Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет56/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85
Байланысты:
дш

ақпараттық дәріс
– монолог түрінде құрылып, репродуктивті ойлау 
арқылы жүзеге асады. Бұл дәріс барысында студенттерге кең көлемдегі 
ақпараттар берілу жоспарланады. Студент оларды өз бетінше зерделеп,
қажетті тұстарын жазып алуы керек. Мұндай дәріс білім алушыларды өтіліп 
жатқан тақырыпқа қатысты мәліметтермен қамтамасыз етуде өте тиімді.

студенттің
 
шығармашылық ойлауын, оқу үрдісіндегі белсенді әрекетін, 
өзіне талап қоюшылығын жүзеге асыру үшін 
мәселелік дәріс 
формасын қолдану 
тиімді.

Бұл дәрісте студенттер бірлескен әрекет жағдайында қойылған мәселені 
шешу жолдарын қарастырып, оған бірдей жауап берге машықтанады.

дәріс
-
визуализация
– білім алушылармен цифрлық технологияларды 
пайдалану 
арқылы 
ұйымдастырылады. 
Болашақ 
дене 
шынықтыру 
мұғалімдеріне өтілетін тақырыпқа қатысты ақпараттық, желілік құралдардағы 
материалдарды ұтымды қолдануды көздейді. Оларды студенттер дәріс 
тақырыбымен байланыста талдай отырып, графикалық бейнелеу, диаграммалау 
сияқты әрекеттер орындайды.

қазіргі кезде жиі қолданылатын дәрістің
 
түрінің бірі
конференция 

болып табылады.

Латынның «confercio» «бір орынға жинау» ұғымынан 
алынған бұл дәрісті ұйымдастырып жүргізуде студенттерге талқыланатын 
мәселелер алдын ала беріледі. Олар кіші топтарға бөлініп оларға қатысты 
ойларын, жауаптарын презентация, жазбаша сипаттама түрінде дайындайды. 
Дәріс барысында оқытушының модераторлығы арқылы тақырып талданып,
ортақ ойлар мен пікірлер жинақталады. 
 

диалог-дәріс 
студенттерді жаңа сабақта қарастырылатын тақырыпты 
талдауға барынша белсенді қатыстыру үшін қолданылады

Дәрістің мақсаты 
сұрақтар түрінде дайындалған тақырыптағы өзекті мәселелерге барлық білім 
алушылардың назарын аударту. Оқытушы дәрісте көрнекіліктер, Интернет 
көздеріндегі материалдарды пайдалана алады.
 
Практикалық сабақтарды жүргізудің негізгі формасы ретінде жоғары 
мектепте 
семинар 
қолданылады.
 
Семинар
 с
абақтары көбінесе оқылған дәріс 
тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, студенттердің 


99 
танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шыармашылық белсенділіктерін 
шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз 
көзқарастарын дәлелдеу, оқытушыларға студенттердің оқу материалын 
қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қаншалықты 
қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт - бағдар беріп 
отыруға мүмкіндік туғызады.
 

Семинар сабағына әзірлену кезінде студенттер тезистер, қысқаша 
хабарламалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдалану талап етіледі. 
Ұсынылып отырған мәселелерге қатысты, ондағы бар негізгі ойларды талдап 
тармақтауға жұмылдырылады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде 
семинар жоғары мектептегі оқу үрдісін ұйымдастырудың басты формасы 
екенін тәжірибе көрсетуде. Семинарды ұйымдастырып өткізу оқытушыдан 
үлкен дайындықты қажет етеді. 
Семинар сабақтары барысында студенттердің келесі іскерліктерінің дамуы 
маңызды саналады: 
- оқуда өзінің жеке мақсаттарын айқындау іскерлігі; 
- бар білімдері мен жаңа ақпараттарды қолдана отырып, оқу мен шынайы 
мәселелерді шешу іскерлігі; 
- әртүрлі ақпараттарды өздігінен жүйелеу іскерлігі; 
- өзінің және өзгенің көзқарасын сыни бағалау, ондағы пайдалы 
аспектілерді анықтау іскерлігі; 
- ақпараттағы деректер мен мәліметтерді маңыздылығына қарай жіктеу 
іскерлігі; 
- дискуссияда белгілі бір позицияны ұстану және талқылаудағы сұрақтар 
бойынша өз пікірін анық және нақты білдіру іскерлігі; 
- топта шиеленістерге жол бермей, ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс істеу 
іскерліктері және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет