Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет57/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Байланысты:
дш

Диалогтық оқыту
болашақ дене шынықтыру мұғалімінің рефлексиялық 
мәдениетін қалыптастыруда тиімді қолданылады. Біз жұмысымызда оқу 
диалогын 
студенттердің 
зерттеліп 
отырған 
сапасын 
жетілдірудің 
педагогикалық шарты ретінде алып, алдыңғы параграфта сипаттап кеткен 
болатынбыз. Диалог негізінде оқытушы мен студент арасындағы қарым- 
қатынас арқылы шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына жол 
ашылады

Диалогтық өзара әрекеттесуін ұйымдастыру оқытушыдан 
ашықтықты, жеке стереотиптерін жеңуді, әрбір студентті тұлға ретінде белсенді 
қабылдауды талап ететін күрделі жұмысты болжайды [179]. 
Қазіргі кезде әлемде білім беру үрдісін инновациялық дамытуға арналған 
ең озық технологиялары қолданылуда. Біз өз тәжірибемізде «Оқу мен жазу 
арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту», кейске негізделген технология, 
проблемаға бағытталған оқыту технологиясын жиі пайдаландық. Бұлардың 
барлығы студенттердің өзіндік танымдық әрекетін жоғары орынға қоятын, 
білім алу үшін ізденуге негізделген оқыту жүйелері. Білім алушыларды 
тәжірибе арқылы шынайы өмірге дайындауды қамтамасыз етеді. 


100 
«Оқу 
мен 
жазу 
арқылы 
сыни 
тұрғыдан 
ойлауды 
дамыту» 
технологиясындағы топтық жұмыстар, ой шақыру, ой қозғау әдістері, 
интерактивті стратегияларды тұрақты пайдалану студенттердің белсенділілін 
арттырып, дербестігіне, субъектілігіне оң ықпал етеді. Әсіресе осы 
технологияға сәйкес құрылатын дәріс, семинар сабақтарының рефлексиямен 
аяқталуы біз зерттеп отырған мәселенің шешімін табуға ықпалы зор болды деп 
санаймыз. Әр сабақты рефлексия, кері байланыспен аяқтау студенттердің өз 
әрекетіне басқаның көзімен қарап, баға беру қасиеттерінің қалыптасуына әсер 
етті. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастыру жеке және топтық формада жүзеге асады. Оларда студенттердің 
бір-бірімен және оқытушымен түсінісуі, пікірлесуі, ой алмасуы, дәріс 
материалдарын талдауға қатысты ой қорытуы қажетті нәтижелерге қол 
жеткізуге жол ашады. Сондықтан, 
оқу диалогын 
рефлексивті мәдениетті 
қалыптастыру үдерісінде пайдалану ақпараттарды бірлесіп талдауға, жаңа 
мәтін жайында бір-бірінің ойын білуге, өз көзқарасын дәлелді жеткізуге деген 
ұмтылыстарын арттырады. Диалогтық оқыту жайында жұмысымыздың 
жоғарыдағы паратрафында тоқталып кеткен едік. Бұл жерде оны 
ұйымдастыруға әдістемелік тұрғыда сипаттау керек деп санадық. 
В.В.Сериков білім алушылардың диалог жағдайына енуінің бірқатар 
шарттарын атап өтеді: 

студенттердің диалогтық қатынасқа дайындығын анықтау, яғни базалық 
білімдерін, қатынас тәжірибесін, жеке көзқарастарын орнату және басқалардың 
пікірін дұрыс қабылдауы;

студенттердің «тірек мотивтерін» табу, яғни диалог барысында тікелей 
немесе жанама түрде студенттерді толғандыратын мәселелер және сұрақтар; 

оқу материалын мәселелі-қайшылық туғызатын сұрақтар жүйесіне 
өңдеу; 

диалогты дамытудың әртүрлі нұсқаларын ойлап табу; 

дискуссияға қатысушылардың, олардың мүмкін болатын рөлдерін, өзара 
әрекеттесу тәсілдерін жобалау («оппонент», «рецензент» «эксперт» және т.б.); 

дискуссия нәтижелерін алдын-ала білу, соның ішінде бәсекені 
дамытудағы мүмкін болатын «дағдарысты жағдайдарды» болжау және т.б [180, 
с. 36]. 
Е.О.Галицких өзінің зерттеу жұмыстарында «диалог атмосферасында 
адамның рухани өміріндегі шығармашылық қүндылықтар дамиды» деген 
болатын. Ол білім жүйесіндегі диалогты тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және 
рефлексиясын қамтамасыз ететін, шынайылықты тану мен дидактикалық 
қарым-қатынас ортасын құру ретінде түсіндіреді [181]. 
Пікірталас
– белгілі американдық әлеуметтанушы Карл Поппер тарапынан 
ұсынылған форма. Пікірталас сыни ойлаудың дамуына тікелей ықпал 
жасайтын, студенттердің сыни талдау дағдыларын дамытатын маңызды форма. 
Сыни ойлау дегеніміз - санадағы ойлар мен идеяларды анықтау, талқылау, 
негіздеу және талдау деген сөз. Пікірталас барысында міне осы аталған 
функциялардың барлығы орындалады. Дебат барысында сыни ойлау 


101 
дағдыларынан бөлек, ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық, қарсыласты 
тыңдай білу және оның келтірген аргументтерін өзінікімен салыстыру сияқты 
дағдылар дамиды. Жоғары оқу орнында пікірталас формасын пайдалану келесі 
негізгі элементтердің болуын қажет етеді: тақырып 
(тақырыптың өзекті 
мәселеге арналуы, нақты құрастырылуы, студенттер үшін маңызды мәнге ие 
болуы); қолдаушы және жоққа шығарушы тараптардың болуы; дәйектер; 
қолдау мен дәлелдер; қарама-қайшы сұрақтар; қазылардың шешімі.
М.М.Левинаның 
пікірінше 
мәселелі 
оқытудың 
маңыздылығы 
«педагогикалық ғылым және практикаға гуманистік бағыт беретін, негізгі 
оқыту технологиясы болып табылады» [182]. Е.С.Полаттың болжамы бойынша 
«ойлану, дискуссия, өз пікірін еркін айту мүмкіншілігі және оны талқылау, 
оқытудың барлық жүйесінің мәселелі бағыттылығы кез-келген формада қазіргі 
білім жүйесінің қалпына енуі керек» [183].
Эссе
– қандай да бір әдеби, философиялық, эстетикалық моральдық немесе 
әлеуметтік мәселелерді еркін баяндау. Рефлексия кезеңінде шағын жазбаша 
шығармашылық жұмыс ретінде бұл тәсіл әртүрлі жағдайда қолдана береді. Эссе 
жазу студенттерге өтілген материал бойынша білімдерін қорытындылауға 
көмектеседі. Оқытушы үшін бұл кері байланыс алуға мүмкіншілік береді. 
Элективті пән мазмұнында қамтылған тақырыптарды ашу үшін біз жоғарыда 
сипатталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа интербелсенді әдістер: 
рефлексиялық тренинг, рефлепрактикум, кейс стади, өзіндік талдау, 
рефлексиялық полилог, позициялық дискуссия, рефлексиялық инверсия, 
рефлексиялық портфолио сияқты жаңашылдық тәсілдерді қолдануды 
жобаладық (сурет 15). Енді осы әдістерге сипаттама береміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет