Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортағасырлың философия



Pdf көрінісі
бет102/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

116
III тарау. Ортағасырлың философия
өмірін айтып жатқандай, ол ескі Иран сенімі, онда әр адам мен заттың сыңары 
бар делінеді. Материалды өлшем, сонымен қатар Құранда мазмұндалған рәміз- 
дер мэнін түсінгенде ғана оның мэні айшықгала түседі. Сонымен қатар осындай 
белгілерді исмайлитті насихаггаушылардан да көруге болады, оларда қазір бо- 
лып жатқан заттар - о дүниедегі больш жатқан затардың көрінісі, яғни ибн Сина 
философиясына жақын болды («аш-шейх эл-акбар», үмбеттер «періштелермен» 
бірге деп айтқаньш білеміз). Ағылшын тарихшысы Армстронгтың жазуы бойын- 
ша, ас-Сухраверди философиясы бүкіл біздің ойымызға, арманымызға, «’алям 
эл-мисал»-ға сай келеді. Әлем өзінің Құдай әлеміне түнгі ұшуында өтер табалды- 
рықта болады, ол тек ойлау қабілеті шеңберімен ғана емес, сонымен қоса фило- 
софтар ойы бойьшша өнер қиялымен, тылсыммен өтеді екен.
Орталық тұрақ ас-Сухраверди бойынша, «шырақтарды» белгілеу болып 
табылады. Ас-Сухраверди пікірінше, айғақ дәлелдер ішінде шын болып, жарық 
табылады; осыдан асқақ айғақ жоқ, себебі ол көрініп тұр, ол біреудің анықгауын 
керек етпейді. Басқа затқа тәуелді емес немесе оны тірі жан ретінде алсақ, оны 
«бай» деп атайды, ал егер керісінше, онда жан бар, бірақ басқа заттарға тәуелді 
болса, ол «жарлы» деп аталады. Бүкіл зат ретінде екі категориямен анықталады: 
ол жарық жэне жарқырау немесе жарқырамау немесе түнек.
1. Зат өзі жарықтанған немесе өзі жарықта құралған болуы мүмкін, әйтпе- 
се басқа жарықпен жалғанған зат («ан-нур эл-‘ариз») немесе ол жарыққа мүлде 
тәуелді емес абстрактілі таза жарықтың өзі деуге болады.
2. Зат жарық болып табылмайды, зат болып табылады, ол зат ешқандай затқа 
тәуелденбеген (зат өзіне-өзі) басқа дене үшін форма болып табылады.
Ас-Сухравердидің ойы бойынша, ол өзін тани алады немесе өзінің кім екенін 
танымай кетеді. Егер ол өзін танып өз-өзімен өмір сүрсе, материалды емес жарық 
болып табылады. Бұл - Жаратушы, періште жэне адам жаны. Егер адам өзін-өзі 
танымай қоршаған ортадағы белгілі бір заттарға тәуелді болса, оларды акцидентті 
жарық адамдар деп атайды. Егер бір нәрсе өзін білдірсе және оның жаны болмаса, 
ол қараңғылық деп аталады, ол табиғи денені өзіне иемденеді. Егер заттың түрі- 
түсі белгілі болмаса, бірақ заттарды білдірсе, оны форма деп атайды, ол гүл иісі, 
түстер, тағы басқалар. Сонымен, эртүрлі жарықтар бар, олар басқа заттарда өмір 
сүреді. Қараңғылық жарықтың мүлде жоқ екенін білдірсе, ол болмыстың жоғын 
білдіреді.
Абстрактілі жарық эртүрлі болуы мүмкін, бірақ ол өзінің абстрактілі жары- 
ғынан құралмайды, ол сыртқы акцидентті жарықтан алады, сөйтіп, басқа денелер- 
ді иемденеді жэне осьшай өзін толықтырады. Егер осы жарық жьшдамдығын екі 
бөлікке бөлсек, олардың ешқайсысы өздігінен жарық бола алмайды, олар тек дене 
немесе форма болады. Осы екі бөлікті біріктірсе де жарық болмайды. Бірақ екі 
бөліктің бірі жарық, ал екіншісі болмаса, жарық болған бөлігі жарық болмайды. 
Сонымен, таза жарық ешқашан өзгеріске ұшырамайды.
Жарық пен қараңғыны бөліп қарастыру - зороастристердің қателігі, «бі- 
реуден ештеңе шықпайды, біреуден тек біреу болады» деген сөзге қарап қателес- 
ті, екі зат бар, бірақ сонымен қоса бір-біріне тең деп ойлады, яғни болмыс көзі -
жарық пен түнек. Егер шынымен де болмыстың көзі жарық деп ойласақ, қараңғы- 
лықты ешкім жоққа шығара алмайды, ол «ештеңе» жэне «бос қуыс» болмысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет