104
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің, жеке
алғанда психологиялық және физикалық зорлық-
зомбылық пен сексуалды сипаттағы сөздердің
куәгерлері болған.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамы көбінесе мектептегі бала-
лар арасында бірден артық зорлық-зомбылық
пен кемсітушілік куәгерлері болады. 4.2-сурет
көрсеткендей, сұрау жүргізілген 917 оқытушы
мен мамандардың арасында 74,1%-ы 4.5-ке-
стеде көрсетілген зорлық-зомбылық пен
кемсітушіліктің алтаудан көп түрінің куәгерлері
болған; тек 25,7%-ы ешқандай зорлық-
зомбылық пен кемсітушіліктің куәгерлері
болмаған. Бұған қоса, 4.3-сурет көрсеткендей,
оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлердің айтарлықтай үлесі мектептегі
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің бір түрінің
куәгерлері болған. Ішінара, 21,8%-ы 4.5-кестеде
көрсетілген зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің
бір түрінің куәгерлері болса, 23,3%-ы зорлық-
зомбылық пен кемсітушіліктің екі әр түрінің,
17,3%-ы үш түрінің, 8,4%-ы төрт түрінің, 2,7%-
ы бес түрінің және 2,7%-ы зорлық-зомбылық пен
кемсітушіліктің алты түрінің куәгерлері болған.
4.6-кестеден мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамы куәгер болған, 4.5-ке-
стеде көрсетілген балалар арасындағы зорлық-
зомбылық пен кемсітушіліктің әр алауан
түрлері туралы нақтырақ ақпарат алуға бо-
лады (Қосымшаның 12-кестесін қараңыз).
Психологиялық зорлық-зомбылық тұрғысынан
алғанда, оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлердің 56,4%-ы өткен жылы балалар-
ды басқа балалардың қорлауының немесе мазақ
етуінің, 22,6%-ы балалардың басқа балалар
тарапынан қоқан-лоққыға ұшырауының және
18,1%-ы басқа баладан затын тартып алу немесе
бүлдіруінің куәгерлері болған.
Физикалық зорлық-зомбылық тұрғысынан
алғанда, оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының 44,9%-ы баланы
басқа балалардың итеруінің, аяғынан шалуының,
тиіп кетуінің немесе тебуінің, 28,1%-ы баланы
басқа баланың соққыға жығуының және 1,8%-
ы баланың зат немесе қару қолдану арқылы
шабуылға ұшырауының куәгерлері болған. Бұған
қоса оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының 21,3%-ы (5-тен 1-і)
өткен жылы мектепте балаға басқа балалардың
дене жарақатын салуының куәгері болған.
Достарыңызбен бөлісу: