106
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мұғалімдер мен
мамандандырылған
қызметкерлердің
мектептегі
зорлық-зомбылыққа жауап
қайтаруы
Мұғалімдер
мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамы арасында мектептегі
зорлық-зомбылық және балалар арасындағы
кемсітушілікті қалай жауап қайтаратындығы ту-
ралы сұрау жүргізілді. 4.7-кесте көрсеткендей,
мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының 26,6%-ы (4-тен
1-і) «ешқашан» басқа баладан немесе бала-
лар тобынан соққы алған/келемежге ұшыраған
балаға көмектесуге тырыспаған. Мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлер
құрамының тек 20,0%-ы (5-тен 1-і) балалар
арасындағы зорлық-зомбылық пен кемсітушілік
жағдайларын «жиі»
жауап қайтаратынын
мәлімдеген. Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының көпшілігі (52,9%,
2-ден 1-і) басқа балалар ұратын/келемеждейтін
балаға «кейде» тіпті көмектесуге тырысатындығын
көрсеткен. Бұдан арғы талдау көрсеткендей,
мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамы арасында олардың
мектептегі зорлық пен кемсітушілікті қаншалықты
жиі жауап қайтаратындығында
айтарлықтай
айырмашылық болмаған.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызмектерлер құрамын балаға басқа бала
ауырлық келтіргенін/келемеждегенін соңғы
рет көргенде қалай әрекет еткендігін еске
түсіру сұратылды. 4.7-кесте көрсеткендей,
респонденттердің 44,6%-ы соққыға жығылған/
келемежге ұшырағана балаға көмектесуге
тырысқанын және 25,9%-ы тәртіптік шара
қолданғанын/баланы (балаларды) жазалағанын
мәлімдеді.
Бұған қоса, мұғалімдер мен
мамандардың 23,7%-ы ауырлық келтірілген/
мазақтаған баламен сөйлескенін және 35,9%-
ы құрбандыққа ұшыраған балаға шешім та-
буда, осы қиындықты қалай жеңу керектігіне
көмектескендігін хабарлайды. Көп болмаса да,
кейбір мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер
құрамының зорлық пен
кемсітушілік жағдайына қатысты қалжыңдағаны
(1,7%), араласпай өтіп кеткені (1,6%) неме-
се араласпай, болған оқиғаны бақылап тұрғаны
(0,7%) алаңдатушылық туғызады.
Бұдан арғы талдау мектептегі балалар
арасындағы соңғы жағдайға жауап қайтаруына
Достарыңызбен бөлісу: