді
танымдық
әрекетке ынталандыру. Олардың
жалпы
және
арнайы
білік
дағдыларының
қалыптастыру
шеңберінде
жеке
мақсаттар
таңдауына көмектесу.
Білім алушылардың жалпы
оқу
және арнайы дағдыларын
қалыптастыру
шеңберінде
жеке мақсаттарын таңдауда
көрінеді
Жаңа білімдер мен
біліктер
қалыптастыру
кезеңіндегі
рефлексиялық
жаттығулар
Студенттердің
қарастырылып
отырған
мәселе
жайлы
білетіндері мен әлі білмейтін
білімдерінің шекарасын түсінуге,
жаңа білімдер жинақтау үшін
жасалған әрекеттердің мақсатын
түзуге ықпал ету
Білім алушылар өзі үшін
тақырып
бойынша
білім
тереңдігін
анықтап,
тапсырмаларды
дұрыс
орындағандығын
өз бетінше
бағалайды.
Сабақтың қорытынды
бөлігіндегі
рефлексиялық
жаттығулар
Студенттердің
дәрістің
мазмұндық нәтижелерін талдауға
және сабақтан алған әсерлерін
бағалауға көмектесу.
Білімгерлердің игерген білім
деңгейлерін
ұғынуы,
алға
жылжу
деңгейлерін
айқындауы.
ЖОО білім алу үрдісінің қай кезеңіндегі болмасын рефлексивті
бақылаудың мазмұны –оқытушы студентті қажетті
шешімдер мен әрекеттерді
қабылдауға мәжбүрлемей, бірақ оған бұл үшін ақпарат - ақпарат беруді,
ұйымдастыруды көздейді. Бұл студенттердің ақыл-ойы мен белгілі бір мінез-
құлқының дайындығын анықтайды. Рефлексивті бақылауды алудың оқу
процесінде олар студентке оған қажетті оқу мақсатын қалыптастыруда жағдай,
98
тақырып, құбылыс туралы барабар түсінік қалыптастырудан тұрады. Осы
бағыттарда жүргізілетін рефлексиялық жаттығулар мен тапсырмаларды
орындау барысында болашақ дене шынықтыру мұғалімдері өз іс-әрекетіне баға
беріп ой қорытындылар жасауға машықтанады. Оқу үдерісінде
рефлексия
жасау негізінде келешек маманың тұлғалық сапасы және өз жетістіктерін
бағалауының жаңа бағыттары көрініс табады.
Біз
зерттеу аясындағы элективті курста қолданған дәрістерде
студенттердің дедуктивті және индуктивті ой қорытындыларын жасауына
мүмкіндік беретін жағдайда өткізуді мақсат еттік.Студент дәрісті тыңдай
отырып, оқу материалындағы негізгі ойды, одан
ары қарай зерттеуді, ізденісті
қажет ететіндігін ұғынуы тиіс.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін
қалыптастыру үшін дәрістің дәстүрлі түріне қарағанда келесі типтерін
пайдалану жоғары нәтижелер береді:
–
Достарыңызбен бөлісу: