Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін


Рефлексиялық тренингтердің мақсаты



Pdf көрінісі
бет59/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85
Байланысты:
дш

Рефлексиялық тренингтердің мақсаты:
дене шынықтыру пәні 
мұғалімдері мамандығы бойынша студенттердің өз әрекетін бағалау мен кәсіби 
өсуге ұмытылысын дамыту.
Міндеттері: 
- болашақ мамандықтарына қажетті кәсіби-маңызды қасиеттерін дамыту 
және өзін-өзі дамытуға, өзектілендіруге дайын болуға ықпал ету; 
- өзінің педагогикалық көзқарастары мен ұстанымдарын талдауға, тұлға 
және кәсіби маман ретінде өзінің жеке қасиеттерін ескеруге дайын болу 
мотивациясын қалыптастыру және олардың кәсіби іс-әрекеттің дамуына әсерін 
тигізетінін ұғыну, мамандыққа деген қатынасындағы маңызды өзгерістерді 
өндіру қабілеттерін қалыптастыру; 
- өзін-өзі тану мен дамытуда белсенді позициясын ұстануға бағдарлау және 
рефлексиялық ойлауын дамыту. 
Рефлексиялық тренингті құрастыру барысында
ізгіліктік, дамытушылық, 
субъектілік ұстанымдар басшылыққа алынды, тренингтік сабақтарды өткізу 
ережелері сақталынды.


103 
Бұл рефлексиялық тренинг құрылымында бірнеше тақырыптар 
қамтылған: 
1.
«Өзінің Менін ұғыну». 
2.«Командалық даму». 
3.«Рефлексивтілік» туралы пікірді қалыптастыру. 
4.
«Тұлғалық өсу». 
5.
«Кәсіби өсу». 
Әр тақырып бойынша студенттер өз болашақ мамандығына қажетті белгілі 
бір кәсіби-маңызды қасиеттермен танысып, олардың маңыздылығын ұғыну. 
Рефлексиялық тренинг бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің 
мақсаты 
– студенттің белгілі бір кәсіби маңызды қасиетін дамыту. 
Бірінші бөлім «Өзінің Менін ұғыну». 
Осы бөлімнің жаттығулары студентке 
өзінің әлсіз және мықты қасиеттерін ұғынуға көмектеседі, оларды біртұтас 
қарастыруға мүмкіндік береді, өз мінез-құлығының түрткілерін анықтауға
оларды түсінуге ықпал етеді.
Екінші бөлім «Командалық даму».
Осы бөлімнің жаттығулары топта 
бірлесе жұмыс жасауға, өзгенің пікірін қабылдауға және оны тыңдай білуге 
үйретеді, сонымен бірге ынтымақтастықта жұмыс істеу стилімен танысады.
Үшінші бөлімде «рефлексия» «рефлексиялық мәдениеттің» 
көрініс 
беруіне теріс ықпал ететін кедергілерді ұғынуға ықпал етеді. Тренингтегі 
жаттығулар тұлғаның қасиеті ретінде қарастырылатын рефлексивтіліктің
белгілі бір жақтарын жетілдіруге бағытталған: интуиция, ойлау жылдамдығы, 
бақылағыштық және т.б.
Төртінші бөлім «Тұлғалық өсу». 
Бұл бөлімнің жаттығулары жаңа 
тәжірибені сезіну, өз құндылықтарын ұғыну, байқағыштық қасиетін дамытуға 
бағытталған, таным іс-әрекетіне жалпы қабілеттілігін дамытуға, кез-келген іс-
әрекетте тұлғаның жетістігін қамтамасыз етуге көмектеседі. 
 
Бесінші бөлім «Кәсіби өсу». 
Жаттығулар кәсіби сана сезімді дамыту, 
біліктерін ұғыну, кәсіби қабілеттеріне сенімділігін арттыруға бағытталған. 
Кәсіби міндеттерді саналы түрде ұғыну арқылы тұлғалық жауапкершілік 
саласын ұғынады, өз жауапкершілігіне сәйкес әрекет ету тетіктерін игереді., 
сонымен қатар болашақ мамандығы бойынша кәсіби нормаларды орындаудың 
маңыздылығын түсінеді. 
Тренингтік сабақтарда кәсіби-маңызды қасиеттерді дамыту бойынша 
жаттығулармен таныстыру ұсынылды, тұлғалық және кәсіби өсу мотивациясын 
дамыту жүзеге асырылды, сонымен бірге тұлғаның қасиеті ретіндегі 
креативтіліктің кейбір жақтарын дамытуға арналған тапсырмалар кіріктірілді.
Жұмысымыздың 3.3. параграфында осы бағытта жүргізілген рефлексиялық 
тренингтің барысы баяндалатын болады.
Рефлексивті 
тәсілді 
жүзеге 
асырудың 
бір 
әдісі 
ретінде 
біз 
субъективтіліктің дамуына және студенттердіңбелсенділігін арттыру және 
кәсіби даярлаудағы педагогикалық іс-әрекетке студенттердің құндылық 
қатынасын 
қалыптастыруға 
ықпал 
ететін 
рефлексивті 
семинарды 
қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет