Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Трансгенді өсімдіктерден дəрмектік өнімдер дайындау



Pdf көрінісі
бет70/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

6. Трансгенді өсімдіктерден дəрмектік өнімдер дайындау
Трансгенді өсімдіктердің құрамында бөгде ағзаның гені болады. Мұндай
өсімдіктердің құрамына адам гені ендріліп, олар адамдардың ақуызын синтездеуі
мүмкін. Орындалмайтын ғажап дүние болып көрінгенмен, астық жəне бұршақ
тұқымдас, немесе əртүрлі дəн түйнекті өсімдіктерді осындай жолмен
модификациялап, адамдарды емдеу үшін қажетті адам ақуыздарын синтездеуге
мəжбүр етуге болады. Мұндай жолмен алынған дəрмектер өте арзан болуымен
қатар, əртүрлі вирустар жəне пирондармен ластану мүмкіндігі болмауы себепті,
оларды қолдану қауіпті емес. Сонымен бірге оларды сақтау да оңай. Бірақ та бұлар
да кемшіліктен ада емес. Басты кемшілігі ретінде, олардың ағзасында дəрмектің өте
баяу жиналуын айтамыз. Сонымен бірге олар қоршаған ортаға да қауіп төндіруі
мүмкін. Қазіргі кезде биофермер кəсібі заман талабынан туындаған мамандық деп
есептеуге болады.
Осындай жолмен алынған дəрмектердің кейбіреулері қазір сатыла бастаса
, E.
Coli
синтездейтін асқазан липазасы вакцинасы мен респираторлы- синцитиальды
вирусқа қарсы моноклональды антиденелер сияқтылары жасалыну үстінде.
Биодəрмектер дайындау мақсатында пайдалануға болатын өсімдіктер қатарында
жоңышқа, жертүйнек, мақсары, соя, қант қамысы (тростник) мен қызанақтар
(томаттар) аталады. Crop Tech компаниясы осындай мақсатта дəрмектерді темекі
жапырақтарында синтездеудің əдістерін қарастыруда. Компанияның мəлімдеуінше
аталған өсімдіктерді пайдалану ауткроссинг əсерінің тарқалу мүмкіндігін өте
төмендетуі себепті, қоршаған ортаға аса үлкен қауіп туғызбайды екен. Өйткені
темекі жапырақтары оның гүлдеу кезеңіне жеткізбей жинап алынады. Жəне бір
оңтайлы нəрсе, темекілер өзі туыстас жабайы түрлерімен қатар өсірілмейді.
Ауткроссинг
дегеніміз – генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктердегі
генетикалық өзгеріске (модификацияға) ұшыраған гендердің жақын маңда өсіп
тұрған жабайы туыстастарына немесе басқа да ауылшаруашылық дақылдарына
кездейсоқ таралуы. Осындай жолмен таралған ауткроссинг, жабайы өсімдіктерде
медициналық биодəрмектерінің синтезделуіне алып келуі мүмкін деген болжамдар
жасалады. Сондықтан мұндай құбылыстың төл табиғатымызға, жалпы қоршаған


121
ортаға тигізер əсері қандай болатыны əлі белгісіз. Бірақ та дəрілік заттар ретінде
олардың сұранысқа ие болатыны сөзсіз.
Биофармацевтік мақсатта жасалған геном, азықтық маңызы бар өсімдіктерге
де еніп кетуі мүмкін. Мұндағы ең қауіп туғызатыны – азықтық дəндерден алынатын
өнім түрлері. Бірақ та дəнді дақылдар басқа жағынан алғанда, атап айтқанда
коммерциялық мақсатта, ең тиімдісі болып есептеледі. Олар өз құрамында көп
мөлшерде ақуыздар мен майларды жинай алады жəне де бұларға терім жұмыстарын
жүргізу де (жинап алу) қиындық тудырмайды. Ең дұрысы, биодəрмектер шығаратын
продуцент өсімдіктері азық ретінде қолданылмайтын, егілген жерге жақын маңда
жабайы түріндегі туыстас өсімдіктері жоқ жəне желмен немесе хайуандармен
тасымалданған жағдайда, өздігінен өсіп-дами алмайтын болғаны жақсы еді.
Осы мақсатта жүгері өсімдігі кең қолданысқа ие болуда. Biolex Therapeytics
компанияларының біреуі жүгеріде адамның моноклональді антиденелерінің
синтезделуін қамтамасыз етіп, енді респираторлы-синцитальді вирусқа, ревматоидті
артрит пен лимфомаға қарсы моноклональді антидене биодəрмектерін алу
бағытында ізденіс жұмыстарын жүргізуде. Prodi Gene компаниясы АҚШ
ауылшаруашылық Департаментінен өсімдіктерде рекомбинантты ақуыздарды
жаппай шығаруға бірінші болып рұқсат алды. Бұл компания биомедициналық
зерттеулерге қажет трипсинді синтездеу мақсатында жүгері өсімдігін кеңінен
қолданады. Бірақ та, жүгері айқас тозаңданатын өсімдіктер қатарына жатуы себепті,
трансгендердің жабайы өсімдіктер популяцияларына өтіп кету қауіпі өте жоғары
келеді.
Клиникалық сынақтан өткізіліп жатқан басқа да дəрмектер қатарында
жүгеріден синтезделіп алынатын, жеуге жарамды жəне көбіне саяхатшылар
шалдығатын бактериалды токсинге қарсы тұратын вакциналар кездеседі. Мұндай
вакциналар дамушы елдердің тұрғындарының қасіреттерін жеңілдетуге көп септігін
тигізетіні анық.
Тропикалық жəне субтропикалық климатты елдер үшін вакцина шығару
мақсатында қолданылатын өсімдік ретінде бананның маңызы зор болуы мүмкін.
Мысалы, қазіргі кезде өздерінің құрамында холера, В -гепатиті мен диарея
вирустарының инактивтелген түрі бар трансгенді банандар шығарылып, сынақтан
өткізілуде. Осындай, құрамында инактивтелген вирустары бар банандарды жеген
адамдар, жоғарыда аты аталған ауруларға қарсы егілген болып шығады.
АҚШ ауылшаруашылық Департаменті (USDA), АҚШ жануарлар мен
өсімдіктер саулығын тексеру инспекциясы Қызметі (APHIS), АҚШ дəрмектер мен
дəрілер сапасын қадағалау Басқармасы (FDA) жəне қоршаған ортаны қорғау
Басқармалары (EPA) ГМ-өсімдіктерін шығару жұмыстарын мұқият қадағалап
отырады. 2003 жылдың тамыз айында жануарлар мен өсімдіктер саулығын тексеру
инспекциясы Қызметі (APHIS) дəрілік немесе өндірістік өнімдер өндіруде
шығаратын ГМ өсімдіктеріне далалық сынақ жұмыстарын жүргізу талаптарын
күшейту туралы шешімге келеді. Бұл шешімнің негізгі мақсаты, азықтық жəне
малазықтық маңызы бар дақылдардың биодəрмектермен ластануына жол бермеу
жəне қоршаған ортаға тигізер залал мөлшерін барынша азайту.


122


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет