96
Практикалық сабақтар –оқу материалын өнімді түрде игеруде және нақты білім
алуда жүргізілетін жұмыс. Сондықтан, практикалық сабақ кезінде болашақ
дене шынықтыруоқытушыларының кәсіби
рефлексиясын қалыптастыру
мәселесінің тәжірибелік жолмен шешілуін қамтамасыз етеді. Студенттер бұл
сабақтарда интербелсенді әдістер, тренингтер, рефлепрактикумдар арқылы
рефлексивті мәдениетті қалыптастырудың тетіктерін меңгереді.
Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысында (СОӨЖ)
жүргізілген жұмыстарда студенттер жағдаяттарды талдау немесе кейс –стади
әдісі, пікіралмасу, шешімдер қабылдау тәсілдері
арқылы теориялық білімдерді
бекітіп, тәжірибе жинақтауы ойластырылады.
Студенттің өзіндік жұмысы кезінде (СӨЖ) әдебиеттермен жұмыс, әртүрлі
жазбаша мәліметтер, эссе, презентациялар дайындау және қорғау сияқты
әрекетермен айналысады.
Студенттің білімін бақылау түрлері
: Бақылау түрлері: – ағымдық
бақылау (ауызша, жазбаша, дискуссия, тренинг, тест, дөңгелек стол). Бақылау
түрлері: аралық бақылау; емтихан.
Элективті пәннің бағдарламасында жоғарыда
келтірілген тақырыптардың
мазмұны толық ашылды (қосымша К).
Жоғары оқу орнындағы кредиттік-модульдік оқыту жүйесі бойынша әрбір
оқу пәні дәріс, семинар, СОӨЖ, СӨЖ аясында оқытылады. Демек, біз
даярлаған элективті курс барысында да дәріс және семинар сабақтары
ұйымдастырылды. Зерттеу мақсатына орай біз бұл педагогикалық әрекеттерде
рефлексиялық жаттығулар мен әдістерді кеңінен қолдануды қарастырдық
(сурет 14). Дәріс және семинар сабақтарын өткізу кезінде оқытушыға және
студенттерге қойылатын талаптар мен міндеттемелер де өзгеретін
болады.Жоғары оқу орнының білім беру жүйесінде
дәріс жетекші оқыту
формасы саналады. Олай болса, дәріс:
-
тақырыптық жоспар мен курстың бағдарламасында маңызды орын
алады және курстың негізгі бағыттарын, мәселелерін анықтайды;
-
мәселені одан әрмен өздігінен жүзеге асырудың бағыттарын
айқындайды.
Сурет 14 - Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін
қалыптастырудың дәстүрлі әдістері
Достарыңызбен бөлісу: