127
Қорытынды
1226000
–
«
Тамақтандыру кәсіпорындарының
өнімдерін өндіру
технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығына арналған
«Тамақтандыру кәсіпорындарының табысты экономикалық дамуы үшін
бизнес
-
жоспарды құру» кәсіби модулі бойынша оқу құралы студенттердің өз
бизнес
-
жоспарын әзірлеуі және бизнесті ашуы үшін негіз ретінде әзірленген.
Басқару құзыреттілігін дамыту тамақтану
кәсіпорнының әрбір бастауыш
маманына қажет.
Оқу құралының міндеті тек қазіргі концепцияларды,
функцияларды,
әдістерді
және бизнес жоспарлау модельдерін баяндау ғана емес,
сонымен
қатар
студенттерді тәжірибелік
-
бағытталған
тапсырмалар құралдары
бойынша практикалық дағдыларға үйрету. Экономикадағы заманауи
инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер
студенттерге проблемаларды
шешу үшін жағдайды және ақпаратты талдауға, бағалауға, жаңа жағдайларда
бар тәжірибені креативті пайдалануға, нарықта белсенді болуға мүмкіндік
беретін дағдыларды меңгерудің қажеттілігін негіздейді.
Әрбір
тақырыптың соңында ұсынылған кешенді тапсырмалар игерілген
кәсіби құзыреттілікті игеру мен объективті бағалаудың
негізгі индикаторы
болып табылады. Теориялық бөлім тамақтану кәсіпорнының экономикалық
қызметін
жүргізудің ұғымдық аппаратын қалыптастыруға көмектеседі, ал кең
тәжірибелік бөлім студенттерге алған білімдерін
бизнес жоспарлауда
қолдануға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: