103
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
қатал екендігін (3,8%), мектеп мұғалімдерінің
жетіспеушілігін (3,7%) және мектептегі нашар
жағдайларды көрсеткен.
Мектепте кездесетін қиындықтарды қабылдауға
қатысты мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамы арасында айтарлықтай
айырмашылық байқалмады.
4.3-кестеде оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамына олардың мектептегі
жұмыс тәжірибесі туралы қойылған кейбір
қосымша сұрақтар берілген. Респонденттердің
24,7%-ы (4-тен 1-і) мектеп жағдайын
жақсарту үшін балалардан немесе олардың
ата-аналарынан қосымша қаражат жинауға
мәжбүр болғандығын хабарлаған, мысалы,
сынып бөлмелерін жөндеу ақысына немесе
материалдарға. Бұған қоса, оқытушылардың
24,8%-ы (4-тен 1-і) мектептің жалпы көрсеткішін
жақсарту үшін «кейде» оқушыларға жоғары баға
қоюға мәжбүр екендіктерін мәлімдеген және
2,1% мұғалімдер мұны «өте жиі» істеуге мәжбүр
екендіктерін хабарлаған. Ақырында, оқытушылар
мен мамандандырылған қызметкерлер құрамына
мектеп ережесінің оқушыларға әділетті түрде
қолданылатындығы туралы сұрақ қойылды.
Респонденттердің басым көпшілігі (79,2%) оң
жауап берсе де, кейбір респонденттер (8,9%)
теріс жауап берген.
Оқытушыларға сонымен қатар балалардың
мектепте алатын тәжірибесіне пікірлері туралы
бірқатар сұрақ қойылды. 4,4-кесте көрсеткендей,
оқытушылар мен мамандандырыған
қызметкерлер құрамының басым көпшілігі
балараға мектеп те ұнайды деп және мектеп
білім алудың жақсы орны деп есептегенімен,
оқытушылар мен мамандандырыған
қызметкерлер құрамының 4%-ы бұл пікірмен
келіспеген. Бұған қоса, оқытушылар мен
мамандандырыған қызметкерлер құрамының
көпшілігі балалар мұқтаж болған кезде олардың
мектептерінде қосымша көмектің қолжетімді
екендігін хабарлаған. Таңғаларлығы, мұғалімдер
мен мамандандырыған қызметкерлер құрамының
15,1%-ы мектепте балалардың мұғалімдер та-
рапынан қолайлы қарым-қатынасқа ие бол-
майтынын мәлімдеп, 17,9%-ы өз мектерінда
балалардың басқа оқушылардың тарапынан
мейірбанды қатынасты сезбейтіндігі туралы
жорамалдайды.
Мектептегі балалардың арасында
зорлық-зомбылық пен кемсітушілік
жағдайларының куәгері болған
мұғалімдер
Осы зерттеуде мектеп оқушыларының зорлық
пен кемсітушілікке ұшырауына негізгі на-
зар аударылғандықтан, оқытушылар мен
мамандандырылған қызметкерлер құрамын өткен
жылы өз мектептерінде балалардың арасындағы
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің түрлі
үлгілерінің куәгерлері болғандығы туралы
белгілеуді өтіндік. 4,5-кесте көрсеткендей, сұрау
жүргізілген 917 оқытушы мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының арасында 74,1%-ы
(4-тен 3-і) өткен жылдың ішінде өз мектептерінде
балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен
кемсітушіліктің куәгерлері болған. Зорлық-
зомбылықтың нақты формасы тұрғысынан
алғанда, 62,5%-ы балалар арасындағы
психологиялық зорлық-зомбылықтың, 52,4%-ы
Достарыңызбен бөлісу: