Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет68/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

4-ТАРАУ
МҰҒАЛІМДЕР МЕН 
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 
МЕКТЕПТЕГІ ЗОРЛЫҚ-
ЗОМБЫЛЫҚПЕН БАЙЛА-
НЫСТЫ ТӘЖІРИБЕСІ


99
Б
ұл тарауда мемлекеттік мектеп оқытушылары мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамы өз 
беттерінше толтырған сұрау парақтарынан алынған 
мәліметтер мен қорытындылар ұсынылған. Тарауда 
сондай-ақ сауалнамаға қатысқан оқытушылар мен 
мамандандырылған қызметкерлер туралы демографиялық 
ақпарат берілген. Ол сонымен қатар балалар арасында 
болатын зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің және 
осындай зорлық-зомбылыққа балалардың әрекетінің 
түрлі пішінінің ауқымын қоса алғандағы мұғалімдер мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамының балалар мен 
мектеп ортасын қабылдауы туралы деректерді қамтиды.
Тарауда сонымен бірге мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамы пайдаланатын тәртіпті қолдау әдістері 
және олардың мектепте тәптіпті қолдау мен балаларды 
бақылау үшін дене жарақатын қолдауы туралы ақпарат 
мазмұндалған. Ақырында, тарау мұғалімдердің мектептегі 
зорлық-зомбылықпен күрес саясаты саласындағы 
хабардарлығы туралы және балаларға қатысты зорлық-
зомбылық пен мектептегі зорлық-зомбылық бойынша 
өтілген тренингтер/оқулар туралы қорытындылардан 
тұрады.
Осы тараудың мақсаты мектептің қызметкерлер құрамы 
мен саясатын анықтайтын тұлғалар мектептегі зорлық-
зомбылықты анықтау мен түсінуді жақсарту үшін және 
мектептегі зорлық-зомбылықты азайту бойынша бастамалар 
әзірлеу мен мектепті балалар үшін барынша қауіпсіз 
ететін бағдарламалар үшін пайдалана алатын деректер 
мен алынған нәтижелерді ұсыну болып табылады. Осы 
тарауда сипатталған деректер мен қорытындылар сондай-
ақ мектептің қызметкерлер құрамы үшін тренингтерді 
ақпараттық қамсыздандыруда көмектеседі, ол өз кезегінде 
мектептегі зорлық-зомбылықпен байланысты жағдаяттарды 
ерте анықтау мен араласуға септеспек.


100
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мұғалімдер мен 
мамандандырылған қызметкерлер 
құрамының демографиялық 
деректері
Сауалнама жүргізу, жалпы алғанда, Қазақстанның 
4 өңіріндегі 40 мектептегі (балалардан сұхбат алу 
мен сауалнама жүргізілген мектептердегі) 917 
мұғалім мен мамандандырылған қызметкерлер 
құрамын қамтыды. 4.1-кесте 917 мұғалім мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамын 
қамтитын толық іріктеменің демографиялық 
деректерін ашады. Өңірлер бойынша, мұғалім мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамының 
көп бөлігіне 2,3 және 4-өңірлерде сауалнама 
жүргізілді, себебі осы өңірлердің әрқайсысында 
1-өңірмен салыстырғанда мектеп көбірек бол-
ды (2.1-кестені қараңыз). Іріктемеге ауылдық 
мектептер көбірек қамтылғандықтан, тиісінше 
сауалдамаға қалалық мектеппен салыстырғанда 
(46,4%) ауыл мектептерінің оқытушылары мен 
мамандары көбірек қатысты (53,4%).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет