Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау


-кесте.Мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлер құрамының мектептегі



Pdf көрінісі
бет77/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

4.9-кесте.Мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлер құрамының мектептегі 
зорлық-зомбылықтың құрбаны болған және зорлық-зомбылық жасаған балаларға жауап 
қайтаруы 
Толық іріктеме
N = 917
n
%
Мектептегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды елеуі
Мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны болған балалармен олардың 
мектептегі қиындықтары туралы талқылауға тырысқан 
601
65,4%
Зардап шеккен баланың одан арғы бақылауын немесе мониторингін жүргізген
418
45,5%
Мектептегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды әлеуметтік педа-
гогке немесе мектеп психологына жіберген
687
74,8%
Мектепте зорлық-зомбылық жасаған балаларды елеуі
Мектепте зорлық-зомбылық жасаған баламен оның мектептегі не үйіндегі 
бетпе-бет келетін қиындықтарынталқылауға тырысқан
666
72,5%
Мектепте зорлық жасаған балаларды араласу немесе қолдау көрсету үшін 
басқа тиісті органдарға жіберген
344
37,4%


109
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Ешқашан
Кейде
Өте жиі
Ешқашан
Кейде
Өте жиі
50,4%
56,5%
33,3%
27,1%
16,1%
16,2%
4.5-сурет.
Мектепте зорлық жасайтын баланы жазалау
4.6-сурет. 
Мектептегі зорлық-зомбылық жағдайын 
тіркеу/есепке алу
Мектепте зорлық-зомбылық жасайтын балалар 
қаншалықты жиі жазаланады?
Мектептегі зорлық-зомбылық жағдайлары 
қаншалықты жиі ресми есепке алынады/тіркеледі?
4.9-кесте сонымен қатар мұғалімдер мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамының 
72,5%-ының мектепте зорлық-зомбылық 
жасаған баламен оның мектептегі не үйіндегі 
бетпе-бет келетін қиындықтары туралы 
талқылауға тырысқандығын көрсетеді. Алайда, 
тек 37,4%-ы мектепте зорлық-зомбылық 
әрекетіне баратын балаларды араласу үшін сыртқы 
тиісті органдарға немесе қолдау қызметтеріне 
жіберген. Таңғаларлығы, мұғалімдер мен 
мамандандырылған қызметкерлер зорлық-
зомбылық жасаған адамдармен салыстырғанда 
(37,4%) мектептегі зорлықтың құрбаны болған 
балаларды (74,8%) мектеп психологына немесе 
әлеуметтік педагогке жиірек бағыттаған. 
Бұдан арғы талдау көрсеткендей, ер жыны-
сты респонденттерге қарағанда (27,8%) әйел 
жынысты мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамы (38,9%) мектепте 
зорлық жасаған адамдарды жиірек сыртқары 
ұйымдардың араласуы үшін жіберген. 
Оқытушылар мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамының мектепте зорлық-
зомбылық жасаған баланы қаншалықты жиі 
жазалайтындығы туралы сұрау жүргізілді. 4.4-су-
рет оқытушылар мен мамандардың 50,4%-ы 
(2-ден 1-і) мектепте зорлық әрекетіне барған 
балалардың «ешқашан» жазаланбайтынын 
және 33,3%-ы (3-тен 1-і) оларды «кейде» 
жазалайтынын көрсетеді. Респонденттердің тек 
16,1%-ы мектепте зорлық-зомбылық жасай-
тын балалардың «өте жиі» жазаға ұшырайтынын 
мәлімдеген. Мектептегі зорлық-зомбылықтың 
еленбейтіні және күш қолданушының жеткілікті 
жазаланбауы мектептегі балалар арасындағы 
зорлық-зомбылық жағдайының көбеюіне және 
өсуіне әкеледі.
Мектептегі зорлық-зомбылық 
жағдайларын тіркеу
Мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамына олардың мектептерінде 
балалар арасындағы зорлық-зомбылық 
жағдайының қаншалықты жиі ресми 
тіркелетіндігі немесе ескерілетіндігі туралы сұрақ 
қойылды. Қанша таңғалдырса да, 4.6-сурет 
респонденттердің көпшілігінің (56,5%, 2-ден 
1-і) мектептегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылық жағдайының «ешқашан» ресми 
тіркелмейді не ескерілмейді деп есептейтіндігін 
көрсетеді. Респонденттердің тек 27%-ы мектептегі 
балалар арасындағы зорлық-зомбылық 
жағдайларының «кейде» ескерілетіндігін не 
тіркелетіндігін және 16,2 %-ы «өте жиі» ресми 
түрде тіркелетіндігін көрсеткен.


110
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектептегі зорлық-зомбылық 
саласындағы мектеп саясаты 
Мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамына мектепте кездесетін 
зорлық-зомбылық жағдайлары туралы бян-
дауды міндеттейтін саясатты қоса алғанда 
мектептегі зорлық-зомбылық саласында мектеп 
саясаты болу/болмауы туралы сұрақ қойылды. 
4.10-кесте көрсеткендей, мұғалімдер мен 
мамандандырылған қызметкерлердің 63,5%-
ы өздерінде мектептегі балалар арасындағы 
зорлық-зомбылық мәселесін жеткілікті 
деңгейде қарастыратын саясаттың бар екендігін 
мәлімдеген; алайда респонденттердің 19,0%-ы 
мектептегі зорлық-зомбылық мәселесін қамтитын 
мектеп саясаты бар-жоқ екендігінен бейхабар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет