Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет73/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

4.2-сурет
Мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамы куәгер болған балалар 
арасындағы зорлық-зомбылық пен кемсітушілік 
түрінің саны 
0
1
2
3
4
5
6
2,7%
2,7%
8,4%
17,3%
23,3%
21,8%
25,7% 
(2-ден 1-і) физикалық зорлық-зомбылықтың, 
32,1%-ы - балалар арасындағы кемсітушіліктің, 
9,5%-ы балалар арасындағы сексуалды 
сипаттағы жәбірлеудің, 7,8%-ы кибербуллингтің 
және 7,1%-ы балалардың басқа балалардан 
ақша бопсалаудың куәгерлері болған.
Мектептегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылық пен кемсітушілікті бақылау тұрғысынан 
алғанда, мұғалімдер мен мамандар арасын-
да айтарлықтай айырмашылықтар байқалды, 
алайда мамандандырылған қызметкерлер 
құрамымен салыстырғанда (43,2%) мектеп 
мұғалімдері (54,5%) жиірек мектептегі балалар 
арасындағы дене зорлығының куәгерлері болған. 
Сондай-ақ мамандармен салыстырғанда (2,6%) 
мектеп мұғалімдері (7,9%) балалардың басқа 
балалардан ақша бопсалауының жиі куәгерлері 
болған. Қала және ауыл мектептерінің арасында 
еш айырмашылық болмаған. 
Егер 4.5-кестедегі деректерді 3.12-кестедегі 
деректермен бірге қарайтын болсақ, балалар-
мен қатар оқытушылар мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамының елеулі үлесі мектептегі 
балалар арасындағы зорлық пен кемсітушіліктің 
куәгерлері болғандығы байқалады. Бұған 
қоса, оқытушылар мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамы тұтастай алғанда 


105
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Сексуалды сипаттағы сөздер мен жәбірлеу 
тұрғысынан алғанда, 4.5-кесте оқытушылар мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамының 
7,7%-ының балалардың басқа балаларға 
қатысты сексуалды сипаттағы мінеп-сынау/
қалжың айтқандығын және 2,6%-ы басқа 
балалалардың баланың сексуалды қызығушылық 
туғызатын дене бөліктеріне қол тигізуін/ұстауын 
байқағандығын көрсетеді. Ақырында, 4.6-ке-
сте өткен жылы оқытушылар мен мамандардың 
21,8%-ның баланың киіміне немесе тұрғылықты 
жеріне байланысты басқа балалар тарапынан на-
шар қарым-қатынасқа/келемежге ұшырауының 
куәгерлері болғанын көрсетеді. Мұғалімдер 
мен мамандандырылған қызмектерлер құрамы 
баланың шектеулі мүмкіндігіне (12,4%), ұлты 
не терісінің түсіне (10,0%), шетелдік тегіне 
(3,5%) және дініне (діни сеніміне) байланысты 
басқа балалардың нашар қарым-қатынасын/
келемежін байқаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет