II бөлім. Дидактика
75
бастысы арнайы қатынасты ашу қажет. Жалпы оқыту әрекетінде пайда
болатын қатынас әр алуан:
мүғалім-оқушы, оқушы-оқу материалы, оқушы-
басқа оқушылар.
ІТедагогикалық әдебиетте дидактика үшін қайсысы ең
басты болып саналатыны туралы әртүрлі пікірлер кездестіруге болады. Ец
басты қатынас - оқушының оқу материалына қатынасы, яғни танымдық
қатынас деген көзқарастар көп таралған.
Шынымен де, оқу танымы - оқыту үрдісінің маңызды сипатгамасының бір
бөлігі. Егер оқытуды психологиялық түрғыдан қарастырсақ, яғни негізінен
оқушының материалды қалай меңгеріп, игеруіне коңіл бөлсек, ол басты монді
қатынас болып саналады. Бірақ оқытуды, педагогтарша, әлеуметтік тәжірибені
беретін мақсатты әрекет жағынан қарастырсақ, онда бүл қызметке басты және
ерекшелік ретінде: екі әрекет арасындағы қатынас - оқу және оқыту боп
бөлінеді. Оқыту - оқытатын адамның қызметі, ал оқу - оқитын адамның
қызметі.
Таным оқудан гыс та іске асуы мүмкін, ал өзара байланысқан оқыту мен
оқу әрекеті тек оқьггу үрдісінде ғана болады. Олар бірігіп бүкіл дидактикалық
қатынас жүйесін, әсіресе танымдық жүйені анықтап, үйымдастырады.
Осылайша дидактика пәні сипатталады. Оқыту қүбылысын зерттеу кезінде,
расында үш объект арасындағы, мүталім, оқушы және оқу материалы
арасындағы тәуелділікті есептеу керек.
Дидактика пәнінің басқа бір сипаттамасы - оқытуды торбиемен біріктіре
қарастыру қажеттілігі. Оқытудың тәрбиелік қызметі тек оқушының білімді
игеруінен ғана түрмайды. Оның түлға боп қалыптасуына жағдай жасап, белгілі
бір адамгершілік сапасы мен мінез-қүлқын қалыптастыруы керек. Оқытудың
төрбиелік аспектісі білім мазмүнында карастырылады, оны дидактикалық
талдауда еске алу қажет.
Білім мазмүнының оқыту үрдісінде шынымен бар екеніне көңіл бөлуіміз
керек. Бүл үрдістің әр бөлшегінде білім мазмүнының бір болшегі болады.
Сабақтың әр минутында оқушылар білім мазмүны қүрайтын білімдер,
іскерліктер, дағдылар, қарым-қагынастар игереді.
Оқыту дидактиканың алдында екі қырынан - зерттеу объектісі мен
қүрастыру объектісі ретінде корінеді. Мүны ескере отырып - саналы түрде
дидактикалық зерттеуді оқыту практикасының дамуына бағытгау іске аспаса,
зерттеудің ойша пайымда ғана қалып, нәтижесіз боларына коңіл бөлуіміз
керек. Сол сияқты мектепке арналған теория, үсыныстардың дәйектемесі
жеткіліксіз болса маңызды жақсартулар әкелмейді.
Айтылгандарды қорыта кетсек, дидактика пәнінің келесі сипаттамасын
белгілеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: